Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, жекелеген аудандардың өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып Алматы облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол селолық округке ең жуық елді мекендерінің құрамына енгізілсін:
1) Балқаш ауданы бойынша:
Бақбақты селолық округінің подхоз Водник ауылы, тұрғындары Бақбақты ауылының құрамына;
Балатопар селолық округінің Ақбайлау ауылы, тұрғындары Балатопар ауылының құрамына;
Көктал селолық округінің Ескі Көктал ауылы, тұрғындары Көктал ауылының құрамына;
2) Жамбыл ауданы бойынша:
Айдарлы селолық округінің Шилібастау ауылы, тұрғындары Айдарлы ауылының құрамына;
3) Қарасай ауданы бойынша:
Шамалған селолық округінің Тасқын ауылы, тұрғындары Шамалған ауылының құрамына;
Бірінші Май селолық округінің Үшқоңыр ауылы, тұрғындары Бекболат ауылының құрамына;
4) Қаратал ауданы бойынша:
Балпық селолық округінің Пияз ауылы, тұрғындары Оян ауылының құрамына;
5) Кербұлақ ауданы бойынша:
Көксу селолық округінің Ынтымақ ауылы, тұрғындары Беріктас ауылының құрамына;
6) Панфилов ауданы бойынша:
Үлкенағаш селолық округінің Қаратөбе ауылы, тұрғындары Әулиеағаш ауылының құрамына;
7) Талғар ауданы бойынша:
Алатау селолық округінің Березка ауылы, тұрғындары Шымбұлақ ауылының құрамына;
Нұра селолық округінің Топай ауылы, тұрғындары Нұра ауылының құрамына енгізілсін.
2. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы