Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысы бойынша 2007-2009 жылдары орманды жанама пайдаланғаны үшін төленетін төлем ставкалары Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жасаған, Маңғыстау облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясымен, Маңғыстау облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасымен, Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген есептеулер негізінде бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағалық етуші,
облыстық мәслихат хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 18/336 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы бойынша 2007-2009 жылдары орманды
жанама пайдаланғаны үшін төленетін ставкалар
р/с |
Орман қоры |
Өлшем бірлігі |
Әр бірліктің бағасы теңгемен |
1. |
Шабындық: |
|
|
|
а) түсімділігі 1 га-дан 2,5 цн. дейін |
га |
60 |
|
б) түсімділігі 1 га-дан 2,6-5,0 цн. дейін |
га |
100 |
|
в) түсімділігі 1 га-дан 5,0-8 цн. дейін |
га |
140 |
2. |
Жайылым: |
|
|
|
а) құнары 4 цн. жоғары |
га |
14 |
|
б) құнары 1 га-дан 2-4 цн. дейін |
га |
10 |
|
в) құнары 1 га-дан 1-2,0 цн. дейін |
га |
6 |
3. |
Орман-тоғай өспеген жерлер: |
га |
4 |
|
|||
Ескерту: 1. Шабындық жер мен шөп тасымалданатын орынның қашықтығына байланысты белгіленген төлемге мынадай үстеме алынады: |
|||
|
10 км дейін |
1,3 |
|
|
10 км-ден 25 км - ге дейін |
1,2 |
|
|
25 км-ден 40 км-ге дейін |
1,0 |
|
|
40 км-ден 60 км-ге дейін |
0,8 |
|
|
60 км - ден жоғары |
0,6 |
|
2. Ұзақ мерзімге пайдалануға берілген шабындық және жайылымдық жерлер мен ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылмайтын уақытша қолданысқа берілген жерлер үшін тиісті жер категориясына байланысты белгіленген бағаның екі еселенген төлемі алынады.
3. Бір гектар орманды жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлем мөлшерін анықтауда "Казгипролесхоз" институтының Орман, балық және аң шаруашылығы комитетімен келісілген, сондай-ақ, экология және биоресурстар Министрлігі 03.05. 1995 жылы бекіткен әдістемелік нұсқаулықтар мен Маңғыстау облысының мал азығын дайындаудағы ерекшеліктері ескерілді.
Мысалы: Өнімділігі гектарына 2,5 цн.-ден болғанда 100 га шабындық жерден 250 цн. шөп дайындалады. Шөп шабушы 100 га шабындық жерге 60 теңгеден барлығы 6000 теңге төлейді. Бір центнер шөп үшін 24 теңге (6000:250 цн.) төлейді.
Облыс көлеміндегі шаруашылық құрылымдарында 1 цн. шөптің өзіндік құны 450-500 теңге аралығында болатынын және сатылатын 22-25 кг-дық бір орам шөптің бағасы 150 теңге екенін ескеріп, салыстырма жасағанда бұл баға Маңғыстау облысында қымбат емес.
Мал азығы дайындалатын жер мен тасымалданатын орынның ара қашықтығына байланысты жеңілдіктер қарастырылған.