Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімиятының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 27 қаңтарда N 2-4-20 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдегі № 467 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 16.07.2014 № 467 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 8 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмектің есептелінуі мен тоқсан сайын төленуі қамтамасыз етілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2010.11.03 N 93 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп танылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп танылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2010.11.03 N 93 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (Қ.Кекбаланов) заңмен белгіленген тәртіпте:
      1) әлеуметтік көмектің мүгедек баланың ата-анасының немесе оның  орнындағы адамның біреуіне тағайындалып төленуі, төмендегі құжаттар жинақталған жағдайда жүзеге асырылсын;
      өтініш иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (оралмандар үшін жеке куәлік немесе азаматтық алуға тапсырған құжаты);
      мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектігі куәландырған анықтамасының көшірмесі;
      отбасы құрамын растайтан тұрғылықты жерінен анықтама;
      облыстық психологиялық-дәрігерлік, ұстаздық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің, оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
      4. Аудандық бюджетте қаралған қаржыға сәйкес мүгедек балаларға төленетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық экономика және қаржы бөліміне (Қ.Исаев) тапсырылсын.
      5. Аудандық Әділет басқармасында 2005 жылғы 24 маусымда 2-4-4 нөмерімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу еңірі" газетінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 30 санында жарияланған, аудан әкімиятының "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 2005 жылғы 15 маусымдағы N 285 қаулысының күші жойылған болып танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Е. Алпысовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркеліп, жергілікті баспа басылымдарында жарияланғаннан соң 10 күн күнтізбелік мерзімнен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                А. Айтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады