Қазақсатн Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы және әлеуметтік жқмыс орындарын ашу мүмкіндіктерін қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Бигелдиев |