Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.03.18 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі;
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі;
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі бекітілсін.
2. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953
бұйрығының
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3298 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 481 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі
1. Осы Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің тәртібін анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімдерін жүйелеп тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - олардың жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық
аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
3. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Білім алушылар аралық аттестаттау бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып білім алушылары ата-аналарының келісімі және медициналық-педагогикалық комиссияның (және өзге де заңды өкілдердің) ұсынымдары бойынша қалдырылған білім алушылардан басқалары қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
4. 2-8(9), 10(11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды "3", "4", "5" бағалары бар білім алушылар көшіріледі.
5. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) сатыларында мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) жүзеге асырылады.
6. 5-8(9), 10(11)-сыныптардағы ағымдағы бақылауды әрбір тақырып және тарау бойынша бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8(9), 10(11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8(9), 10(11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және мектеп бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады. "3", "4", "5" баға алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8(9), 10(11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі.
3. Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғарғы сатысында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау:
ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ);
пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
12. Жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғарғы сатысында білім алушылар республиканың кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер, жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білімі туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, қорытынды мемлекеттік аттестаттауды міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырудан босатылады.
Халықаралық пәндік олимпиадаларға (жарыстарға, конкурстарға) 10-нан кем емес елдер командаларының қатысуымен өткізілетін олимпиадалар (жарыстар, конкурстар) жатқызылады. Халықаралық олимпиадалардың (жарыстар, конкурстар) тізбесі білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен бекітіледі (бұдан әрі - Министрлік).
ҰБТ-ға қатыспаған жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған білім алушылары, республикалық музыкалық мектептерде, жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің білім алушылары, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылары, республиканың кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына ағымдағы жылы оқуға түсуге ниет білдірмегендер қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.
13. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
14. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білімі туралы үздік аттестатын алуға үміткер білім алушылары пәндер бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттауды облыстық (қалалық) білім департаменттері (басқармасы) ұйымдастырған тәуелсіз комиссияға тапсырады.
15. 9(10), 11(12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Министрлік белгілейді.
16. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгерген 9(10) және 11(12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
17. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының білім алушыларының, жалпы негізгі білімі туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттарының 9-сынып оқушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен өз жұмысын 1 маусымда бастайтын Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - ҚМАРК) құрылады.
18. ҚМАРК-нің құрамында үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жөніндегі және ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растау үшін осы ереженің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысымен бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкес марапаттауға ұсынылған білім алушылардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия құрылады.
19. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің құжаттары Министрлікке ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
20. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11(12)-сыныптарының білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
5-11(12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
21. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9(10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.
22. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.
23. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9(10) және 11(12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды мемлекеттік аттестаттауға рұқсат етіледі;
үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9(10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11(12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы сатысының толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
24. 9(10) және 11(12)-сыныптарының білім алушыларын қайта қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында тиісті пәндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
25. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.
26. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің (басқармасының) бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) егер бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар, I және II топтағы мүгедектер болса;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатына кандидаттардың жазғы жиынына қатысуына байланысты.
27. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік емтихандардан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) қорытындысы;
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табелдері.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.
28. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезеңінде ауырып қалған
9(10)-сыныптың білім алушыларына өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармасы) дайындайды.
29. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.
30. 9(10)-сыныптың білім алушыларының қорытынды емтихандарының өткізілу мерзімін білім беру ұйымдары белгілейді.
31. Емтихан комиссиясы мүшелерінің арасында білім алушының жазбаша және ауызша жұмыстарының жауаптарының бағасына келіспеушілік болған жағдайда, мәселе хаттамаға комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері міндетті түрде жазылып, көпшілік дауыстар арқылы шешіледі.
32. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.
33. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде республикалық білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім департаменттері (басқармасы) жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.
34. 9(10), 11(12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды мемлекеттік аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.
35. Дамуының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.
4. Қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі
36. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
Кестеде:
әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша емтиханның, одан соң ауызшаның өткізілуі қарастырылады.
37. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9(10)-сыныпта диктантқа - 2(2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4(4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3(3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3(3,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
11(12)-сыныпта шығармаға - 6(6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4(4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2(2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4(4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) бөлінеді.
38. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11(12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9(10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден партаға немесе үстелге отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін оқушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
39. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.
40. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттардағы қателер саны жеке көрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазба жұмыстарына "2" (қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған жағдайда қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.
9(10) және 11(12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру сатысындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.
41. Жалпы негізгі білімі туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9(10)-сыныптың білім алушыларының, сондай-ақ жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын, оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.
"Алтын белгі" белгісіне үміткерлердің (республикалық білім беру ұйымдарындағы жалпы орта білімі туралы үздік және "Алтын белгі" аттестаттарынан үміткерлердің) жазбаша жұмыстары белгіленген тәртіппен ҚМАРК-ке ұсынылады.
42. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.
Шығармалардың тақырыптары, диктанттар мен мазмұндамалардың мәтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
43. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам оқушысы бар сынып екі топқа бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің барлық ауызша емтихандар хаттамалары ведомостарымен қоса ҚМАРК-ке ұсынылады.
44. Жауап дайындау үшін білім алушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 баллға төмендейді).
45. Әрбір пән бойынша ауызша және жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және жалпы орта білімі туралы үздік және "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан бағаларынан басқаларын емтихан хаттамасына енгізеді. Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.
46. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:
1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
47. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5" болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға "бес" қойылады.
48. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескеріліп қойылады.
49. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Жазбаша емтихан бағалары келесі емтиханға дейін хабарланады. Білім алушыларға өз жазба жұмыстарының тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының жазбаша өтініші негізінде осы білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасына жүктеледі.
50. Кезекті емтиханнан "2" алған 9(10) және 11(12)-сыныптарының білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
9(10)-сыныптағы қайтадан тапсыратын міндетті қорытынды емтихандарының мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің (басқармасының) келісімі бойынша осы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей аудандық (қалалық) білім бөлімдері белгілейді.
5. Материалдарды ҚМАРК-ке ұсыну тәртібі
51. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Министрлікке жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар туралы (тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нөмірі, облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі көрсетілген мәліметтер береді. Республикалық білім беру ұйымдары жалпы негізгі білімі туралы үздік куәлік және жалпы орта білімі туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін ұсынады.
52. ҚМАРК-ке жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша жұмыстарымен бірге үздік білімін дәлелдейтін құжаттары, 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мақтау қағаздары мен табельдері, жалпы негізгі білімі туралы үздік куәлік тапсырылады.
Құжаттарды тапсыру папкадағы жеке файлдарға салынған әрбір құжаттың атаулары көрсетілген тізімдеме бойынша жүзеге асырылады.
53. Құжаттарды Министрлікке сенім қағазы бойынша білім департаменттерінің (басқармасының) жауапты қызметкері тапсырады.
Міндетті құжаттар тізбесіне төмендегілер кіреді: жеке куәлігінің көшірмесі немесе 16 жасқа толмағандардың тууы туралы куәлігі, мектептің қолдау хаты және нысан бойынша тапсырылатын құжаттары бар (облыстың (қаланың) атауы, алфавит тәртібінде жазылған үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, (паспорт, жеке куәлігі немесе тууы туралы куәлік бойынша); білім беру ұйымының атауы (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өту (қайта өту) куәлігіне сәйкес келетін), табельдерінің мақтау қағаздарының саны (нөмірі көрсетілген және педагогикалық кеңес хаттамасынан көшірме, басшы қолымен, мөрмен куәландырылған, жалпы негізгі білімі туралы үздік куәлігі (нөмірі мен берілген уақыты).
Мақтау қағаздары мен табельдерде сөздерді өшіру, түзеу, қосып жазу, сызылған сөздер, толтырылмаған жолдар болмау керек.
54. 11-сыныптағы міндетті қорытынды емтихандарының жазбаша жұмыстары (түпнұсқасы мен жоба жазбасы) емтихан комиссиясының қорытындысымен және хаттамасымен ҚМАРК-ге ұсынылады. Жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлер туралы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі 11(12)-сыныптағы ауызша емтихандар мен қорытынды бағаның жиынтық ведомосымен бірге ҚМАРК-ге жіберіледі.
55. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталатындар туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚМАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.
56. "Алтын белгі" жалпы орта білімі туралы аттестатын алуға үміткер білім алушылардың кандидатураларын бекіту туралы ҚМАРК-нің шешімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
57. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін білім беру орнының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы
бақылаудан, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу
ережесіне 1-қосымша
ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ
Жалпы орта білім берудің негізгі, жоғарғы
сатысындағы емтихан және қорытынды бағалардың
ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы __________________________________ облысының
___________________қаласының (селосының) __________________________
ауданының ___________ N ______ мектебінің _________________________
____________ сынып ___________________ пәнінен_____________________
Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. _____________________________
___________________________________________________________________
Емтихан алушының Т.А.Ә. ___________________________________________
___________________________________________________________________
Ассистенттердің Т.А.Ә. ____________________________________________
___________________________________________________________________
Білім департаменті (басқармасы) жіберген емтиханға арналған
материалдары бар пакет___________сағ __________мин. ашылды.
Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар
(пакет ішіндегі материалдар хаттамаға қоса тігіледі)
Емтиханға ____________________________________ білім алушы қатысты.
___________________________________________________________________
(келмей қалған білім алушының тегі және аты)
___________________________________________________________________
Емтихан ____________ сағат _____________ минутта басталды.
Емтихан ____________ сағат _____________минутта аяқталды.
5-8 сынып білім алушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы
қолданады.
р/с |
Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты |
Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, алған билетінің нөмірі |
Емтихан бағасы (жазумен) |
Жылдық бағасы (жазумен) |
Қорытынды бағасы (жазумен) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Комиссия мүшелерінің жеке білім алушылардың жауаптарын бағалау
туралы ерекше пікірлері____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Емтихан өткізу күні _________________ ж. "_____"___________
Бағаларды хаттамаға жазу күні _______ ж. "_____" __________
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы
бақылаудан, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттаудан өткізу
ережесіне 2-қосымша
Жылдық, емтихан және қорытынды бағаларының
ВЕДОМОСЫ
________________________________________________________ бітірушісі
(оқу орнының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________ ауданы (қаласы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
р/с |
Оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері |
Жылдық бағалары 10 сынып |
Жылдық бағалары 11сын. 12 сын. |
Емтихан бағалары |
Қорытынды бағалары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
М.О.
Директор _________ ж. "_______" _______________
___________________________________________________________________
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескерту: Кестенің үшінші бағаны жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға ұсынылған білім алушыларға толтырылады, кестенің төртінші бағаны кешкі/кезекті/ және өзге де бөлімшелерде, арнайы түзеу білім беру ұйымдарында толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 481 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық
және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу
ережесі
1. Осы кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік бастауыш және орта білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
1) Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру.
2) Білім алушыларды аралық аттестаттау бір оқу пәнінің тиісті бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында оны оқып болғаннан кейін өткізіледі.
3) Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - білім деңгейіне сәйкес олардың бастауыш және орта кәсіптік мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгеру дәрежесін және жеткен кәсіптік біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
4) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың кәсіптік бастауыш және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында білім беру ұйымдары өткізетін рәсім.
2. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы
бақылауды және аралық аттестаттауды ұйымдастыру
және өткізу
3. Пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда ол бойынша үлгерімді ағымдағы бақылау оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар және т.б.) тексеру арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік-циклдік комиссиясы анықтайды.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - КБжКОБ) белгілейді және оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.
6. КБжКОБ беру ұйымдарында аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау және сынақтар емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарымен аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақ келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.
Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік практика бойынша, сондай-ақ арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.
8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға дайындау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен емтихан материалдары бойынша консультация өткізіледі.
10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттауды өткізу үшін:
- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
- емтихан кезінде қолдануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
- оқу және технологиялық карталар;
- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.
Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.
13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:
әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 1/2 академиялық сағаттан (20-25 мин.) көп емес;
жазбаша емтиханды өткізуге:
1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;
2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;
4) 1 оқу сағаттан (диктант) көп емес қарастырылады.
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымдарының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті пәндік (циклдық) комиссиялар оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.
15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде КБжКОБ беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.
16. Білім алушылардың арасында сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттауды тапсырмаған жағдайда КБжКОБ оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.
17. Емтиханда "қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) баға алған жағдайда оны қайта тапсыру үшін бір пәнге 2 реттен артық рұқсат етілмейді.
Емтиханды (сынақты) бірінші рет қайта тапсыруға бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат береді, оны белгіленген мерзімде бұрынғы пәнді жүргізетін оқытушыға тапсырады (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).
Емтиханды (сынақты) екінші рет қайта тапсыру бөлім меңгерушісінің рұқсатымен және белгіленген уақытта құрамында екі оқытушы мен бөлім меңгерушісі бар комиссия қабылдайды.
18. Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқу орнынан шығарылады, КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығы бойынша оған белгіленген үлгіде анықтама беріледі.
19. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талабын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық емтихандары мен сынақтарын табысты тапсырған білім алушылар, келесі курсқа КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.
20. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында, ағымдық үлгерім бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.
21. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық және курстық жұмыстарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.
3. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру
ұйымдарында қорытынды мемлекеттік аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
22. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан;
кәсіби даярлықтың деңгейін бағалау және біліктілікті растаудан тұрады.
23. КБжКОБ беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен арнайы пәндер мен өндірістік оқыту бойынша комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Комиссия төрағасы (төрайымы) тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандарының арасынан білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және құрылтайшының келісімімен (3 мәртеден көп емес), ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы орталық атқарушы органның келісімімен тағайындалады.
Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары КБжКОБ беру ұйымдарының басшылары, комиссия мүшелері - кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, бөлімшелердің өндірістік шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау (электр қауіпсіздігін сақтау) жөніндегі органдарының өкілдері арасынан алынады.
24. КБжКОБ беру ұйымдарындаға білім алушыларды қорытынды аттестаттау комиссиясы қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.
25. КБжКОБ беру ұйымдарындаға білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия:
кәсіптік бастауыш және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық дайындық деңгейінің сәйкестігін;
білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы техникалық және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.
26. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
27. КБжКОБ беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау КБжКОБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген нысан бойынша оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша және оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
28. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
кәсіптік мектеп (лицей), колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға рұқсат беруі туралы бұйрығы;
білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
оқу бағдарламаларына сәйкес емтиханға енгізілген қорытынды емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесінің жиынтығы;
білім алушылардың денсаулық жағдайын растайтын және емтиханнан босатуға құқық беретін құжаттар.
29. КБжКОБ беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.
Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.
Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 1/2 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
30. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды аттестаттау кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлға, тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.
31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" баға алған кезінде білім алушыға оқыған курсын толық аяқтағандығы туралы мамандығы (кәсібі) бойынша белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
32. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен қорытынды емтиханды тапсырмаған оқушылар белгіленген мерзімде КБжКОБ беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды емтиханды тапсыруға жіберіледі.
33. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның отырысы төрағаның, комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары "Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарына жіберіледі және білім беру ұйымдарының мұрағаттарында 25 жылға дейін сақталады.
34. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3438 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 43 бұйрығымен бекітілген Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсібі (мамандық) бойынша кәсіптік дайындық деңгейін растау және біліктілік беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
35. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия төрағасы екі апталық мерзім ішінде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.
36. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; емтиханда анықталған білім алушылардың мінездемесі; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктері; кәсіптік бастауыш және орта білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың дайындығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
37. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 7 қыркүйектегі
N 481 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін
ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Негізгі ережелер
1. Осы жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.
2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес, ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру.
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім: оқытылғаннан кейін бір оқу пәнінің бөлімін немесе жалпы көлемін.
3) білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау - мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіптік жоғары білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
4) транскрипт - белгіленген нысандағы тиісті оқыту кезеңінде кредиттері мен бағалары, әріппен, санмен көрсетілген өткен пәндердің тізбесін көрсететін құжат.
2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық
аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
4. Білім алушылардың білім жетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) өз бетінше анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары қарастырылған. Халықаралық білім кеңістігіндегі білім алушылардың білім жетістіктерін бақылау нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау баллдық - рейтингтік әріп жүйесі бойынша дәстүрлі бағалар шкаласына ауыса отырып жүзеге асады.
5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарының негізінде құрылған оқу сабағының бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асады.
6. ЖОО-дағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және курстық оқу бағдарламасына сәйкес емтихандар мен сынақтар тапсыру нысанында жүзеге асырылады.
7. Сынақтар, білім алушылардың зертханалық және есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты орындауын, практикалық және семинарлық сабақтардың оқу материалдарын меңгеріп тексерудің нысаны, сондай-ақ оқу және кәсіби практикалардан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сәйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны ретінде қызмет етеді.
Кейбір жағдайларда сынақты бүтіндей пән бойынша емтихандар және оның жеке бөлігі бойынша орнатуға болады.
8. Емтихандар барлық пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны ретінде қызмет етеді және академиялық күнтізбе (семестр) бойындағы жұмысын, алған теориялық білімдерін және оларды қабылдау беріктілігін, шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын, дербес жұмыс істеу дағдыларын игеруін, алған білімін жинақтап және оны практикада қолдана білуін бағалау мақсатын көздейді.
9. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімше жетекшісіне жүктеледі.
10. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихандық сессия болып табылады. Осыған сәйкес сынақтар емтихандар басталғанға дейін тапсырылады.
11. Сынақтық-емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы ЖОО-ның ғылыми ғалымдар кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Қысқы және жазғы емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған сәйкес жазғы сынақтық-емтихандық комиссия көшіру сессиясы болып табылады, соның нәтижесінде білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы жоғары оқу орнының басшысының бұйрығы шығарылады.
12. Семинарлық және практикалық сабақтарға белсенді қатысып, жақсы білімін көрсеткен білім алушының оқу пәні бойынша сұраусыз сынақтан өтуге құқығы бар.
13. Сынақтарды тапсыру нәтижелері "сынақ", "сынықтан өткен жоқ" белгілерімен бағаланады. Дифференциалды түрде бағаланатын ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз") сынақтары курстық жобалар (жұмыстар), кәсіби практика, сондай-ақ тізбесі ЖОО немесе факультеттің кеңесімен белгіленетін бейіндік оқу пәндері бойынша тапсырылады.
14. Білім алушылар оқу жоспарына, сондай-ақ ЖОО-ның (филиалдардағы, факультеттердегі) барлық оқыту нысандарына арналған бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сәйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсыруы керек.
15. Білім алушылар қосымша оқу пәндерінің түрлері бойынша нәтижелері ведомосқа, сынақ кітапшасына (дипломға қосымша) және транскрипке енгізілетін емтихандар мен сынақтарды тапсыруларына болады.
16. Оқу жоспарында қарастырылған барлық сынақтарды тапсырғанда, белгіленген есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық және басқа жобаларды (жұмыстарды) орындағанда және тапсырғанда оқытудың күндізгі және кешкі нысанындағы оқитын білім алушылар емтихандық сессияға жіберіледі.
17. Сырттай немесе қашықтықтан оқыту нысанының білім алушылары егер өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ болса, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі.
18. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, әкесінің аты және академиялық тобы көрсетілген ЖОО-ның бөлімше басшысының (факультет деканының, институт директорының, тіркеу бөлімі бастығының және басқалардың) өкімімен ресімделеді.
Осыған сәйкес, білім алушылардың сынақ кітапшасына "сессияға жіберілді" деген мөртаңба және ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылады.
19. Барлық оқыту нысандарына арналған емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихандық сессия басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізілуге тиіс.
20. Пән бойынша аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтиханда (қорытынды бақылауда) алған баллдары және бірінші және екінші рейтингті өткізудің нәтижесі бойынша семестр бойындағы ағымдағы үлгерімнің орташа баллы ескеріледі. Бірінші рейтинг 7-ші немесе 8-ші аптада өткізіледі және ағымдағы үлгерім мен бірінші рубеждік бақылау бағалары қосылады. Екінші рейтинг 14-ші немесе 15-ші аптада өткізіледі және ағымдағы үлгерім мен екінші рубеждік бақылау бағалары қосылады.
Ағымдағы үлгерімнің салмақтық үлесі (ағымдағы және межедегі бақылау) студенттің қорытынды бағасында 60% кем емес бөлігін құрайды, қорытынды бақылау бағасының үлесі пән бойынша қорытынды бағасында 40% аспайтын бөлігін құрайды.
21. Емтихандар оқу жұмыс жоспарында көзделген сынақ-емтихандық сессия кезеңінде тапсырылады. ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысы (сырқаттылығы, отбасы жағдайы, өзге де объективті себептер бойынша) білім алушыларға емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат етіледі.
22. Оқытудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы, оқу жылындағы олардың кезеңдері мен саны әрбір курста ЖОО-ның кеңесімен белгіленеді.
23. Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөртаңба басылған сынақ кітапшасы болуы керек.
24. Емтихандар, жазбаша, ауызша және тест нысанында жүргізіледі. Тест нысаны кезінде бейінділік және жақындық принципін сақтай отырып екі немесе одан да көп пәндер бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның кеңесімен немесе ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерімен академиялық кезеңнің басынан бір ай мерзімде белгіленеді.
Білім алушылар емтихан кезінде пәннің оқу бағдарламаларын және емтихан алушының рұқсатымен анықтама әдебиетті пайдалана алады.
25. Емтиханда білім алушылардың үлгерімі мынадай бағалармен анықталады: "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз". Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың рейтінгтік жүйесі кезінде сынақтар мен емтихандар жалпы белгіленген бақылау жүйесі бойынша қойылады. Оң баға ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") ведомосқа және білім алушының сынақ кітапшасына қойылады. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.
26. Білім алушы "қанағаттанарлықсыз" деген бағаны оң бағаға түзеу мақсатымен емтиханды қайта тапсыру үшін аталған пән бойынша оқу жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақтарына қайта қатысуы және қорытынды бақылауға рұқсат алуы қажет.
28. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады, ол академиялық берешекке теңестіріледі.
29. Пән бойынша қорытынды бақылау нысаны (сынақ немесе емтихан) академиялық кезең бойы семестр аталған пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы немесе ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша аталған пәннен тиісті бейіндік біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
30. Емтихандар мен сынақтарға ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының рұқсатынсыз бөтен адамдардың қатысуына болмайды.
31. Білім алушының келіспеген қорытынды бақылау нысаны бойынша бағалау қорытындыны аппеляцияға беруге болады.
32. Осы мақсатта емтихандық сессия кезеңінде ЖОО-ның бөлімше басшысының өкімімен біліктілігі аппеляция жасалынатын пәннің бейініне сәйкес келетін оқытушылар арасынан аппеляциялық комиссия құрылады.
33. Сырттай оқу нысанында білім алушыға емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы емтихандық сессияға қатысу үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазы беріледі.
34. Анықтама-шақыру қағаздарын беру және студенттердің емтихандық сессияға келуі ЖОО қабылдаған тәртібі бойынша қатаң түрде есепке алынады.
35. Берілген курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды ойдағыдай тапсырған, белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
38. Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушының бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тәртіппен әзірленген жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.
39. Келесі курсқа көшірілген академиялық берешегі бар білім алушылар міндетті компоненттің тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға тиісті.
40. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру грантының иегерлері оқуларын одан әрі ақылы негізде жалғастырады.
41. Академиялық берешектерді жою мақсатында курсты қайта оқу немесе оқу сабақтарына қайта қатысу ақылы негізде жалғастырылады.
42. Науқастығына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде сынақтар мен емтихандарды тапсыра алмаған білім алушыларға құрылымдық бөлімше басшысы оларды тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.
43. Жазғы емтихандық сессияның қорытындысы бойынша академиялық берешегі бар 2(3) курс студенттері аралық мемлекеттік бақылауға жіберілмейді.
44. Академиялық берешегін жазғы семестр кезеңінде жойған студенттер қыркүйек айында қайта жүргізілетін аралық мемлекеттік бақылауға жіберіледі.
3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды
мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
46. Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау оқу процесінің кестесімен (академиялық күнтізбемен) және ЖОО-ның оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған мерзімдерде өткізіледі.
48. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау бакалавриат, магистратура және жоғары арнайы білім беру мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген нысан бойынша өткізіледі.
49. Білім алушылар қатаң түрде оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жұмыстарын (магистрлік диссертациясын) қорғаулары қажет.
50. Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы сырқатына орай ұзақ мерзімді стационарлық емделуіне, 2 жасқа дейінгі баласының болуына, науқас немесе қартайған ата-аналарына қарауына орай, ЖОО басшысының келісімімен дипломдық жұмыстың орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруына құқығы бар.
Осыған орай білім алушы ЖОО басшысының атына өтініш жазады және қажетті құжаттар тапсырады. Ал басқа жағдайларда дипломдық жұмыс мемлекеттік емтихан тапсырумен ауыстырылуына рұқсат етілмейді.
Бұл жағдайда мемлекеттік емтихандар тізбесі бітіртуші кафедраның шешімімен бекітіледі.
51. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін бітірген білім алушылар жіберіледі.
52. Білім беру процесі аяқталуының негізгі өлшемі білім алушының бакалавриат, магистратура және арнайы жоғары білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес оқудың теориялық курсының қажетті көлемін меңгеруі болып табылады.
53. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу білім алушылар тізім бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
54. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшенің басшыларына мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жұмыс кестесін құру міндеті жүктеледі.
55. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесін ректор бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 апта қалғанда барлығының назарына жеткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
56. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу басталғанға дейін білім алушылар мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) білім алушының оқу жоспарын орындағандығы, барлық пәндер бойынша оның көлеміндегі тапсырған курстық жобалары (жұмыстары) мен практика түрлерінен алынған бағалары туралы ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының анықтамасы;
2) қорғауға "Жіберіледі" немесе "жіберілмейді" деген дәлелденген қорытындысы бар дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің пікірі;
3) тиісті ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының тиісті практикалық кәсіби қызметі маманының диплом жұмысын, магистрлік диссертациясын қорғауға берілген жан-жақты мінездемесімен ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе "қанағаттанарлықсыз") деген бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша біліктілігін және бакалавр немесе магистр академиялық дәрежесін беру туралы рецензиясы.
57. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (магистрлік диссертацияның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын құжаттар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (магистрлік диссертацияның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары мен актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарии және тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.
58. Дипломдық жұмысты және магистрлік диссертацияны рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс немесе диссертацияның бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады.
59. Дипломдық жұмыстардың рецензенттері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жұмыс орындары және лауазымы көрсетілген бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
60. Магистрлік диссертацияның ресми жақтаушылары жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен қорғалатын диссертацияның бейіні бойынша негізгі басылымдары көрсетіліп, білім беру ғылыми ұйымдағы ғалымдар кеңесінің шешімі негізінде әрбір магистрлік диссертация бойынша жеке білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
61. ЖОО-дағы білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік емтихан (іргелі бейімдеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) тапсыру және/немесе дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) қорғау нысанында өткізіледі.
62. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейімдеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.
63. Мамандықтар бойынша кешенді тестілеу түріндегі мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.
64. ЖОО мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік емтихан тапсыру көзделген іргелі бейімдеуші пәндер бойынша 1 кешенді емтихан өткізуі мүмкін.
65. ЖОО өздігінен тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді.
66. Мемлекеттік емтиханды тапсыру қорытындысы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және оларды өткізу күні жарияланады. Мемлекеттік емтихан тестілеу нысанында өткізілген жағдайда емтихандық ведомость хаттаманы ресімдеу үшін негіздеме болып табылады.
67. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында олардың жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
68. Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Дипломдық жұмысты қорғау үшін білім алушылар баяндамасымен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 15 минуттан артық сөйлемеуі керек.
69. Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтығы бір магистрантқа 100 минуттан аспауы керек. Магистрлік диссертацияны қорғау үшін магистрант баяндамасымен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 20 минуттан артық сөйлемеуі керек. Магистрлік диссертацияны қорғау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында ғылыми жетекші мен ресми жақтаушы қатысуларына және сөз сөйлеулеріне міндетті. Магистрлік диссертацияны қорғау барысында талқыланып отырған мәселеге жұмыстың бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асырған ұйымның мамандары, ресми емес жақтаушылар және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуына болады.
70. Магистрант мемлекеттік аттестаттау комиссиясына 56-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында және 57-тармақта көрсетілген құжаттармен бірге белгіленген тәртіппен бекітілген жарияланымдар тізімін ұсынуы қажет.
71. Диплом жұмысын (магистрлік диссертация) қорғау нәтижесі бойынша "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз" деген бағалар қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ресми жақтаушысының пікірлері назарға алынады.
72. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияның) қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасын толтырғаннан кейін сол өтілген күні жарияланады.
73. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғаған және мемлекеттік емтихан тапсырған білім алушыға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік беріледі, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасын меңгерген академиялық дәреже тағайындалады.
74. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.
75. Дипломға қосымша білім алушының оқу жоспарын орындағаны туралы ЖОО-ның бөлімше басшысының анықтамасы негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, тапсырылған курстық жобалар (жұмыстары), практика мен қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.
76. Бір және сол оқу пәннен бірнеше емтихандық бағасы болса диплом қосымшасына және транскриптке сағат және кредиттердік көрсетіліп әрбір баға және жолмен енгізіледі.
77. Оқу жоспарындағы барлық пәндердің кем дегенде 75 пайызы бойынша емтихандар мен дифференциялдық сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға және "өте жақсы" деген бағаға мемлекеттік емтиханды тапсырған және бітіру жұмысын қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
78. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) қорғауға рұқсат берілмейді.
79. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қайта қорғауға қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
80. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы білім алушыға осы жұмысын комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе оның бітіртуші кафедра белгілеген жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын белгілейді.
81. Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды қайта аттестаттау келесі мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңінде бұрынғы мемлекеттік аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған оның сол нысандары бойынша ғана өткізіледі.
82. Сонымен қатар, осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі, білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен анықталады.
83. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріле отырып білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.
84. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясына денсаулық жағдайы туралы ұсынған құжаттары қаралмайды.
85. Білім алушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу үшін әрбір мамандық бойынша барлық оқыту нысандарына арналған Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.
86. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қызметінің құзыретіне:
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен белгіленген баклавриат, магистратура және жоғары арнайы білім беру мамандықтарының талаптарына бітіруші мамандардың ғылыми-теориялық және практикалық даярлықтарының сәйкестік деңгейін тексеру;
оларға тиісті біліктілік пен диплом беру туралы (үздік емес, үздік) шешім қабылдау;
тиісті мамандықтар бойынша академиялық бакалавр немесе магистр дәрежесін тағайындау;
мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді.
87. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төраға мен оның мүшелері құрамында жыл сайын ұйымдастырылып, күнтізбелік жыл бойы жұмыс істейді.
88. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы білім саласындағы орталық атқарушы орган бітіріп шығушы мамандардың бейініне сәйкес келетін практикалық стажы бар және осы оқу ұйымында жұмыс істемейтін, профессорлардың, доценттердің, ғалымдардың, оқытушылардың, тәжірибелі өндіріс мамандарының және мұғалімдердің арасынан бекітіледі.
89. Магистрлік диссертация қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе магистрлік диссертацияны қорғайтын бейіні бойынша академиялық "магистр" дәрежесі болуы керек.
90. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына оның мүшелері құқығымен: ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысы немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, жоғары білікті мамандардың арасынан қалыптасады. Бір мемлекеттік аттестаттау комиссиясының сандық құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.
91. Магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті бейін бойынша ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе магистрлік диссертация бейіні бойынша академиялық "магистр" дәрежесі бар адамдар кіреді.
92. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, жыл сайын 31 қаңтардан кешіктірілмей бекітіледі.
93. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді мемлекеттік аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік даусымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
94. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген білім алушылар мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) осы комиссияның басқа отырысы болған күні қорғауына болады.
96. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары әрбір білім алушыға белгіленген нысан бойынша жеке жүргізіледі.
97. Хаттама комиссияның құрамына бітіртуші кафедра оқытушыларының арасынан бекітілген мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысымен толтырылады.
98. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғауда анықталған білімдердің бағасы енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер мемлекеттік аттестаттау комиссиясының бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада біліктілік, академиялық дәреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірушіге қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
100. Мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысының хаттамасы нөмірленуі, жіппен тігілуі және жоғары оқу орны оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқармасының) мөрімен бекітілуі керек.
102. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.
103. Мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының есебі жоғары оқу орны кеңесінің немесе ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелердің отырысында талқыланады және бекітіледі.
104. Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім саласындағы орталық атқарушы органға бекітілген есепті ұсынады.
105. Мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының есебінде мыналар көрсетілуі керек:
ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
бітіру жұмыстарының орындалу сапасы;
оқу бітіру жұмыстары тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сай екендігі;
білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері көрсетілуі керек;
белгілі бағыт бойынша мамандар даярлау сапасын талдау;
ЖОО мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.