Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4538 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 634 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 634 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      ---------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.
      2. Осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.      

Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі                                        Б. Жәмішев

                                        Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                      2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                       N 634 бұйрығына 37-қосымша
 

Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі  

      1. ...
      .......
      4. "Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 666 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4538 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 28 ақпандағы N 31 (1234) жарияланған).
      ..... 

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш нысанын бекіту туралы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Смағұлова Г.Ә.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден соң ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

                                          Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы министрлігінің Салық
                                           комитеті Төрағасының 
                                       2006 жылғы»29 желтоқсандағы
                                         N 666 бұйрығына қосымша

                                          _______________________
                                           бойынша салық комитеті

          Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың
           қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініш

      Мен, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы
5-тармағы негізінде жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат (керегінің
астын сыз) ретінде тіркелген
____________________________________________________________________
     (Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың аты-жөні)
_______________________________________(СТН ______________________),
200__ жылдың»____» __________ мен 200__ жылдың»____» ______________
аралығындағы кезеңге қызметімді уақытша тоқтата тұру туралы
мәлімдеймін.
      Қосылған құн салығын төлеушімін: иә/жоқ (керегінің астын сыз).

      Аты-жөні ________________________      ______________     
                                                (қолы)        
 
                                           200__жыл»"____"»_________
                                           (өтініш берілген күн)

      Ескерту:
      1) Осы өтінішті шаруа (фермерлік) қожалықтарына және қызметтің
жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын.
дарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар
тапсырады;
      2) қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады