Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 22 қаңтардағы ІV-сессиясының "Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 4/47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 26/162 шешімі. Шет ауданы әділет басқармасында 2006 жылғы 25 сәуірде N 8-17-18 тіркелді

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3 тармағы 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығына сәйкес аудандық Мәслихат  Шешім етті:

     1. Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 22 қаңтардағы ІV-сессиясының "Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 4/47 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 1431 болып тіркелген, облыстың "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 10 маусымдағы N 112 (19526), 12 маусымдағы N 113-114 және (19527) 15 маусымдағы N 115 (19528) сандарында жарияланған) N 8 тарауымен толықтырылысын және мынандай мазмұндағы қосымшалар енгізілсін:

     8. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аудандық Мәслихат сессиясында есеп беруі туралы.

     60. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдері өз құзіреті шегінде, кемінде жарты жылда бір рет аудандық Мәслихат депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді.

     61. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдері есеп беру қорытындылары бойынша аудандық Мәслихат шешімдерін орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

      Сессия төрағасы

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады