Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 5 шілдедегі N 164 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 108-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.".

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат):

      1) 803-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.";

      2) 814-баптың екiншi бөлiгiндегi "заңды тұлға" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 845-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "Өзара сақтандыру" деген сөздер "Өзара сақтандыруды жүзеге асырудың, өзара сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды мүшелiк және сақтандыру шарттары негiзiнде жүзеге асырады.".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      173-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-1-бөлiктермен толықтырылсын:
      "1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептiлiктi не уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуi, табыс етпеуi не дұрыс емес есептiлiк пен ақпаратты табыс етуi -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      "4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiн бұза отырып жүзеге асыруы -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      117-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "1 процентi мөлшерiнде төлейдi." деген сөздер "1 процентi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейдi.".

      5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      7-баптың 2-тармағы "кредиттiк серiктестiктердiң," деген сөздерден кейiн "өзара сақтандыру қоғамдарының," деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат):

      1) 3-баптың жиырма алтыншы абзацы "тиiстi лицензиясы негiзiнде" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 4-баптың 2-тармағы "лицензиясы негiзiнде" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Өзара сақтандыру қоғамы қайта сақтандыру тәуекелдерiн қабылдауға құқылы емес.";

      4) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 11-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өзара сақтандыру қоғамы Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.";

      6) 14-бапта:
      бiрiншi бөлiк 1-тармақ болып белгiленсiн;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Өзара сақтандыру қоғамдарының, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген қызметiн қоспағанда, сақтандыру қызметiн лицензиясыз жүзеге асыруына тыйым салынады.";

      7) 20-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.";
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бұзуға әкеп соқтырған;";

      8) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      Өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметiн "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
      Өзара сақтандыру жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесi осы Заңмен және "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      Өзара сақтандыру жөнiндегi қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесi "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.";

      9) 46-бапта:
      3-тармақтағы "сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша сыныптамасы ескерiлiп есептелген" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Қызметi лицензиялануға тиiс қоғамдардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      10) 47-баптың 3-тармағы "құрылымына" деген сөзден кейiн ", соның iшiнде қызметi лицензиялануға тиiс қоғамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 48-баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып, олардың құны негiзге алынып есептелген" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 53-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "53-бабының 1-1-тармағына" деген сөздер "53-2-бабының 7-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Тұтыну кооперативi туралы" 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Өзара сақтандыруды жүзеге асыратын тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.".

      8. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):

      1-баптың 6-тармақшасында:
      ", сондай-ақ банк қызметi" деген сөздер ", банк қызметi, сондай-ақ лицензиялануға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады