Балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 176 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 2 маусымда № 3181 тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 10, 40 баптарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына, "Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысына және 2006 жылғы 21 наурызда өткізілген конкурс қорытындысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балық шаруашылығы су айдындары табиғат пайдаланушыларға қосымшаға сәйкес 10 жылға бекітіліп берілсін.

      2. "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасына" ММ балық шаруашылығын жүргізу құқығын алған табиғат пайдаланушыларға рұқсат беру құжаттамаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімдеу ұсынылсын.

      3. Балық шаруашылығын жүргізу құқығын алған табиғат пайдаланушылар, бекітілғен су айдындарындағы жедел кәсіптік жағдай туралы "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" ММ және "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне" ММ ай сайын ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы ол ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.

      5. Осы қаулының орындалуын және жариялануын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Е. Сағындықов

  Облыс әкімдігінің
2006 ж. "17" мамырдағы № 176
қаулысына косымша

Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарының Тізбесі

Балық шаруашылығы су айдындарының атауы

Табиғат пайдаланушылардың атауы

1.

Қарғалы ауданының Қарғалы су қоймасы

"Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымы" БҚ Ақтөбе қаласы

2.

Ырғыз ауданының Кіші Жалаңаш көлі

"Наурыз-Сим ЖШС" Ырғыз селосы Ырғыз ауданы

3.

Ырғыз ауданының Үлкен Жалаңаш көлі

"Наурыз-Сим ЖШС" Ырғыз селосы Ырғыз ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады