1 адамға тәулігіне ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптарын (нормаларын) бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1406 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінті Ақтау қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 22 желтоқсанда № 11-1-45 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 15.12.2016 № 2283 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" № 400 қаулысына сәйкес және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласы бойынша есептегіш құралдары болмаған жағдайдағы ащы, ыстық және ауыз судың тұтыну қалыптары (нормалары) № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.Д. Казахбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.
      Қала әкімі С. Бекбергенов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н. Дюсенов
      30 қараша 2006 жылы.

  Ақтау қаласы әкімдігінің
"30 " қараша 2006 жылы
№ 1406 қаулысына № 1 қосымша

1 адамға ащы, ыстық және ауыз судың шығынының есебі.

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 17.09.2007 № 1267 қаулысымен (жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
       "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" № 400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыз № 297 қаулысына сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшін төлемнің мөлшері жалпы үйдегі ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталған тұрғын үйлердің осындай үлгілері (қабаты, ұзақтығы, қабырға материалы) бойынша қалыптасқан орташа жылдық тұтыну нормалары ескеріле отырып айқындалады.
      Бекітілген норма 2003 жылғы 1 қаңтар мерзіміндегі нормадан аспауы керек.
      1. "МАЭК-Казатомпром" ЖШС-нің ұсынған статистикалық мәліметтерін негіздемеге ала отырып, 2006 жылының тамыз айынан бастап 2007 жылдың ақпан айына дейінгі мерзімдегі жалпы үйдегі ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталған Ақтау қаласы тұрғын үйлерінің пәтердегі 1 адамға су тұтыну мөлшері анықталды:
      Ауыз су – 1 тәулігіне 36 литр;
      Ащы су – 1 тәулігіне 72 литр;
      2. Ыстық су бойынша қолданылған су көлемі Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерде ортақ есептеу аспаптары болмауына байланысты анықталмады.
      Осыған орай ыстық су бойынша, яғни, 2006 жылдың наурызынан 2007 жылдың ақпаны аралығы мерзімінде ыстық су бойынша су пайдалану мөлшері жеке есеп аспаптарымен жабдықталған пәтерлерде нақты ортатәулік мөлшер тәулігіне 32 литрді құрағандығы, "МАЭК-Казатомпром" ЖШС-нің статистикалық мәліметтерін алынды.

Судың тәулігіне 1 адамға шығынының қалыптары:

      Ауыз су – 36 литр/тәуілігіне;
      Ащы су – 72 литр/ тәулігіне;
      Ыстық су – 32 литр/тәулігіне.
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады