Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2009.12.27 № 29-4 Шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес және аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 23 шілдедегі ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» 2006 жылғы 28 сәуірдегі №22-5-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-11-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырдағы №41 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған Шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақысы төлеу қағидасының 9, 22 тармақтары төмендегідей жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Тұрғын үй көмегін алу үшін азамат (отбасы) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
«22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді «Шу аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.».
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Е.Жиенбеков Б.Саудабаев