Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"» Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабындағы 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 4187 болып тіркелген бұйрығының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-6 "2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем (ставкалар) нормативтері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1632 болып тіркелген, 2006 жылдың 5 қаңтарында "Ақ жол" және«"Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Жамбыл облыстық мәслихатының
2006 жылғы 28»шілдедегі
18-5 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары
теңге
р/с № |
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
Уыттылық сыныбы |
Ставкалар |
1 |
Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары |
шартты тонна |
394 |
|
2 |
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары: |
тонна |
165 |
|
этилденбеген бензин үшін; |
тонна |
|||
дизель отыны үшін; |
тонна |
|||
сұйытылған газ үшін; |
тонна |
|||
сығындалған газ үшін. |
тонна |
|||
3 |
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері: |
|||
су объектілеріне; |
шартты тонна |
7857 |
||
экрандалған жинауыштарға; |
шартты тонна |
3928 |
||
экрандалмаған жинауыштарға; |
шартты тонна |
5612 |
||
сүзілу алаңдарына; |
шартты тонна |
1033 |
||
суармалы егіс танабы. |
шартты тонна |
5612 |
||
4 |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда ораналастыру |
тонна |
V |
120 |
тонна |
IV |
240 |
||
тонна |
III |
480 |
||
тонна |
II |
1920 |
||
тонна |
I |
3840 |
||
5 |
Аршынды жыныстар |
тонна |
V |
3,6 |
6 |
Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары (қи, құс саңғырығы) (1 тонна үшін) |
тонна |
9,2 |
|
7 |
Сынабы бар пайдаланудан шыққан шамдар |
дана |
I |
969 |
Ескерту:
2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" N 884 қаулысына сәйкес 107,0 пайызды құрайтын 2005 жылғы төлем ставкаларының тұтыну бағасының индексіне түзету енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 02-1-2 6/2565-и нұсқауы бойынша белгіленген.