Банк конгломераттары қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 наурызда N 4148 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
4-тармақта:
үшінші абзацтағы "кредиттік" және "салымды" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысанда банктің банк конгломераты қатысушыларына көрсететін есеп айырысу-касса қызметінен басқа банк конгломераты қатысушыларының арасындағы қомақты операциялар (ол атқарылған күні жасалған және банк конгломератының меншікті капиталының бес және одан артық проценті болатын операциялар танылады) жөніндегі мәліметтер сондай-ақ уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген) сәйкес ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда;";
10-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін банк конгломераты қатысушыларының активтерінің, шартты және мүмкін міндеттемелер сомаларының есебіне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Бір заемшының тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.";
16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер осының алдындағы есепті күнде заемшыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемі осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде болған жағдайда, бірақ нәтижесінде банк конгломератының меншікті капиталы деңгейінің осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде заемшыға деген талап бес проценттен артық төмендеуіне байланысты, не заемшыға деген талап осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде он проценттен артық көрсетілген шетел валюталарына теңгенің орташа алынған биржалық бағамының өсуінен заемшыға банк конгломераты талаптарының өсуіне байланысты аталған шектеулерді көтерген жағдайда бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі.
Аталған жағдайларда банк конгломератының сабақтас ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген асып кету туындағанда күннен кейінгі күн ішінде хабар береді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету жағдайы аталған мерзімде жойылмаған жағдайда, бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативінен асып кету аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";
1 және 2 қосымшалар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 157 қаулысының 1 қосымшасы
"Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына 1 қосымша
БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ
ОРЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП ___________________________________________________________
(банк конгломераты сабақтас ұйымының атауы)
Банк конгломераты жарғылық капиталының есебі
Банк конгломератының жарғылық (төленген) капиталы ______ тең
(мың теңгемен)
Алынған капитал ________________ тең
(мың теңгемен)
Банк конгломератының жарғылық капиталы ________________ тең
(мың теңгемен)
1-кесте
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік
коэффициентінің есебі
мың теңгемен
№N |
Банк конгломераты қатысушыларының атауы |
Жиынтығы |
|
1. |
Меншікті капиталдың |
||
2. |
Банк конгломераты қатысушыларының жарғылық капиталдағы инвестициялар |
||
3. |
Банк конгломераты қатысушыларының жарғылық капиталдағы инвестицияларды шегергендегі меншікті капиталдың нақты мөлшері |
||
4. |
Банк конгломератының қатысушылары тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасы |
||
5. |
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті |
1-кестені толтыру жөніндегі ереже:
"Банк конгломераты қатысушыларының атауы" атты баған олардың қысқаша атауы көрсетілетін банк конгломераты қатысушыларына тиісті санына қосалқы бағандарға бөлінеді.
2-кесте
Бір заемшының тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің есебі
Коэффициенттің атауы |
Тәуекел мөлшері |
Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы |
Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
|
Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері |
|||
Банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері |
|||
Мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен асатын банк конломераты тәуекелінің сомасы |
Төраға ____________________________
(фамилиясы, аты-жөні және қолы)
[мөрі]
Бас бухгалтер __________________________
(фамилиясы, аты-жөні және қолы)
күні _______
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысының 2 қосымшасы
1 кесте
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша
мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін
міндеттемелер кестесі
______________________________________________
(банк конгломераты қатысушыларының атауы)
мың теңгемен
N № |
Салымдардың кредит тәуе келінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының актив терінің, шартты және мүмкін міндеттемелері баптарының атауы |
Процентпен тәуекел дәрежесі |
Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы |
Элиминирлеу |
Жиынтық |
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы |
|
Дебет |
Кредит |
||||||
Активтер: |
|||||||
I-топ: |
|||||||
1 |
0 |
||||||
2 |
|||||||
... |
|||||||
II-топ |
|||||||
1 |
20 |
||||||
2 |
|||||||
... |
|||||||
III -топ |
|||||||
1 |
50 |
||||||
2 |
|||||||
... |
75 |
||||||
... |
|||||||
IV -топ |
|||||||
1 |
100 |
||||||
2 |
|||||||
... |
|||||||
V-топ |
|||||||
1 |
100 |
||||||
2 |
|||||||
... |
|||||||
... |
150 |
||||||
... |
|||||||
Жиынтық: |
Х |
||||||
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы |
Х |
||||||
Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және мүмкін міндеттемелердің жиынтық сомасы |
Х |
Кестені толтыру жөніндегі ережелер:
"Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы (мың теңгемен)" бағаны олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін қосалқы бағандарға бөлінеді.
Шартты және мүмкін міндеттемелер екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтер есебін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
2 кесте
Рыноктық тәуекелді және операциялық тәуекелді
ескеріп мөлшерленген активтердің, шартты және мүмкін
талаптар мен міндеттемелер кестесі
______________________________________________
(банк конгломераты атауы)
мың теңгемен
Тәуекел атауы |
Банк конгломераты қатысушысының атауы |
Жиынтық |
Рыноктық тәуекел |
||
Операциялық тәуекел |
Төраға __________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы)
[мөр]
Бас бухгалтер ________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы)
күні _______
Кестені толтыру жөніндегі ережелер:
"Банк конгломераты қатысушысының атауы" бағаны рыноктық және операциялық тәуекелдерге маңыз беретін, сондай-ақ олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін шағын бағандарға бөлінеді.".
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыз
N 157 қаулысының 2 қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына 3 қосымша
Банк конгломераты қатысушылары арасындағы
қомақты операциялар бойынша мәліметтер
№N |
Қарсы агент атауы |
Операциялар түрі |
Валюта түрлері |
Сомасы (мың теңгемен) |
Шарт жасалған күн (талаптарды орындау басталған күн) |
Шарттың іс-қимылы аяқталған күн (талаптарды орындау аяқталған күн) |
1. |
".