"DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 417-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4454 болып енгізілді.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі  Заңының  9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және "DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының радиожиіліктер бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 16-5 шешіміне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
       1.   Жеке және заңды тұлғаларға байланыстың әртүрлі желілерінде қолдануға арналған "DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтарын Қазақстан Республикасының аумағында әзірлеу, өндіру, жаңарту және пайдалану үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолақтарын екінші негізде қолдануда Қазақстан Республикасының радиожиілік жолақтарын пайдалануға рұқсаттама құжаттарының рәсімінсіз мынадай шарттарды орындаған жағдайда рұқсат берілсін:
      1) Еуропаның байланыс стандарттары институты қабылдаған (ЕТSI)
ЕТSI 300175 стандартына "DЕСТ" стандартындағы жабдықтарының негізгі сипаттамалары сәйкес келу керек;
      базалық және абоненттік станцияларының орташа қуаты 10 МВт аспауы қажет, антенналардың күшейту коэффициенті 18 дБ артық болмауы қажет;
      "DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтарының әрбір түріне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте сертификат алынуы қажет;
      "DЕСТ" стандартындағы сымсыз телефон байланысы жабдығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс және шеткі абоненттік терминал ретінде қолданылуы керек.
      2. Байланыс департаменті (Волкова Е.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрден жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады