Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25-наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 212 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4447 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 131 Қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

       " Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы  1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...
      8. ...

      Төрайым                                   Е.Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2008 жылғы 22 тамыздағы   
    N 131 қаулысының қосымшасы  

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ...
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4447 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде N 215 (1195) санында жарияланған).
      3. ...
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Қазақстан Республикасының " Өзара сақтандыру туралы " және "Өзара сақтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтер орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25-наурыздағы N 87 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4216 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      Аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта:
      Кіріспедегі "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының," деген сөздерден кейін "оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы тараудың талаптары уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметтік жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына жүрмейді.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы "теңге" сөзінен кейін "(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйым үшін 150 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      4) тармақшада:
      "теңге" сөзінен кейін "(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйым үшін 100 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "5) тармақшамен" деген сөз "4) тармақшамен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші абзацындағы "жасалған" сөзінің алдынан "уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен төмен болған жағдайда, есеп айырысу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері пайдаланылады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған нақты төлем қабілеттілігі маржасы мынадай сома ретінде есептеледі:
      құрылтайшылар жарнасы;
      ерікті ақшадай және өзге жарналар;
      осының алдындағы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
      мыналарды шегеріп:
      сақтандыру ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер. Сақтандыру ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жинақталған амортизацияны және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 10 %-нен аспайтын активтерін ескергендегі оның өзіндік құн мөлшерінде қабылданады;
      осының алдындағы жылдардың жабылмаған шығынын;
      есепті кезеңнің жабылмаған шығынын.";

      мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 25%-нен аспайтын немесе төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіштің төмен екендігіне қатысты) аспайтын реттелген борыш сомасына өсуі мүмкін. Белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасы реттелген борыштың жалпы сомасының 25%-нен асуы мүмкін емес.";

      18-тармақтың 3-тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөз алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына жүрмейді.";

      Мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері мынадай шектерден кем болмауы тиіс:
      1) 2006 жылғы 1-қыркүйектен бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 20 (жиырма) миллион теңге;
      2) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 30 (отыз) миллион теңге;
      Заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақтарында және міндетті сақтандыру нысанының кез-келген түрі бойынша көрсетілген сақтандырудың ерікті нысаны сыныптары бойынша лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары үшін - 25 (жиырма бес) миллион теңге;
      2) 2006 жылғы 29-желтоқсаннан бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 25 (жиырма бес) миллион теңге;
      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 40 (қырық) миллион теңге;
      Заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақтарында және міндетті сақтандыру нысанының кез-келгені бойынша көрсетілген сақтандырудың ерікті нысаны сыныптары бойынша лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары үшін - 35 (отыз бес) миллион теңге;
      3) 2007 жылғы 31-желтоқсаннан бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 35 (отыз бес) миллион теңге;
      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 50 (елу) миллион теңге;
      Заңның 6-бабының 3-тармағының 9)-15) тармақтарында және міндетті сақтандыру нысанының кез-келгені бойынша көрсетілген сақтандырудың ерікті нысаны сыныптары бойынша лицензиялары бар сақтандыру ұйымдары үшін - 45 (қырық бес) миллион теңге.";

      мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған "ипотекалық сақтандыру" сыныпы бойынша "жалпы сақтандыру" кепілдік беру қорының мөлшері мынадай шектерден кем болмауы тиіс:
      1) 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 70 (жетпіс) миллион теңге;
      2) 2006 жылғы 29 желтоқсаннан бастап - 80 (сексен) миллион теңге;
      3) 2007 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 90 (тоқсан) миллион теңге.";

      26-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге арналған заемдары - негізгі борыш сомасының жүз проценті көлемінде;";

      мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапа және өтімділік жіктелімін ескеріп, активтер құнының есебіне ірі қатысушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы немесе қомақты үлесі бар, сондай-ақ өзге аффилиирленген ұйымдар болып табылатын еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді.";

      28-тармақта:
      10) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге арналған заемдары.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Осы Нұсқаулықтың 26 және 28 тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының есебі үшін мыналар ескерілмейді:
      1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектеулі активтер (кепілге беру, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін және басқаларын орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану);
      2) заңды тұлғалардың акциялары және Заңға сәйкес ірі қатысушылар немесе еншілес ұйымдар (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты үлесі бар ұйымдар) болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдары.";

      31-тармақта:
      3) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының уәкілетті орган берген лицензия негізінде сақтанушыларға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге арналған заемдарының жиынтық мөлшері активтер сомасының он процентінен аспауы тиіс.";

      2-қосымшада:
      кестенің "Сыйлықақы әдісін" пайдаланған кездегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі" 1-тармағының тоғызыншы жолы мынадай редакцияда жазылсын:

А aралық жиынтығы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "1010" > 1 500 000, онда [1 500 000 000 х 0,18 + ("1010" - 1 500 000 000) х 0,16]; егер "1010" < 1 500 000 000, онда "1010" х 0,18)
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "1010" > 1 500 000, онда [1 500 000 х 0,18 + ("1010" - 1 500 000) х 0,16]; егер "1010" < 1 500 000, онда "1010" х 0,18)

1020


        "Төлем жасау әдісін" пайдаланған кездегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі" 2-тармағының сегізінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("Төлем жасау әдісі"):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "2030" > 1 000 000 000, онда [(1 000 000 000 х 0,26 + ("2030" - 1 000 000 000) х 0,23) х "1300"]; егер "2030" < 1 000 000 000, онда "2030" х 0,26 х "1300")
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "2030" > 1 000 000, онда [(1 000 000 х 0,26 + ("2030" - 1 000 000) х 0,23) х "1300"]; егер "2030" < 1 000 000, онда "2030" х 0,26 х "1300")

2000


        "Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері" 3-тармағының кестесінде:
      үшінші жолдағы "8-тармағының" сөздері "6-тармағының" сөздерімен ауыстырылсын;

      тоғызыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:

Осының алдындағы қаржы жылының резерв коэффициентіне түзетілген төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері (егер "4010" /"4020" > 1, онда "4100", егер "4010"/"4020" < 1, онда "4100" х ("4010"/"4020"))

4000


        Он екінші және он үшінші жолдардағы "3-қосымшасына сәйкес" деген сөздер "1-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі" 4-тармағының кестесінде:

      екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін төленген жарғы капиталы уәкілетті орган  берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған құрылтайшылардың жарналары, ерікті, ақшалай және өзге де жарналар

111


        Үшінші жолдағы "акциялар" деген сөз "акциялар**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Алтыншы жолдағы "төленуі тиіс" деген сөз "төленуі тиіс**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Оныншы жолдағы "Заңның" деген сөз "Заңның**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он бірінші жолдағы "қатысы бар" деген сөз "қатысы бар**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он бесінші жолдағы "акциялар" деген сөз "акциялар*(**) деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он жетінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

Нақты төлем қабілеттілігі маржасы есебіне енгізілген сома:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "211" > 0,5 х ("100" немесе "400" барынша төмен шек), онда 0,5 х ("100" немесе "400" барынша төмен шек); егер "211" < 0.5 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда "211")
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "211" > 0,25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда 0,25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек); егер "211" < 0.25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда "211")

200


        Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "** - уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін бұл толтырылмайды";

      3-қосымшада:
      "Жазатайым жағдайлардан сақтандыру және науқастану жағдайына байланысты сақтандыру сыныптары үшін" 3-тармағының кестесінде:
      тоғызыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:

А aралық жиынтығы:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "3100" > 1 500 000 000, онда [1 500 000 000 х 0,18 + ("3100" - 1 500 000 000) х 0,16]; егер "3100" < 1 500 000 000, онда "3100" х 0,18)
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "3100" > 1 500 000, онда [1 500 000 х 0,18 + ("3100" - 1 500 000) х 0,16]; егер "3100" < 1 500 000, онда "3100" х 0,18)

3200


   Жиырма жетінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("Төлем жасау әдісімен"):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін (егер "3500" > 1 000 000 000, онда [(1 000 000 000 х 0,26 + ("3500" - 1 000 000 000) х 0,23) х "3300"]; егер "3500" < 1 000 000 000, онда "3500" х 0,26 х "3300")
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "3500" > 1 000 000, онда [(1 000 000 х 0,26 + ("3500" - 1 000 000) х 0,23) х "3300"]; егер "3500" < 1 000 000, онда "3500" х 0,26 х "3300")

3600


        "Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері" 4-тармағының кестесінің төртінші және бесінші жолдарындағы "3-қосымшасына сәйкес" деген сөздер "1-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебі" 5-тармағының кестесінде:
      екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төленген жарғы капиталы
Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған құрылтайшылардың жарналары, ерікті, ақшалай және өзге де жарналар

111


        Үшінші жолдағы "акциялар" деген сөз "акциялар**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Алтыншы жолдағы "төленуі тиіс" деген сөз "төленуі тиіс**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Тоғызыншы жолдағы "Заңның" деген сөз "Заңның**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он бірінші жолдағы "қатысы бар" деген сөз "қатысы бар**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он бесінші жолдағы "акциялар" деген сөз "акциялар*(**) деген сөзбен ауыстырылсын;

      Он жетінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

Нақты төлем қабілеттілігі маржасы есебіне енгізілген сома:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер "211" > 0,5 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда 0,5 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек); егер "211" < 0.5 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда "211")
уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін (егер "211" > 0,25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда 0,25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек); егер "211" < 0,25 х ("100" немесе "400", барынша төмен шек), онда "211")

200


        Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "** - уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы бұл жолдарды толтырмайды";

      5-қосымшада:
      8008-жолдағы "Көрсеткіш атауы" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

8008

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төленген жарғы капиталы
Уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына арналған құрылтайшылардың жарналары, ерікті, ақшалай және өзге де жарналар


        Мынадай мазмұндағы 8077 - 8080-жолдармен толықтырылсын:

8077

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 1-топқа түсетін, қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға берген (қолданылып жүрген қайта сақтандыру шарттары бойынша) сақтандыру сыйлықақылары сомасы


8078

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 2-топқа түсетін, қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға берген (қолданылып жүрген қайта сақтандыру шарттары бойынша) сақтандыру сыйлықақылары сомасы


8079

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 3-топқа түсетін, қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға берген (қолданылып жүрген қайта сақтандыру шарттары бойынша) сақтандыру сыйлықақылары сомасы


8080

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 4-топқа түсетін, қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға берген (қолданылып жүрген қайта сақтандыру шарттары бойынша) сақтандыру сыйлықақылары сомасы


        2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына мәлімет үшін жіберсін.

      4. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2006 жылғы 31 желтоқсан мерзіміне дейін "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған ақпаратты шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады