Ырғыз ауданының, Қызылжар ауылдық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл ауылдық округі Коминтерн ауылын - Құтикөл ауылы, Ырғыз ауылдық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 242 шешімі және Ақтөбе облысы әкiмиятының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 89 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 сәуірінде N 3178 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосын", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылын", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабынның 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ырғыз аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Ырғыз ауданының, Қызылжар ауылдық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл ауылдық округінің Коминтерн ауылын - Құтикөл ауылы, Ырғыз ауылдық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.

      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады