Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Тараз қалалық әкімиятының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 233 қаулысы. Тараз қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 19 сәуірінде 28 нөмірімен тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Тараз қалалық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Тараз қаласы N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласы N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
      1) округтер арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
      3) бруцеллезбен (сарып) ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға; көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулайды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізсін.

      3. Бруцеллезге (сарып) бейім жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды жануарларды) сатып алғанда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және 2-рет бруцеллезге (сарып) диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.

      4. N 1, 2, 4 аумақтық округтердің бас инспекторлары ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға қатыссын.

      5. Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің N 2, 3 полиция бөлімдерінің бастықтары М.Ш. Әбілдаев және Т.С. Данабеков (келісім бойынша ұсынылсын), Тараз қаласы N 1,2,4 аумақтық округтердің бас инспекторлары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Тараз қалалық аумақтық басқармасының ветеринариялық инспекторларымен (келісім бойынша ұсынылсын) бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды қүшейтсін.

      6. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы М.А. Ақтанова (келісім бойынша ұсынылсын), "Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Қ.Т. Асқарбеков, Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтердегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын қүшейтсін, бруцеллез (сарып) ауруы мен ауырған аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.

      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Бықыбаевқа жүктелсін.

      Тараз қаласының Әкімі

      Келісілген»

      Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      Департаментінің Тараз қаласы бойынша
      аумақтық басқармасының бастығы

      Жамбыл облысының
      ішкі істер департаментінің
      2 полиция бөлімінің бастығы

      Жамбыл облысының
      ішкі істер департаментінің
      N 3 полиция бөлімінің бастығы

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      Тараз қалалық аумақтық
      басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады