Жамбыл облысы Меркі ауданы Ново-Воскресеновка ауылдық округінің және Ново-Воскресеновка ауылының аттарын өзгерту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 26 қазандағы N 270 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 17 қарашадағы № 19-20 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 қарашада N 1651 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ново-Воскресеновка ауылдық округіне және Ново-Воскресеновка ауылына Андас батыр есімі берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы O. Телеуов
      Облыс Әкімінің
      міндетін атқарушы А. Савченко
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Әсілбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады