Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы сегізінші сессиясының "Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы" N 8/4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 25/123 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2006 жылғы 06 мамырда N 8-13-17 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.12.2007 № 4/38 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабы, 3 тармағы, 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес аудандық Мәслихаттың жиырма бесінші сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы сегізінші сессиясының "Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы" N 8/4 шешіміне мынандай толықтырулар енгізілсін:

      1 Қосымшаның 5-1 тармағы "Кезектен тыс сессия қатарынан екі рет шақырылған жағыдайда екіншісінде төрағалықты аудандық Мәслихаттың хатшысы атқарады".

      34-1 тармағы "Аудандық Мәслихаттың сессиясы әр жарты жылдықта бір рет аудан әкімінің өз құзреті шегінде жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы есебін тыңдайды. Аудан әкімі болмаған жағдайда есепті міндетін атқарушы жасайды.

      Аудандық Мәслихат тұрақты комиссияларының отырыстарында аудан әкімінің (міндетін атқарушының) есебі тыңдалып, сессияға ұсынылуға байланысты есепті баяндама мен шешімнің жобасы сессия өтерден үш жұма бұрын аудандық Мәслихатқа жолданады.

      Аудан әкімінің есебі бойынша сессия шешімін аудандық Мәслихаттың депутаттары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 11 бабы 3 тармағының негізінде қабылдайды".

Сессия төрағасы

Н. Шахарбаев

Аудандық Мәслихат хатшысы

О. Жүкібаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады