Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбір ауылдық округтерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі N 19/17 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XXIII сессиясының 2006 жылғы 5 қазандағы N 351 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2006 жылғы 14 қазанда N 1819 тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің негізінде, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Қарағанды облысының келесі аудандарының ауылдық округтері қайта аталсын:
      1) Нұра ауданы бойынша:
      Ивановка ауылы Кәрім Мыңбаев ауылы болып;
      2) Ақтоғай ауданы бойынша:
      Қуаныш ауылдық округі Қараменде би ауылдық округі болып;
      Киров ауылдық округі Жидебай ауылдық округі болып;
      Аманкелді ауылдық округі Шабанбай би ауылдық округі болып;
      Ақши ауылдық округі Кежек ауылдық округі болып;
      Озерное ауылы Шашубай кенті болып;
      Жаңаорталық ауылы Нарманбет ауылы болып;
      3) Қарқаралы ауданы бойынша:
      Ақжол ауылдық округі Мартбек Мамыраев ауылдық округі болып;
      Арқалық ауылдық округі Тәттімбет ауылдық округі болып;
      Сартау ауылдық округі Нығмет Нұрмақов ауылдық округі болып;
      Комсомол ауылдық округі Балқантау ауылдық округі болып;
      Балықтыкөл ауылдық округі Қоянды ауылдық округі болып;
      Айрық ауылдық округі Мәди ауылдық округі болып.
      4) Шет ауданы бойынша:
      Ақшатау ауылы Жарылғап батыр ауылы болып.
       2. Осы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімін бақылау облыс әкімінің орынбасары С.З. Қанаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
       3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

      Облыстық мәслихаттың
      ХХІІІ сессиясының төрағасы                 Ш. Мамалинов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ. Медиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады