Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 93 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 25 наурызда N 2-4-107 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдегі № 467 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 16.07.2014 № 467 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтардағы 2-4-20 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 7 санында жарияланған, аудан әкімиятының "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармағында "үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 5 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде" деген сөздер "үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 8 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде" сөздеріне өзгертілсін.
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп танылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп танылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады