Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-386қ "2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 33-985қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 452 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 06-526қ қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.28 N 06-526қ қаулысымен

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-386қ "2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылдың 17 мамырында N 440 болып тіркелген; 2006 жылғы 23 мамыр "Астана хабары" газетінің N 72 және 2006 жылғы 20 мамыр "Вечерняя Астана" газетінің N 73, 74 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада қалалық шақыру комиссиясының (резервтік) құрамына Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Шабалин Евгений Витальевич төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада шақыру комиссиясының құрамына Астана қаласы "Алматы" ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Байдәулетов Асылбек Бекболсынұлы төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада шақыру комиссиясының құрамына Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Ысқаков Қайрат Омарұлы төраға болып енгізілсін;

      көрсетілген құрамдардан Байдәулетов Асылбек Бекболсынұлы, Нұрлан Маханбеджанұлы Алданбергенов, Нұрболат Әкімұлы Ташболатов шығарылсын;

      12-тармақта көрсетілген қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Есіловке жүктелсін.

      2. Осы қаулы Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі

      КЕЛІСІЛДІ

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана станциясындағы
      ішкі істер желілік бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      директорының міндетін атқарушы

      "Астана қаласының Еңбек және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесі директоры

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы, азаматтық қорғаныс,
      аппаттардың және дүлей аппаттардың
      алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
      жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады