Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Г.М.Қалмұратоваға жүктелсiн.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Ақтау қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 24 мамырдағы
N 445 қаулысымен бекітілді
Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
Ескерту. Бірінші абзацтағы сөздер алынып тасталды - Ақтау қаласы әкімдігінің 2010.09.13 № 864 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
1. Әлеуметтік жұмыс орны Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер ұйымдастырылады және жергілікті бюджет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырады.
2. Жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу мерзімі шартпен анықталады.
Ескерту: 2 тармаққа өзгерту енгізілді- Ақтау қаласы әкімдігінің 2008.05.29 N 530 қаулысымен.
3. Ақтау қаласының әкімдігі жыл сайын ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің тізімін, жолданатын жұмыссыздардың санын, жұмыстың түрлерін, көлемін, жұмыс мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
4. Уәкілетті орган бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасалады.
5. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және нысаналы топтарға әдейі арналады, жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
көздері және бақылау
6. Жұмыссыздардың еңбек ақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақымен өтеледі.
7. Жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығындарын қалалық бюджеттен өтеу үшін, ай сайын ағымдағы айдың 20-на дейін заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісі, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен қаржыландыруға сұраныс ұсынады.
8. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібінің орындалуы бақылау уәкілетті органға жүктеледі.