Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 106 қаулысы. Алматы облыстық әділет басқармасында 2006 жылғы 29 мамырда N 1962 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімдігінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімдігінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 22 қаулысымен
________________________

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабындағы 3 тармаққа сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 96 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті атқарушы органдар қорғаныс істері жөніндегі тиісті басқарма мен бөлімдер арқылы 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып және қамтамасыз етсін.

      2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.

      3. Қаратал ауданының әкімі (Қ. Ө. Медеуов) Үштөбе қаласының облыстық жинау пунктіне, кезекті әскерге шақыру кезеңінде техникалық жұмысшыларды қажет мөлшерде бөлсін.

      4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б. Садықов):
      1) облыстық, аудандық және қалалық медициналық комиссияларын білікті маман-дәрігерлермен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
      2) инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырылушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      3) шақырылушыларды адамдардың имунды тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясына ақысыз тексеруді, сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлерін қамтамасыз етсін;
      4) шақыру (жинау) пункттерін қажетті құралдармен, медициналық, шаруашылық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен жабдықтасын;
      5) тексеру мен емдеудің сапасына аудандар мен қалалардың бас дәрігерлері дербес жауапкершілікте болатынына назар аударсын;
      6) шақырылушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарында төсек-орынның қажетті санын бөлсін.

      5. Ішкі саясат департаменті (Қ. Жәйшібекова) жастарды қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау жөніндегі конституциялық борышын қалтқысыз орындауға тәрбиелеу жұмысын жандандырсын.

      6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Т. Шарапиев) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылап, тексерулер ұйымдастырсын.

      7. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент (Т. Мәукебаев) көктемгі шақыру бойынша осы қаулының орындалу барысы туралы, облыс Әкімін 2006 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2007 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.

      8. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                     С. Yмбетов

Облыс әкімдігінің    
2006 жылғы 24 сәуірдегі 
"Қазақстан Республикасының
1979-1988 жылдары туылған 
азаматтарын 2006 жылдың 
сәуір-маусымында және  
қазан-желтоқсанында   
кезекті мерзімді әскери 
қызметке шақыру туралы" 
N 106 қаулысына қосымша 

Алматы облысы шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Комиссия төрағасы:

Мәукебаев Темір Рамазанұлы

- Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

Комиссия төрағасының орынбасары:

Салагаев Сергей Юрьевич


  - Алматы облысы жұмылдыру дайындығы,азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы

Комиссия мүшелері:


Аюбаев Мейрам Ақатұлы

- Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары

Ысқақов Бауыржан Азатұлы
 
 

  Перкин Сергей Иванович

Теңізбаева Мейрамгүл Зауытбайқызы

- облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

- Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық бақылау медициналық комиссиясының төрағасы

- облыстық шақыру комиссиясының хатшысы

      Облыс әкімі
      аппаратының басшысы             Н.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады