Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі N 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4398. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 493 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.10.05 N 493 бұйрығымен.

      "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Б.С.Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы»1 қыркүйектегі 
N 376 бұйрығымен     
бекітілген        

  Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына,
жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған
балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға 
медициналық қарсы айғақтардың тізбесі

     1. Жіті жұқпалы аурулар;
     2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны);
     3. Алапес;
     4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны);
     5. Жұпалы тері аурулары;
     6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары;
     7. Стационарлық емдеуді талап ететін нәрленудің ауыр бұзылулары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады