Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2009.12.27 № 29-4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасы бекітілсін.
2. Осы Шешім Шу аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған күнен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
І.Тортаев Қ.Жапабаев
Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы
28 сәуірдегі № 22-5-1 Шешімімен
бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу
ҚАҒИДАСЫ
1- тарау. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы
1. Бұл Қағида Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Републикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы №31-Б “Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеу Ережесiн бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 28 ақпанында тіркелген. Тіркеу № 1782.) сәйкес жасалынады.
2. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
3. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалға алушы (жалдаушы), соның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорында, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың қарауындағы үйлерінде тұратын тұлғаларға, егер тұрғын үйді ұстау өтемақы шығындары (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және тұрғын үй алаңы нормасының шегіндегі коммуналдық тұтыну, қамтамасыз ететін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және өтемақы шаралары осы мақсаттағы жол беруге болатын шекті шығындардың үлесі отбасы бюджетінен жоғары болған жағдайда беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге жол беруге болатын шекті шығындардың өтем ақысының үлесі отбасының жиынтық табысының 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
4. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үй ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу азаматтармен жалпы негіздерде жүргізіледі.
5. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу, тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегін құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
6. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі абонент) телефон үшін абоненттік ақы тарифтеріннің арттырылу өтемақысы, телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
7. Абонент – қалалық телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға.
Телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын есептеу үшін, абонент тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттармен тұрғылықты тұратын жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен барады.
2 –тарау Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы
тарифтерінің арттырылу өтемақысын беру шарттары
8. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын есептегенде, отбасы құрамына мыналар кіреді: ерлі зайыптылар, олардың балалары және ата-аналары, басқада туысқандары және тұлғалар, тұрғын үй иесімен (жалға алушысымен) бірге тұратын және бір жеке есеп шотқа тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметке және байланыс қызметіне төленетін, сондай-ақ қайтыс болған иесімен (пәтерлер, үйлер) бірге тұрған тұлғалар, мұрагерлік құқы анықталғанша (6 айға дейін), жасы кәмелетке толғанға дейін оның атында сақталған пәтерлер (үйлер), осы мекен жайда есепте тұрған қамқоршылықтағы жасы кәмелетке толмаған балалар.
9. Тұрғын үй көмегін алу үшін азамат (отбасы) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Шу аудандық мәслихатының 2010.08.12 № 25-4;
10. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар отбасының табысы, тұрғын үй шығындары, тұрғын үй көмегінің және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысының мөлшерінің есептелуіне ықпал ететін ақпараттарды және тағы басқа да мәліметтерді беруге міндетті.
11. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы өтемақысын алушылар қандай да болсын өзі тұрған үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының және оның жиынтық табысының өзгерістері туралы, сондай-ақ қалалық байланыс желісінің қызметінен бас тартқаны туралы, 10 күн ішінде «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлауы тиіс.
12. «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй көмегінің сомасына заңсыз немесе артық тағайындалуына әсер ететін мәлімет тапсырған, тұрғын үй иесі немесе жалға алушы (жалдаушы) бір жылға дейін тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын алу құқығынан айырлады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысының сомасы орнатылған заңдылықтар негізінде қайтарылуға жатады.
13. Құжаттарды дұрыс емес рәсімдегені үшін, тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы заңсыз тағайындалғанда, осыған кінәлі лауазымды тұлғалар, орнатылған заңдылықтар негізінде жауап береді.
14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтер) болса немесе тұрғын үйін (алаңдарын) жалға тапсырған тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
3- тарау Тұрғын үй күтуге және коммуналдық қызметке көмек беру жөніндегі әлеуметтік мөлшері мен нормативтер
15. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген коммуналдық және байланыс қызметтерінің тарифтері тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын есептеу негізі болып табылады.
16. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, тұрғын үй алаңының өтемдік қамсыздандыру өлшемінің қалпы үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік тұрғын жай берген пәтердің (үйдің) салыстырмалы қалыптық пайдалы алаңы қабылдаған бірақ жеке тұрушы азамат үшін бір бөлмелі пәтерден кем емес қабылдансын. Бір пәтерде тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша жеке есеп шоттары бар бірнеше отбасы немесе азаматтар тұрған жағдайда, тұрғын жайдын қалыптық алаңы жеке тұрғын алаңынан кем болмауы тиіс.
4- тарау Отбасы табысының кіріс жиынтығын есептеу
17. Тұрғын үй көмегін есептегенде есепке отбасының арыз берген айының алдындағы тоқсанның табысы алынады. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 13 ақпан 2002 жылғы № 31-Б бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 28 ақпанында тіркелген. Тіркеу № 1782.) бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамнын (отбасының) жиынтық табысын белгілеу ережесі» бойынша аңықталады.
5- тарау Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінін артттырылу өтемақысын тағайындау
18. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын тағайындау немесе бас тарту туралы шешім құжат қабылданған күннен бастап 10 күннің ішінде қабылданады.
19. Тұрғын үй көмегі жыл сайын бірінші және төртінші тоқсандарда тағайындалады. Тағайындау арыз берген айынан бастап, бірақ олардын құқығы келген мерзімінен ерте емес ағымдағы тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы жыл бойы, бірақ олардың құқығы келген мерзімінен ерте емес.
Қажетті құжаттармен бірге арыз берген ай өтініш берген айы деп есептелінеді.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері, телефон үшін абоненттік өтемақы тарифтерінің көлемінің арттырылуының қосындысы және осы мақсаттарға отбасының шығаратын шығындарының денгейі және өтем ақы шараларын қамтамасыз ететін нормалар шегіндегі коммуналдық қызмет тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау тарифтері жөніндегі есептелінген сомалардың арасындағы айырмамен есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айрмасынан асырылмайды.
Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шегі сондай-ақ коммуналдық қызметтердің тарифтік мөлшерлері және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырырылуының өтемақысы қайта есептеледі.
Табыс туралы мәлімет тоқсанына бір рет тапсырылады. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын алушылар арыз бен басқа да осы Қағиданың 9 бөліміндегі көрсетілген құжаттар тапсырылған соң тіркеледі.
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш берген мерзімінің тұрғын үйді ұстау және оның коммуналдық шығындарының және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы өтемақысы қарызына байланыссыз тағайындалады.
6-тарау Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік
ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы
21. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы республикалық бюджеттен жүргізіледі.
22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді «Шу аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Шу аудандық мәслихатының 2010.08.12 № 25-4 Шешіммен.
23. Коммуналдық, қызметті пайдалану және байланыс қызметтерін көрсетуші мердігерлер тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырлуы өтемақысының түскен соммасы алушылырдың жеке есеп шоттарына аударады.
24. Қалыптан тыс жағдайлар болған кезде, тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын тағайындау туралы мәселесін шешу үшін «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығымен құрылған даулы және қалыптан тыс жағдайларды қарастыратын арнайы комиссиясының қарауына ұсынылады.