Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 04.2-44/18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5529 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4412 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) эмитенттің және (немесе) оның бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы халықаралық шкала бойынша "С" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша) немесе "С" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша), не болмаса "Standard & Poor's" қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша "kzСС" төмен болмауға тиіс;".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға

А. Арыстанов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Қаржы нарығын және қаржы


ұйымдарын реттеу мен


қадағалау агенттігінің төрайымы


________________ Е. Бахмутова


2009 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады