Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылғысына Қорғалжын және Жақсы аудандары бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N ЗС-22-15 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 қарашада N 3197 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «село» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауыл» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының  3, 8, 11 баптарына сәйкес, Қорғалжын және Жақсы аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Қорғалжын ауданы бойынша:
      Өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын: Амангелді ауылдық округінің Бірлік ауылы; Арықты ауылдық округінің Қорқылдақ ауылы; Қарашалғы ауылдық округінің Тыңғылықты ауылы; Қызылсай ауылдық округінің Қасқатау ауылы;
      Бірлік қонысын Қорғалжын ауылдық округінің Қорғалжын ауылы құрамына қосып, Амангелді және Қорғалжын ауылдық округтерінің шекаралары Бірлік қонысының шекараларында өзгертілсін;
      Арықты ауылдық округінің Қорқылдақ қонысы Арықты ауылдық округі Сулыкөл ауылының құрамына, Қарашалғы ауылдық округінің Тыңғылықты қонысы Қарашалғы ауылдық округі Жантеке ауылының құрамына, Қызылсай ауылдық округінің Қасқатау қонысы Қызылсай ауылдық округі Шалқар ауылының құрамына енгізілсін.
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын:
      Ишимское ауылдық округінің Баубек батыр атындағы ауыл; Калинин ауылдық округінің Глебовка ауылы;
      Ишимское ауылдық округінің Баубек батыр қонысы Ишимское ауылдық округінің Ишимское ауылының құрамына, Калининское ауылдық округінің Глебовка қонысы Калининское ауылдық округінің Калининское ауылының құрамына енгізілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Ақмола облыстық мәслихаты   Ақмола облысының әкімі
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады