1990 жылы туған азаматтарды шақыру участкесіне тіркеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық әкімінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 6 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінті Бейнеу ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 16 қаңтарда N 11-3-33 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағын берудi реттеу мақсатында қалалық мәслихат  шешеді :

     1. Қоса берiлiп отырған "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағы жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн.

     2. Бейнеу аудандық әкiмиятына "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" омырау белгiсi мен куәлiк дайындау үшiн қаражат қарастыру ұсынылсын.

     3. Шешiм мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енедi.

      Сессия төрағасы

      Аудандық мәслихат
      хатшысының уақытша
      міндетін атқарушы

    Үшінші сайлаған аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 11 қаңтардағы N 21/164
шешiмiне қосымша       

    "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағы жөнiндегi
ЕРЕЖЕ

1. Кiрiспе

     1. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағы ауданның өсіп-өркендеуңне, өндiрiс, ағартушылық, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және спорт, меценаттық пен қайырымдылықтың дамуына ерекше маңызды үлесiн қосқан, қоғамдық өмiрге, жастарды тәрбиелеу iсiне белсендi қатысып, аудан тұрғындары арасында биік бедел мен құрметке ие болған азаматтарға берiледi.

    2. Атақты беру тәртiбi

      2. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағы аудан әкімінің ұсынысына сай аудандық мәслихат сессиясында берiледi.
      3. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы ұсынысты село, селолық округ әкiмдерiнiң, кәсiпорындар мен мекемелердiң еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтардың жиналыстарының шешiмдерi мен ұсыныстары негiзiнде аудан әкiмiнің аппараты әзірлейді.
      4. Талапқа үмiткер туралы төмендегiдей мәлiметтер қоса берiлуi қажет:
      1) сіңірген еңбегі толық баяндарған үмiткердiң өмiрбаяны;
      2) 13х18= 2 дана суреттер;
      3) кәсiпорындар мен мекемелердiң еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың жалпы жиналысының, азаматтардың жиналыстарының шешiмдерi немесе хаттамасы.
      5. Аудандық мәслихаттың Әлеуметтік міселелер мен заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Аудан әкімінің ұсынысын екі апта iшiнде жан-жақты қарап қорытынды дайындайды және оны сессияға енгізеді.
      6. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" куәлiгi мен омырау белгiсi Бейнеу ауданының құрметті азаматына аудандық мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымында салтанатты түрде тапсырылады.

    3. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" дипломының сипаттамасы

      7. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" куәлігі тығыз ақ қағазда орындалады. Титулдық беттегi "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" жазуы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылады.
      Куәліктің iшкi бетiнде түрлi-түстi бейнедегi Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және және "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы аудандық мәслихат шешiмiнiң мәтiнi: сол жағында қазақ, оң жағында орыс тiлдерiнде. 

    4. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" белгiсi туралы

     8. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" белгiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы түстес боялған металдан жасалынады. Белгiдегi "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" жазуы қазақ тiлiнде болады.

    5. Бейнеу ауданының құрметтi азаматтарын тiркеу

     9. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тiркеу аудандық  мұражайда сақталатын "Құрмет кiтабында" жүргiзiледi.

    6. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағынан айыру

      10. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағынан айыру төменде көрсетiлген жағдайларда қалалық мәслихат сессиясының шешiмiмен жүргiзiледi:
      1) құрметтi атақ иегерi қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғанда, соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн;
      2) құрметті атақ иегерi үлкен қоғамдық толқу тудырған жағымсыз әрекеттер жасағанда, марапаттау туралы енгiзген органның ұсынуы бойынша.
      11. "Бейнеу ауданының құрметтi азаматы" атағынан айырылған адам аудандық мәслихатқа куәлiктi және омырау белгiсiн қайтарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады