"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 тамыздағы "Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарауы туралы" N 2-3С нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы" N 48 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 54 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4453 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 34 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010.06.17 № 34 Бұйрығымен.

      Қылмыстар, оқиғалар жөніндегі тіркелген өтініштер мен хабарламалар туралы статистикалық есептіліктің одан әрі жетілдірілуі мақсатында, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 тамыздағы "Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарауы туралы" N 2-3С нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы N 48  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2441 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетені 2003 жылғы N 25-26 санының 868-бабында жарияланған, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 5-шілдедегі "Қылмыстық қудалау органдары арқылы қылмыстар жөніндегі өтініштер мен хабарларды қарастыру туралы N 2-ЗС нысанды статистикалық есепті және олардың құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту және іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 34  бұйрығымен енгізілген толықтырулар және өзгерістермен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 3726 тіркелген) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      атауы "қылмыстар" сөзінен соң ", оқиғалар" сөзімен толықтырылсын;

      1-тармақ "қылмыстар" сөзінен соң ", оқиғалар" сөзімен толықтырылсын;

      осы бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарауы туралы" N2-3С нысанды статистикалық есепті құру бойынша Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      атауы "қылмыстар" сөздерінен соң ", оқиғалар" сөзімен толықтырылсын;

      1-тармақ "қылмыстар" сөзінен соң ", оқиғалар" сөзімен толықтырылсын;

      11-тармақта "1-25" және "1-133" сандары тиісінше "1-26" және "1-141" сандарымен ауыстырылсын;

      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "12. Бағандардың көрсеткіштері ақпараттық есепке алу құжаттарына сәйкес келулері тиіс. 
      1-бағанда есептік жылдың басталуында қаралусыз қалған қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштердің және хабарламалардың саны бейнеленеді.";

      13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "13. 2-бағанда есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштердің және хабарламалардың, сонымен қатар бір дерек бойынша Өтініштерді тіркеу кітабына алдында тіркелгендерге қосылған өтініштердің саны бейнеленеді.
      Есептік жылдың басталуында қылмыстар, оқиғалар жөніндегі қаралмаған өтініштердің және хабарламалардың көрсеткіштер сомасы (1-баған) және есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламалардың саны, сонымен қатар бір дерек бойынша Өтініштерді есепке алу кітабына алдында тіркелгендерге қосылғандар (2-баған) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің  185-бабының 1-бөлігі тәртібінде қабылданған шешімдер бойынша көрсеткіштер сомасына (6-баған), бір дерек бойынша Өтініштерді есепке алу кітабына алдында тіркелгендерге қосылғандарға (25-баған) және есептік кезеңнің соңындағы қалдыққа (26-баған) тең келуі тиіс.
      Қорытындысы бойынша есеп болып қалыптастырылатын мерзімнің соңғы күнтізбелік күні есептік кезеңнің аяқталу күні болып табылады. Өтініштерді есепке алу кітабына есепті құрастырушы тұлға арқылы есептік айдың соңғы күнімен белгі белгіленеді және аты-жөнін көрсету арқылы анық көрсетілген қолы қойылады.
      3-бағанда 2-бағаннан қылмыстық қудалаудың басқа органдарынан келіп түскен қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламалардың және реттік нөмірдің белгіленуімен Өтініштерді тіркеу кітабына тіркелгендердің саны ерекшеленеді.
      4-бағанда Өтініштерді тіркеу кітабына тіркелуден жасырынған, бірақ соңында анықталған және тиісті түрде тіркелген қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштердің және хабарламалардың жалпы саны бейнеленеді. 5-бағанда, сонымен қатар 4-бағаннан, прокуратура органдарымен анықталған, есепке алынудан жасырынған қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламалар бейнеленеді.
      Есепке алынудан жасырынған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламалар туралы мәліметтер қылмыстық қудалау органының, сонымен қатар прокуратура органдарының (аудандық, облыстық және тағы басқа) есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылуы анықталған бөлімінің есебінде есептелетінін ескеру қажет.
      Прокуратура органдарымен есепті құру кезінде 5-бағанда жоғарыдағы прокурорлармен анықталған қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламалар бейнеленуі тиіс.";

      14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "14. 6-бағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің  185-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық қудалау органымен шешімдер қабылданған барлық өтініштер мен хабарламалар ескеріледі.
      7-бағанда 6-бағаннан есептік жылдың басталуындағы қалдықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс жүргізу Кодексінің  185-бабының 1-бөлігі тәртібінде қабылданған шешімдер саны ерекшеленеді.";

      15-тармақта "6", "7", және "3" сандары тиісінше "8", "9" және "4" сандарымен ауыстырылсын;

      16-тармақта "8", "9", "10", "12" және "13" сандары тиісінше «10", "11", "12", "13" және"14" сандарымен ауыстырылсын;

      17-тармақта "14" және "15" сандары тиісінше "15" және "16" сандарымен ауыстырылсын;

      18-тармақта:
      "16-19" және "16", "17", "18", "19" сандары тиісінше "17-20" және "17", "18", "19", "20" сандарымен ауыстырылсын;

      екінші азат жолда "қайта тіркеу мерзімінің аяқталу уақытынан бастап есептеледі" сөздері "оның қылмыстық қудалау органына келіп түскен сәтінен бастап" сөздерімен ауыстырылсын.";

      19-тармақта "20" және "21" сандары тиісінше "21" және "22" сандарымен ауыстырылсын;

      20-тармақта "22" және "23" сандары тиісінше "23" және "24" сандарымен ауыстырылсын;

      21-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "21. 25-бағанда Өтініштерді есепке алу кітабына алдында тіркелгенге қосылған өтініштер мен хабарламалар ескеріледі. Сонымен қатар олар бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдері есепке алынуға тиісті емес.";

      22-тармақта "25" саны "26" санымен ауыстырылсын;
      Келесі мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
      "24. Ақталған және ақталмаған негіздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған материалдар жөніндегі анықталған және өтелген залал сомасы мыңдаған теңгемен белгіленеді.";

      аталған Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының 
      Бас Прокуроры

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы

       28 шілде 2006 жыл

         Қазақстан Республикасы
      экономикалық қылмысқа
      және сыбайлас жемқорлыққа 
      қарсы күрес агенттігінің
      Төрағасы (қаржы полициясының)

       21 шілде 2006 жыл 

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

               2006 жыл

      Қазақстан Республикасының 
      Қорғаныс министрі

       4 тамыз   2006 жыл

      Қазақстан Республикасының 
      Әділет министрі

      29 қыркүйек 2006 жыл      

       Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі

       25 шілде 2006 жыл

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі 
      Кедендік бақылау комитетінің
      Төрағасы

        18 шілде 2006 жыл

                                     Қазақстан Республикасы
                                         Бас Прокурорының
                                    2006 жылғы 25 қыркүйектегі
                                     N 54 Бұйрығына 1-қосымша
                                       Қазақстан Республикасы
                                          Бас Прокурорының
                                       2003 жылғы 11 тамыздағы
                                      N 48 Бұйрығымен бекітілген
                                    "Қылмыстық қудалау органдарының
                                    қылмыстар жөніндегі өтініштер
                                    мен хабарламаларды қарауы
                                  туралы" 2-3С нысанды статистикалық
                                        есептің құрылуы бойынша 
                                        Нұсқаулыққа N 1 қосымша 

                            2-3С нысан
    Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар
    туралы өтініштер мен хабарламаларды қарауы туралы

ҚР ҚК тараулары

ҚР ҚК бабы

код строки

есептік жылдың басталуына қылмыстар, оқиғалар жөніндегі қаралмаған өтініштер мен хабарламалардың қалдығы 
 

Есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламалардың саны, сон. қ. бір дерек бойынша ӨЕК алдында тір-ге қосыл-р саны

Қылмыстық қудалаудың басқа органдарынан келіп түскен қылмыс-р, оқиға-р жөн-гі өтініштер мен хабарлам-ң саны 

қылмыстар туралы есепке алудан жасырылған өтініштер мен хабарла-ң анық-ң барлығы

с.қ. 5-бағаннан есепке алудан жасыр-ған өтініштер мен хабарламалар прокурорлармен анықталды

ҚР ҚІЖК 185-бабының 1-бөлігі тәртібінде шешім қабылданды




1

2

3

4

5

6

1-тарау

Адам өлтіру (96-бап)

1








соның ішінде азаматтардың жоғалу деректері бойынша

2







Абайсызда кісі өлтіру (101-бап)

3








соның ішінде жазатайым оқиға нәтижесінде адамның қаза болу деректері бойынша

4







Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап)

5








соның ішінде өзін-өзі өлтіру деректері бойынша

6







Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап)

7







Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап)

8







Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап)

9








соның ішінде ұрып-соғу деректері бойынша

10







Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап)

11








соның ішінде зорлап өлтірудің белгілері анықталмаған адамдардың мәйіттерін табу деректері бойынша

12







Зорлау (120-бап)

13







Жеке адамға қарсы өзге де қылмыстар

14







2-тарау

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)

15







Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап)

16







Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап)

17







Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы өзге де қылмыстар

18







3-тарау

Тұрғын үйге қол суғылмаушылықты бұзу (145-бап)

19







Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы өзге де қылмыстар 

20







4-тарау

Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап)

21







Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап)

22







Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни арыздықты қоздыру (164-бап)

23







Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар 

24







5-тарау

Шпионаж (166-бап)

25







Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-бап)

26







Диверсия (171-бап)

27







Жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-бап)

28







Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар

29







6-тарау

Ұрлық (175-бап)

30








соның ішінде пломбыларды бұзу немесе қирату іздерін табу деректері бойынша

31







Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап)

32







Алаяқтық (177-бап)

33








соның ішінде қызмет бабын пайдалану жолымен (177-б., 2-б., "в"-т.)

34







Тонау (178-бап)

35







Қарақшылық (179-бап)

36







Қорқытып алушылық (181-бап)

37







Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап)

38







Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап)

39








сонымен қатар автокөлік агрегаттарының (двигательдерінің) нөмірлерін бөлу деректері бойынша

40







Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап )

41







Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап)

42








соның ішінде өрт деректері бойынша

43







Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап)

44







Меншікке қарсы өзге де қылмыстар

45







7-тарау

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)

46







Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)

47







Заңсыз банктік қызмет (191-бап)

48







Жалған кәсіпкерлік (192-бап)

49







Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)

50







Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап)

51







Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап)

52







Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап)

53







Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және пайдалану (208-бап)

54







Экономикалық контрабанда (209-бап)

55







Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап)

56







Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап)

57







Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап)

58







Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (222-бап)

59







Тұтынушыларды алдау (223-бап)

60







Заңсыз сыйақы алу (224-бап)

61







Экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстар

62







8-тарау

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар

63







9-тарау

Терроризм (233-бап)

64







Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)

65







Бандитизм (237-бап)

66







Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру (239-бап)

67







Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (242-бап)

68







Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап)

69







Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап)

70







Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап)

71







Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256-бап)

72







Бұзақылық (257-бап)

73







Тағылық (258-бап)

74







Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

75







10-тарау

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап)

76







Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап)

77







Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)

78







Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап)

79







Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

80







11-тарау

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап)

81







Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап)

82







Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктерді аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап)

83







Суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап)

84







Атмосфераны ластау (282-бап)

85







Теңіз аясын ластау (283-бап)

86







Жерді бүлдіру (285-бап)

87







Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап)

88







Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-бап)

89







Заңсыз аңшылық (288-бап)

90







Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап)

91







Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпті төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап)

92







Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап)

93







Ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап)

94







Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап)

95







Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап)

96







Өзге де экологиялық қылмыстар

97







12-тарау

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)

98







Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап)

99







Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-бап)

100







Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу (306-бап)

101







Өзге де көліктегі қылмыстар

102







13-тарау

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап)

103







Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап)

104







Пара алу (311-бап)

105







Пара беру (312-бап)

106







Парақорлыққа делдал болу (313-бап)

107







Қызметтегі әрекетсіздік (315-бап)

108







Салақтық (316-бап)

109







Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар

110







14-тарау

Өкімет өкілін қорлау (320-бап)

111







Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-бап)

112







Прокурорлардың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау (321-1-бап)

113







Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту (330-бап)

114







Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (330-1-бап)

115







Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (330-2-бап)

116







Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу (330-3-бап)

117







Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап)

118







Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу (334-бап)

119







Басқару тәртібіне қарсы өзге де қылмыстар

120







15-тарау

Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап)

121







Сотты құрметтемеу (342-бап)

122







Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)

123







Азаптар (347-1-бап)

124







Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап)

125







Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасыз өтеуден жалтару (359-бап)

126







Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (360-бап)

127







Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (362-бап)

128







Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы өзге де қылмыстар

129







16-тарау 

Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-бап)

130








Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап)

131







Қашқындық (373-бап)

132







Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап)

133







Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап)

134







Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап)

135







Қызметке селқос қарау (381-бап)

136







Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (387-бап)

137







Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап)

138







Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап)

139







Өзге де әскери қылмыстар

140








БАРЛЫҒЫ:

141







  кестенің жалғасы

с.қ. есептік кезеңнің соңын-ғы қалдықтан (7-бағаннан)

шешім қабылданғандардың қатарынан

қылмыстық істі қозғау туралы

с.қ.
5-бағаннан қозғалған қылмыстық істер

қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы

өтінішті есептен алуға беру туралы (ҚР ҚІЖК 185-бабының 1-б 3-т.)

  барлығы

  ақталмаған негіздер бойынша 

  с.қ. ҚР ҚІЖК
37-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бой-ша


  тергеуде болуы бойынша

  соттылығы бойынша

ҚР ҚІЖК
37-бабының 1-бөлігі 2-тармағы бой-ша құрамның болмау-на бай-ты

ҚР ҚІЖК
37-бабының 1-бөлігі 1-тармағы б-ша  оқиғаның болмау-на бай-ты

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16











  кестенің жалғасы

қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қарау мерзімдері

Қылмыс-қ істің қоз-мен қыл. істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы прокурормен алынды

с.қ. қылмыстық қудалау орган-ның бастамасы бойынша 22-баған

Материалдарды қосымша тексеруге жолдаумен қыл. істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы прокурормен алынды 

с.қ. қылмыстық қудалау орган-ның бастамасы бойынша 24-бағаннан

Бір дерек бойынша ӨЕК алдында тір-ге қосылды

Есептік кезеңнің соңын-ғы қалдық

3 тәуліктен кешіктірілмей

3 тәуліктен 10 тәулікке дейін

10 тәуліктен 1 айға дейін

1 айдан астам

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26











        Есеп ____ данада құрылған
      200_жыл "__"_________N___

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады