Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009.11.12 № 331 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 192 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3 бөлімінің және оған қоса берілген ережедегі:
"Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" сөздері "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" сөздерімен ауыстырылсын және "Қаратаев А.Б." сөзі алынып тасталсын;
қаулының 4 бөлімінің "Гилимов С.К." сөзі "Мұқашев С.Ш." сөзіне ауыстырылсын;
Ереженің 2 бөлімінің 3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" ММ-мен және аудандық қаржы бөлімдерімен жүзеге асырылады (одан әрі - Жалға беруші);
Ереженің 3 бөлімінің 10 тармағы мынадай мазмұндағы 6 тармақшамен толықтырылсын:
"Бюджет алдында қарыздың жоқтығы туралы мәлімет";
Ереженің 9 бөлімінің 42 тармағының бірінші азат жолында "тоқсан" сөздерін, "жыл" сөзіне ауыстыру және "Жалгердің қызмет түрін ескеретін коэффициент" мынадай редакцияда мазмұндалсын:
________________________________________________________________
р/б Жалгердің К4
қызмет түрі мәні
_________________________________________________________________
1 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар 1,0
2 мектептерде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 0,8
3 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар 1,3
4 кондитер бұйымдары өндірісі 1,3
5 білім беру қызметі, мәдени орталықтар 1,3
6 медициналық қызметтер, дәріханалар 1,5
7 коммерциялық қызмет 1,7
8 өндіріс 1,7
9 банк, қамсыздандыру қызметі 2,0
10 басқа түрлері 1,6
__________________________________________________________________
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Ақтөбе облыс әкімшілігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 282 қаулысы бұзылсын.
Облыс әкімі