Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласы мәслихатының 36 сессиясының 13.06.2007 N 583 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілік деңгейін көтеру, мәслихаттар алдында әкімдердің есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2004 жылғы 25 мамырдағы "Саран қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 108 ("Ваша газета" газетінде 2004 жылы 5 маусымда N 23 нөмірмен жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 1530 нөмірмен тіркелген) шешіміне төмендегідей толықтыру енгізілсін:
3 бөлім "Қалалық Мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау" 35-1 тармақпен, төмендегідей мазмұнда толықтырылсын:
"35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығын орындау, Саран қаласының әкімі және Ақтас кентінің әкімі өздеріне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары жайында жарты жылда бір рет есеп береді. Талқылаудан кейін қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады".
2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы шешім қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланғаннан кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы