"2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 ж. 11 сәуірдегі N 109-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4441 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.04.02 № 81-ө бұйрығымен.

      Кейбір облыстық және Астана қалалық жергілікті өкілетті органдарының 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақының базалық ставкасымен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар "Қоршаған ортаны ластау залалының экономикалық бағалануын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысын сәйкестікке келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4187 болып тіркелген, 2006 ж. 19.05 N 89-90 "Юридическая газета" мен 2006 ж. 19.05 N 89-90 "Заң" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Ақмола облысы" деген бағанда мынадай 5-жол:

«5

Қайта өңдеу технологиясы
жоқ радиоактивті қалдықтарды
қоршаған ортаға орналастыру

тонна




22  

      келесі мазмұндағы мынадай жолмен ауыстырылсын:

«5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру: трансуранды қалдықтар

ГБк


338,7

альфа-радиоактивті қалдықтар



169,3

бета-радиоактивті қалдықтар



16,9

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



169,3";

      1) "Ақтөбе облысы" деген бағанда мынадай 5 және 6 жолдар:

5

Пайдаланудан шыққан люминистценттік шамдар және басқа сынабы бар шамдар

дана


19,89

6

Радиоактивтік көздер

дана


44223

      келесі мазмұндағы мынадай жолмен ауыстырылсын:

6

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру:
трансуранды қалдықтар

ГБк


784


альфа-радиоактивті қалдықтар



392


бета-радиоактивті қалдықтар



39,2


ампулды (жабық) радиоактивті көздер



392";

      7 жолдағы нөмірлік 6 жолдағы нөмірлікке ауыстырылсын;

      8 жолдағы нөмірлік 7 жолдағы нөмірлікке ауыстырылсын;

      8-жолда "шламдар" деген сөз алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-жолдармен толықтырылсын:

"8-1

Химиялық өндірістің шламы 

тонна

III

30

8-2

Күл және күл-қож

тонна

ІҮ

17,07";

      3) "Шығыс Қазақстан облысы" деген бағанда мынадай 5-жол:

5

Қатты және сұйық радиоактивті
қалдықтарды арнаулы пункттерде
орналастыру

тонна 


3766  

      мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:

"5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру:
трансуранды қалдықтар

ГБк


321

альфа-радиоактивті қалдықтар



156

бета-радиоактивті қалдықтар



15,6

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



156";

      4) "Жамбыл облысы" деген бағанда мынадай 7-жол:

7

Сынабы бар пайдаланудан шыққан шамдар

дана

I

969

мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:

"7

Ампулды (жабық) радиоактивті көздер

ГБк

I

186";

      5) "Қызылорда облысы" деген бағанда мынадай 5 және 6 жолдар:

5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру

тонна



ионданған гамма-сәулелену көзі

дана


7393

нейтрондық көз

дана


7400

шамалы радиоактивті қалдықтар

тонна


3600

6

Сынабы бар шамдарды сақтау

дана


76

      мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:

«5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру:
трансуранды қалдықтар

ГБк


392

альфа-радиоактивті қалдықтар



196

бета-радиоактивті қалдықтар



19,6

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



196";

      6) "Маңғыстау облысы" деген бағанда мынадай 5-жол:

5

Шамалы радиоактивті қалдықтарды орналастыру

тонна


21100

      мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:

"5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру:
трансуранды қалдықтар

ГБк


944

альфа-радиоактивті қалдықтар



472

бета-радиоактивті қалдықтар



47,2

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



472";

      7) "Павлодар облысы" бағанда 1-жол мынадай мазмұнды 1-1 және 1-2 жолдарымен толықтырылсын:

"1-1

Көмір өндіруші компаниялары бар тұрғындарға жылу және электр энергиясын өндіретін жылу электр стансалары және қазандықтарының стационарлық көздерінен атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

Шартты тонна


67

1-2

Ұлттық маңызы бар жылу электр стансаларының көздерінен атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысы:
Қоршаған ортаның сапасы мен басқару менеджмент жүйесінің халықаралық ИСО стандартының 14001 сериясына сәйкес сертификатталған;

Шартты тонна


28


Қоршаған ортаның сапасы мен басқару менеджмент жүйесінің халықаралық ИСО стандартының 14001 сериясына сәйкес сертификатталмаған;

Шартты тонна


107";

      6-жол мынадай мазмұндағы 6-1 жолмен толықтырылсын:

"6-1

Қоршаған ортаның сапасы мен басқару менеджмент жүйесінің,    халықаралық ИСО стандартының    14001 сериясына сәйкес сертификатталған ұлттық маңызы бар жылу электр стансаларынан   күл және күл-қож

тонна


11";

      үшінші абзацтағы 3-жолдың "тұрғындардан ағынды суды қабылдайтын қалалық су арнасына" деген сөздерді "тұрғындардан ағынды суды қабылдайтын қалалық су арналарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бағандағы мынадай 5-жол:

5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру

тонна

IV

270

тонна

III

540

тонна

II

2160

тонна

I

4320

      мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:

"5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру:
трансуранды қалдықтар

ГБк


360

альфа-радиоактивті қалдықтар



180

бета-радиоактивті қалдықтар



18

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



180";

      8) "Алматы қаласы" деген бағанда:

5

Радиоактивті қалдықтарды көму

1 Гбеккерель


30


мынадай мазмұнды жолдармен ауыстырылсын:



«5

Қайта өңдеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға орналастыру: трансуранды қалдықтар

ГБк


2053,3

альфа-радиоактивті қалдықтар



1026,7

бета-радиоактивті қалдықтар



102,7

ампулды (жабық) радиоактивті көздер



1026,7".

      2. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының Халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру мақсатында қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйелерінің ИСО 14001 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған жылу электрстанциялары мен қазандықтар үшін бірыңғай базалық ставкаларға мынадай коэффициенттер енгізілсін:
      күл мен күл шлактарын орналастыруға - 0,25;
      тұрақты көздерден ластаушы заттардың шығарындыларына - 0,12.

      3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады