Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 26 маусымдағы N 205. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 27 шілдеде N 1949 тіркелді. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012.06.25  № 140 қаулысымен.
       Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне ,  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  алынып тасталды.

      Ескерту: алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 
2011 жылғы 23 қарашадағы  N 333 қаулысымен

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. басқарма тендерлік комиссияны қалыптастырады. Тендерлік комиссия құрамына:
      1) басқармасының;
      2) Облыс әкімі аппаратының;
      3)  алынып тасталды;
      4) Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының;
      5) Маңғыстау облысының әділет департаментінің өкілдері кіреді.
      Қажет болған жағдайда комиссия құрамына мемлекеттік басқару органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін. 
      Жоғарыда көрсетілген өкілдер тендерлік комиссия жұмысына жекелей немесе тиісті дәрежеде ресімделген сенімхат негізінде қатысады. Басқарма өкілі тендерлік комиссияның төрағасы болып табылады.";
       Ескетру: 1 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі  N 517 қаулысымен;

      31 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілік артады.";

      38 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Келісім-шарт жасасқан кезден бастап әрбір алты ай сайын комиссия белгіленген мерзімдерде тапсырылған есептер негізінде фирманың Басқарушысының келісім-шарт талаптарын орындауына тексеру жүргізуді сол жерге бару арқылы жүзеге асырады.";

      41 тармақтағы "Қазақстан Республикасымен танылған халықаралық келісім шарттар нормасымен" деген сөздер алып тасталсын.

      42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Келісім-шарт бойынша Объектіні басқару құқығын беру кезінде даулар, тараптардың өзара келісімімен немесе сотта қаралады.".

      2. алынып тасталды.

      Ескерту: алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 
2011 жылғы 23 қарашадағы N 333 қаулысымен.

      3. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М. Әлібекова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларын алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                    Қ. Көшербаев

       Ескерту: бүкіл мәтін бойынша өзгертулер енгізілді -    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі  N 517   қаулысымен;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады