Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қарашадағы N 18/335 шешiмi. Маңғыстау облыстық әділет Департаментінде 2006 жылғы 26 желтоқсанда N 1960 тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы  Кодексінің  462-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабы 5-тармағына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  10-бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ: 

      1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін (NN 1, 2 қосымшалар).

      2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төрағалық етуші,
      облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың    
2006 жылғы 29 қарашадағы   
N 18/335 шешіміне 1-қосымша 

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны
үшін 2007 жылға арналған төлемдердің ставкалары

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі 
(тонна)

Нормативтік төлем
(теңге)

1.

Атмосфераға стационарлық көздерден шығарылған ластағыш заттар*

Шартты белгілер

1477,0

2.

Қоршаған ортаға төгілген ластағыш заттар:

 

 

су нысандарына төгілген ластағыш заттар

Шартты т.

21815,0

булану, сүзу алаңдарындағы төгінділер

Шартты т.

9358,0

құрамдас бөлігі белгісіз ақпа сулар төгіндісі**

м 3

28,0

3.

Атмосфераға жылжымалы көздерден шығарылған ластағыш заттар:

 

 

этильденбеген бензин үшін

Физ.т.

507,0

дизельдік отын үшін

Физ. Т.

406,0

сұйытылған газ

Физ.т.

340,0

4.

Өндірістік және тұтыну қалдықтарын полигондарға, рұқсат етілген күл-қоқыс үйінділері мен арнаулы бөлінген орындарға орналастыру:

 

 

аса қауіпті қалдықтар - 1 сынып

Физ.т.

12120,0

жоғары қауіпті қалдықтар - 2 сынып

Физ.т.

6060,0

орташа қауіпті қалдықтар - 3 сынып

Физ.т.

1515,0

қауіптілігі аз қалдықтар -  4 сынып

Физ.т.

757,0

усыз қалдықтар -  5 сынып

Физ.т.

378,0

5.

Қайта өңдейтін технологиясы жоқ, қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды орналастыру:

 

 

 

трансуранды қалдықтар

ГБК

1010,0

 

альфа-радиоактивті қалдықтар

ГБК

505,0

 

бета-радиоактивті қалдықтар

ГБК

50,0

 

ампульді (жабық) радиоактивті көздер***

ГБК

505,0

      * - қоршаған ортаны басқару жүйелерінің ИСО 14001 стандартына сәйкес сертификатталған жылу электр станциялары және қазандықтарға ластағыш заттар үшін төлем төмендетілген - 0,12 коэффициенті қолданылады;
      ** - айыппұл санкциясын салу үшін төлем;
      *** - төлем ставкасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2006 жылдың 04 қазанында бекітілген "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" N 295-П  бұйрығынан , ҚР Әділет министрлігінде 01.11.06 ж. N 4443 болып тіркелген, алынған.
      Ескерту:  "Қошқар Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақпа сулардың төгінділері үшін нөлдік ставка қолданылады. 

Облыстық мәслихаттың      
2006 жылғы 29 қарашадағы    
N 18/335 шешіміне 2-қосымша  

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны
үшін 2007 жылы мұнай-газ саласы кәсіпорындары
төлейтін қосымша ставкалар

N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі
(тонна)

Нормативтік төлем
(теңге)

1.

Газ алауларын жағудан атмосфераға  ластағыш заттардың таралуы

Шартты т.

27620, 0

2.

Өндіріс қалдықтары мен қоқыстарды полигондарға, рұқсат етілген және арнайы бөлінген жерлерге орналастыру:

 

 

  

бұрғылау жұмыстарының қалдықтары

Физ. т.

3540,0

  

қара металл сынықтары

Физ. т.

 3540, 0

  

мазут төгіліп, топырақтың бүлінуі

Физ. т.

7080,0

  

мұнай қалдықтары 

Физ. т.

14160,0

  

АСПО

Физ. т.

28340,0

  

шикі мұнай

Физ. т.

56640,0

  

шамалы радиоактивті қалдықтар

Физ. т.

105500,0

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады