Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қаласының әкімдігі 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 706 қаулысы. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 12 мамырда N 3-1-49 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 911 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.04.20 N 911 қаулысымен.
      Сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарын қала объектілеріндегі қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару Кодексінің 30 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 31 және 37 баптары негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі анықталсын, жалпы саны - 50 адам.
      2. Сотталғандар тапқан қаржы жергілікті бюджетке аударылсын.
      3. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 368 "Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Б. Мұхамбетовке жүктелсін.

      Қала әкімі

Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі



Ұйымдар атауы
Жіберілетін сотталғандар саны
1.
"Арнаулы автокөлік" АҚ
5
2.
"Жасыл Әлем" ЖШС
5
3.
"Кастор" ЖШС
5
4.
"Өтес" ЖШС
5
5.
"Сандор" ЖШС
5
6.
"Абира" ЖШС
5
7.
"Башлам" ЖШС
5
8.
"Гем" ЖШС
5
9.
"Гүлтерек сервис" ЖШС
5
10.
"Зеленстрой" ЖШС
5
 
БАРЛЫҒЫ:
50

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады