Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған XXXIII сессиясының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 18 шешімі. Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 7 шілдеде N 8-1-34 тіркелді

     Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 491 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ :

     1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

     2. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы ІІІ сессиясының "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы" N 9 шешімінің, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 1364, "Индустриальная Караганда" газетінде 2004 жылғы 11 наурызында N 29, "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 4 наурызында N 43-44 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзін-өзі басқару, экономика, жоспарлау, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).

     4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ІІІ шақырылған қалалық
     мәслихаттың кезекті XXXIIІ
     сессиясының төрағасы                              Ж.Мұхтаров

     Қалалық мәслихат хатшысы                          Қ.Бексұлтанов

Қалалық мәслихаттың   
2006 жылғы 7 маусымдағы 
ХХХІІІ сессиясының   
N 18 шешіміне қосымша  

Қарағанды қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылар

N

Мазмұны

Айлық есеп көрсеткіштен төлемдердің пайыз түрінде берілген айлық ставкасы

1

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 1 шаршы метрге дейін (парақша, кіші плакат А1, А2, А3, А4, афиша, транспарант)

200

2

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші таблолар)

300

3

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,1 бастап 5,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары)

400

4

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 5,1 бастап 10,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары)

600

5

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 10,1 бастап 20,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары, транспарант - тартпалар)

1500

6

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 20,1 бастап 75,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар)

2200

7

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 75,1 бастап 100 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар)

3000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады