Аз қамтылған отбасыларына жеке шаруашылығын дамытуға және өз ісін ашуға әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 261 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 3 қарашада N 1648 тіркелді. Күші жойылды-Жамбыл облысы әкімдігінің 22 қазандағы 2015 жылғы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтылған отбасыларына жеке шаруашылығын дамыту және өз ісін ашуға әлеуметтік көмек мөлшері (әрі қарай - әлеуметтік көмек) тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
      2. Атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алуға құқықтары бар тұлғаларға төмендегідей қызмет түрлерін дамытуға әлеуметтік көмек алу құқығы берілсін:
      1) жеке шаруашылығына мал сатып алуға;
      2) тұқым сатып алуға;
      3) халық кәсіпшілігін дамытуға;
      4) жеке шаруашылығын дамытуға.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу осы мақсаттарға біржолғы төлем ретінде жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
      4. Әлеуметтік көмекті алатындарды анықтау кезінде, қызметтері Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 26 қаңтардағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссиялардың Ережесін бекіту туралы" N 9 қаулысымен реттелетін, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1637 болып тіркелген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссия отырысында әлеуметтік көмек көрсету қажет немесе оны беруден бас тарту туралы шығарылған қорытындысы басшылыққа алынсын.
      5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және осы қаулыға сәйкес:
      1) әлеуметтік көмекті алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілесін;
      2) әлеуметтік көмекті уақтылы төлеу жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы Жамбыл облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Жексенбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады