Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихатының шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 19 қазандағы шешімінің 3 тармағына байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданы бойынша Ақмола облысының елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Елизаветинка ауылдық округі мен Елизаветинка ауылы сәйкес Бозайғыр ауылдық округі мен Бозайғыр ауылына;
2) Казциковское ауылдық округінің Барышевка ауылы Мықтыкөл ауылына.
2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
Ақмола облысының әкімі