"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес және Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы III шақырылған кезектен тыс XXVIII сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешімін орындау мақсатында (N 8-1-25 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде тіркелген) Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып бекітілсін.
2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құсаиынова Мәрия Қалиақпарқызы):
1) алушылардың жеке есеп-шоттарының нөмірі мен банктік тапсырманың 190-шы үлгісі көрсетілген жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы бұрын және қайта түскен өтініштер негізінде әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
2) азаматтардың бұрын және қайта ашылған есеп-шоттарына көлікте жүруге әлеуметтік көмек көрсету үшін есептелген сомалар және оларды банктік тапсырманың 190-шы үлгісіне сәйкес өтеу бойынша екінші дәрежелі банктермен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің осы операцияларды жүзеге асыратын лицензиясы бар ұйымдармен агенттік келісімдер жасасын.
3) ағымдағы айдың 20-на дейін ай сайын жүруге әлеуметтік көмек алушылардың тапсырған құжаттарымен жасалған тізімдемелер бойынша тасымалдаушылармен салыстыру актілерінің негізінде азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерінің қажеттілігі анықталсын және "Қарағанды қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
4) ағымдағы айдың 16-на дейін ай сайын ақша қаражаттарын өтеуді тоқтату және оны "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебіне қайтару үшін, қайтыс болғандардың, көшіп кеткендердің және екінші дәрежелі банктерден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің осы операцияларды жүзеге асыратын лицензиясы бар ұйымдардан жүруге әлеуметтік көмек алушылар құқығынан айырылғандар тізімін тапсырсын.
3. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалы (Молдаева Зәуреш Меңдіғарақызы - келісім бойынша) "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Құсайынова Мәрия Қалиақпарқызы) қоғамдық көлікпен жүруге әлеуметтік көмек тағайындау үшін ай сайын зейнетақы алушылардың деректер базасын тапсырсын.
4. "Қарағанды қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кәдеков Мұрат Шолтақұлы) қалалық бюджетте қаралған қаражаттар шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қоғамдық көлікте жүруге әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Қарағанды қаласы әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 11/50 "Қарағанды қаласының азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішінде қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) жолақыға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (N 1758 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу - тізімдемесінде тіркелген, 2005 жылғы 19 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" газетінің N 78 (19746) санында, 2005 жылғы 14 сәуірдегі "Индустриальная Караганда" газетінің N 45 (20128) санында жарияланған) қаулысының, әкімдіктің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 51/2 "Қарағанды қаласының азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішінде қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) жолақыға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қарағанды қаласы әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 11/50 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" (N 8-1-12 - нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімдемесіне тіркелген, 2005 жылғы 26 қарашада "Орталық Қазақстан" газетінің N 235-236 (19904) санында, 2005 жылғы 26 қарашада "Индустриальная Караганда" газетінің N 142 (20225) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәлімбаева Алмагүл Аманжолқызына жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі | В.Н. Чирков |
Келісілді: | |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу | |
орталығының Қарағанды облыстық | |
филиалы директорының орынбасары | |
Молдаева Зәуреш Мендігерейқызы | |
20 сәуір 2006 жыл