Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 25/23 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексiнiң 3 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"Заңының 22 бабы 1-1 тармағының 4) тармақшасы негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көрiктендiру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидасы" бекiтiлсiн.
2. 1 қосымшаға сәйкес "Павлодар қаласы аумағында жалпы пайдаланатын жер құрамынан жер телiмдерiнiң тiзбесi" бекiтiлсiн.
3. Павлодар қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 мамырдағы "Павлодар қаласын көрiктендiру қағидасын" бекiту туралы" (2002 жылғы 12 шiлдедегi МТН 1330) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген N 51 шешiмнiң күшi жойылды деп саналсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсiн.
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А. Бахралинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь
Павлодар қалалық мәслихатының
2006 жылғы 6 наурыздағы
"Павлодар қаласы аумағының
құрылысын салу, көрiктендiру
және инженерлiк қамтамасыз ету
қағидаларын" бекiту туралы"
N 15/22 шешiмiмен бекiтiлдi
(III сайланған ХХII кезектi сессия)
Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу,
көрiктендiру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидасы
1. Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көрiктендiру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрi - Қағида) жер телiмдерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс субъектiлерiмен қолдану, қала аумағын жоспарлау және құрылысын салу жөнiндегi шарттар мен талаптарды анықтайды, уақытша имараттарды, қолданыстағы жылжымайтын объектiлердi өзгертуге немесе жаңаларды орналастыру мен салуға рұқсат етiлген процедураларды өткiзу тәртiбiн белгiлейдi, көрiктендiру, күту, күзету қала инфрақұрылым элементтерiн пайдалану, жер жұмыстарын және жабындысын бұзумен байланысты жұмыстарды өндiру, тазалықты сақтау, аумақтар мен көшелердi тазалау, жасыл желектердi, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн сақтау және қорғау тәртiптерiн анықтайды.
2. Осы Қағида Павлодар қаласының аумағында тұратын немесе өз қызметiн iске асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының су Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулық туралы", "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", "Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы", "Жарнама туралы" Заңдарына, басқа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.
2. Қағидада қолданылатын негiзгi түсiнiктер
4. Осы Қағидаларда төмендегiдей түсiнiктер қолданылады:
1) аумақты көрiктендiру - қаланың әкімшілік аумағында адамның қолайлы, жайлы тiршiлiк етуiн қамтамасыз ететiн жұмыстар мен элементтер кешенi;
2) инженерлiк желiлер мен имараттар, байланыс - тұрғындар мен кәсіпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ қала аумағынан жер үстi суын жинау және бұру үшiн тағайындалған инженерлiк көрiктендiрудiң аса маңызды элементтерi;
3) жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық жағдайларды және көрiктендiру мен сәулеттiк-ландшафттық безендiру (көгалдар, гүлзарлар, ағаштар, көшеттер) деңгейлерiн көтерудi қамтамасыз ететiн жоспарлау шешiмдерiнiң элементтерi;
4) жер жұмыстары - аумақтарды қазумен, үймелердi жабу, қайтадан жабу, шұңқырларды жасауға байланысты жұмыстар;
5) жер пайдаланушы - қаланың аумағында жер телiмi бар жер пайдалануға не болмаса жеке меншiкке құқықты заңды немесе жеке тұлға;
6) үй иесi - жеке меншiкте үй құрылысы немесе оның бөлiгi (еншiсi) бар заңды немесе жеке тұлға;
7) бөлiнген аумақ - жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес жер иеленушiге (ғимараттар, имараттар, көлiк магистральдары және басқа) объектiлердi орналастыру үшiн меншiкке немесе пайдалануға берiлген жер телiмi;
8) шағын сәулеттiк қалыптар - салыстырғанда көлемi бойынша неғұрлым сәндi, соғұрлым пайдалы сипаттағы үлкен емес объектiлер;
сәндi имараттар - мүсiндер, фонтандар және сәндi су қоймалар, бедертақталар, оймабедерлер, гүлсауыттар, флагштоктар және басқалар;
пайдалы сипаттағы имараттар - беседкалар, павильондар, дүңгiршектер, сауда арбалары, сәкiлер, сауыттар, көшелер, үйлер және жарнама белгiлерi, пошта жәшiктерi және басқалар;
9) құрылыс салынбаған аумақ - жоспарлаудың негiзгi нормаларының қолдануын шектейтiн жер үстi және жер асты құрылыс салуының барлық түрлерi жоқ аумақ;
10) қоғамдық орындар - қоғам пайдаланылатын, демалатын аймақтар (саябақтар, жағажайлар, гүлбақтары, алаңдар, көлiк аялдамалары);
11) көше - жол бөлiктерi, аяқжолдар, жасыл желектер, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлер орналасқан аумақ;
12) қызыл сызықтар - елдi мекендердiң жоспарлау құрылымында көшелерден (өткелдерден, алаңдардан) кварталдардың, шағынаудандардың, басқа элементтердiң аумақтарын бөлетiн шекаралар;
13) автотұрақ - жобалы-сметалық құжаттаманың негiзiнде ұйымдастырылған және автомобилькөлiктерiн орналастыру үшiн тағайындалған аумақ;
14) жаңа аумақ - жаңа мерзiмге уақытша жер пайдалану құқығын берудi және бұрын берiлген жер телiмдерiне қосымша жер телiмдерiн беруден басқа, жеке тұрған объектiлер мен кешендердi құрылысы үшiн жер телiмдерiн беру.
5. Жеке тұрғын үй құрылысының аудандарын қалыптастыру елдi мекендердi дамытудың бас жоспары, бөлшектеп жоспарлау жобалары және осы аудандардың құрылысын салу жобалары бойынша iске асырылуы қажет.
6. Жобалық және iздестiру жұмыстары көрсетiлген жұмыстарды өткiзуге лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен орындалады.
7. Жеке тұрғын үй құрылысын салу аумағындағы құрылыс жұмыстарын орындау сәулет пен қала құрылысы жергiлiктi органының арнайы рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.
8. Елдi мекендерге iргелес аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысының ауданын ұйымдастыру үшiн алаңдарды таңдаған кезде елдi мекеннiң және оның қызмет аймақтарының болашақ аумақтық даму бағытын ескеру керек.
9. Тұрғын үй құрылысын салу аумағында сауда, тұрмыстық қызмет көрсетудi, жалпы бiлiм беру мектептерiн және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, спорт және балалар алаңдарын, контейнерлiк қоқысқабылдағыштарды орнату үшiн алаңдарды, инженерлiк жабдықтар имараттарын, автотұрақтарды орналастыру үшiн телiмдер, сондай-ақ көрiктендiру және көгалдандыру аумақтары, қала құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес басқа объектiлердi орналастыру қарастырылу қажет.
10. Магистарльдi және жеткiзгiш инженерлiк желiлер көше мен өткел бойымен өтуi қажет.
11. Қала аумағында шағын сәулеттiк қалыптарды орнату және ұстау келесi талаптарды сақтағанда iске асады:
1) iшкi көрiктендiрудiң барлық элементтерi, соның iшiнде ғимараттардың қасбеттерiн әрлеу бекiтiлген жобаға және өртке қарсы қауiпсiздiк нормаларына сәйкес орындалуы тиiс;
2) шағын сәулеттiк қалыптарды орнату және құру сәулет және қала құрылыс бөлiмi, жер қатынастар бөлiмiмен сәйкес келiсiмнен кейiн ғана жүргiзiледi;
3) құрылымдардың иелерi мен пайдаланушылары көшелерге шығатын ғимараттар қасбеттерiнiң, алаңдарының, жаяжайлардың және басқа қоғамдық орындардың мерекелiк безендiруiн келiсiмсiз орындауға құқылы.
Ескерту. 4 тарау алынып тасталды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.03.05 N 99/4 шешімімен.
5. Құрылыс мақсаты үшiн жер телiмдерiн
беру және пайдалану тәртiбi
23. Меншiкке немесе жер пайдалануға жер телiмiн беру Қазақстан Республикасының белгiленген Жер Кодексi шегiнде жергiлiктi атқарушы органмен iске асырылады.
24. Құқықты куәландыратын және құқықты белгiлейтiн құжаттар ресiмделмеген жер телiмдерiне келiсiмдердi жасау рұқсат етiлмейдi.
25. Жер телiмдерiнiң орналасу орындары бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган сәулет және қала құрылысы органдарымен және уәкiлеттi органдармен бiрлесiп аумақты аймақтандыруға сәйкес мәлiмденген мақсатты жұмсау бойынша сұралынған жер телiмдерiн пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды.
26. Объектiлердi салу үшiн жер телiмiн сұраған кезде жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телiмiн таңдау алдын ала iске асады. Объектiнi салу үшiн жер телiмiн таңдау жерге орналастыру және қала құрылыс регламенттерiне сәйкес iске асырылады.
27. Жер телiмдерiн таңдау нәтижелерi құрылыс салу үшiн жер телiмдерiн таңдау туралы актiмен ресiмделедi.
28. Жер телiмдерiнiң таңдау актiлерi және жер телiмдерiнiң шекара жобалары жер телiмдерiн беру жөнiндегi комиссияға қорытындыларды қарау және дайындау үшiн берiледi. Комиссияның қорытындылары негiзiнде жерге құқықты беру туралы жерге орналастыру жобасы дайындалады.
29. Жер телiмiнiң, сервитуттың мақсатты жұмсау және пайдалану тәртiбi және құқықтық актiлер негiзiнде белгiленген пайдаланудың басқа шарттары жер телiмiн иеленушiмен немесе жер пайдаланушымен өздiгiнен өзгертiлуi мүмкiн емес.
30. Жер телiмiнiң мақсатты жұмсалуын өзгерту уәкiлеттi органдармен сәйкес келiсiмнен кейiн белгiленген жер заңнамасы тәртiбiнде iске асырылады.
31. Егер құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта тұрғын үйлер, басқа ғимараттар мен имараттар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және қазу немесе басқа жерге көшiруге жататын (соның iшiнде жер бөлiнген кезде өндiрiстiк кәсiпорындардың санитарлық-қорғалатын аумақтарына түсетiн) жасыл желектер орналасқан жағдайда, тапсырыс берушi меншiк иесiне шығындардың өтем шарты туралы жылжымайтын мүлiк иесiнiң әрбiрiмен жасалған келiсiм-шартты қосымша бередi.
Келiсiм-шартта жылжымайтын мүлiктi жоюмен байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған құрылымдарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл желектердi орнынан көшiру, орнын ауыстырудың нақты жағдайлары мен мерзiмдерiн көрсетедi.
32. Құрылыс салу үшiн жер телiмдерiне құқықтарды сату жөнiндегi саудаларды өткiзу кезiнде қала әкiмдiгi төмендегiдей қосымша талаптарды белгiлеуге құқылы:
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жоюға кететiн шығындар мен басқа жұмсауларды өтеу: тұрғындарды көшiру, көлiк, байланыс және инженерлiк жабдықтардың имараттары мен коммуникацияларының орнын ауыстыру;
инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн салу (заңнамамен қаралған жағдайлардан басқа);
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн салу мерзiмдерiн сақтау;
жалпы пайдалану аумақтарын көрiктендiру.
Көрсетiлген талаптар жер телiмiне құқықтың басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
33. Павлодар қаласы аумағындағы кәсiпкерлiк қызмет көрсету объектiлерiнiң құрылысын салу үшiн мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер телiмдерiн беру немесе жер телiмдерiн (жаңа бөлудi) жалға беру құқығы белгiленген заңнама тәртiбiнде сауда-саттықтарда жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетiлген жағдайларда жер телiмдерiн беру тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттiк бағдарламасы мен индустриалды-инновациялық дамыту Стратегияларын iске асыру мақсатында сауда-саттықтар ретiнде және жалпы тәртiбiнде жузеге асырылады.
34. Саябақтар, саяжолдар, бульварлар және қаланың көше бойында орналасқан жасыл аймақтар, үй іші аумағында орналасқан балалар спорт алаңдары осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасады.
Ескерту. 34 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2007.03.28 N 27/31 шешімімен.
6. Қала аумағының құрылысын салуды реттеу
35. Қала аумағының құрылысын салу жер телiмдерiн пайдалану жөнiндегi қала құрылысының талаптарына сәйкес жүргiзiледi:
1) жер телiмдерiн пайдалануға қала құрылысы талаптарын құрылыс салу үшiн көрсеткен кезде Павлодар қаласының бас жоспары, жоспарлау және құрылым салу жобалары, сондай-ақ осы Қағида негiзiнде белгiленедi;
2) объектiнiң құрылысын салуды жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс берушi жер заңнамасына сәйкес осы объектiнi салу үшiн жер телiмдерiне құқық не болмаса тапсырыс берушiге меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi телiм құрылысын пайдалануға рұқсат алуға мiндеттi;
3) сәулет және қала құрылысы органдары жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрiгiп Павлодар қаласының бас жоспарына және өзге актiлерiне сәйкес объект құрылысы үшiн жер телiмiн пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды;
4) қала әкiмдiгiмен жобалау және (немесе) құрылыс салу мақсаттары үшiн жер телiмдерiн беру туралы қаулы қабылданғаннан кейiн сәулет органы мен құрылыс салушының арасында жер телiмiн игеру келiсiм-шарты жасалады, онда төмендегiдей жағдайлар анықталады:
жер телiмiнiң игерiлу мерзiмi;
жер телiмi игерiлуiнiң аралық бақылау мерзiмi;
олармен жер телiмiнiң игерiлу кестесiн орындамаған жағдайда құрылыс салушының жер телiмiн (жер пайдалану құқығын) алып қою шарттары;
5) құрылыс салушыдан жер телiмiн (жер пайдалану құқығын) алып қою шарттары құрылысты iске асырған кезде олармен шығындалған шығындарды қайтаруды қамтамасыз етуi тиiс.
36. Құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргiзуге рұқсат - жылжымайтын объект иесiнiң немесе пайдаланушының құқығын куәландыратын құжат жер телiмiнде құрылыс салуды, ғимараттарды, құрылымдарды, имараттарды және магистралды инженерлiк желiлердi салуды және қайта құруды, аумақтарды көрiктендiрудi iске асырады.
37. Құрылыс салуға рұқсат органмен берiледi, уәкiлеттiлiк рұқсатты азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, жер телiмiне құқықты куәландыратын құжаттар және бекiтiлген жобалық құжаттаманың негiзiнде бередi.
38. Құрылыс салуға рұқсат бiр жылдан артық емес мерзiмге берiледi.
39. Құрылыс салуға рұқсат берiлгеннен кейiн жылу-, су-, энергиямен жабдықтайтын ұйымдар 15 күннiң iшiнде техникалық жағдайларды бередi.
40. Құрылыс салу алаңдарының шекаралары қолданыстағы нормалар мен Қағидаларға сәйкес әзiрленген, барлық мүдделi тұлғалармен келiсiлген және сәулет органымен бекiтiлген құрылыс салу жоспарымен анықталады.
41. Қала көшелерiне, алаңдарына, тұйық көшелерiне, саябақтарына, саяжайларына, басқа құраушы бөлiктерiне атаулар беру, қайта атау, олардың атау транскрипцияларын өзгерту, жасыл телiмдерге (ғимараттар мен имараттарға) реттiк нөмiр беру тәртiбi, көрсеткiштердi орнату мен iске қосу белгiленген заңнама тәртiбiнде iске асырылады.
42. Рұқсат беру құжаттары жобалық жұмыстардың келесi түрлерiн жүргiзуге ресiмделедi:
1) ғимараттар, имараттар және түрлi жұмсаудағы кешендердiң жаңа құрылысын салу, қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарықтандыру және күрделi жөндеудi жобалау;
2) күрделi жөндеудi жобалау, жаңғырту мен консервациялау, объектiлер мен имараттардың қорғау аймақтарын анықтау;
3) жер асты және жер үстi инженерлiк коммуникациялар мен имараттар, автомагистарльдар, көшелер, өткелдер мен көлiктiк имараттар, темiр жол жолдары мен трамвай жолдары және имараттары, қоғамдық көлiк аялдамаларының жаңа құрылысын салу, қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық қайта жарықтандыру және күрделi жөндеудi жобалау;
4) алаңдар, саябақтар және түрлi жұмсаудағы басқа жасыл аймақтар, бассейндер мен фонтандар, қоршаулар мен шағын сәулет қалыптары, көше жарықтандыру, ғимараттар, имараттар мен кешендердi әрлендiру әр түрлi жарнамалар, ақпараттық құрылымдардың және көше көрсеткiштерiнiң жаңа құрылысын салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеудi жобалау;
5) уақытша жұмсаудағы объектiлердi (павильондар, дүңгiршектер, жазғы алаңдар, базарлар, автотұрақтар, гараждар, жанар-жағармай құю стансалары, автомобильдердi техникалық тексеру мен нақтылау орындары, қоршаулар, уақытша инженерлiк желiлер, көше жарықтандыру мен басқа объектiлердi) орналастыру мен жайластыруды жобалау;
6) аумақтарды жоспарлау бойынша құрылымдар мен жасыл желектердi, жер жұмыстарын жоюды, ғимараттар, құрылымдар мен имараттардың iшкi және сыртқы жылжымалы қабырғаларын бұзуды, негiзгi жолаушылар телiмдерi мен алаңдарында аяқжол тақталарын төсеу, асфальтпен жабу, бетонмен жабуды және басқа жұмыс түрлерiн жобалау, нәтижесiнде функцияналды пайдалану мен объектiнiң iшкi көрсеткiштерiн өзгертедi.
43. Рұқсат құжатынсыз төмендегiдей құрылыс жұмыстары орындалады:
1) бұрын келiсiлген жобалық құжаттама бойынша ағымдағы жөндеу;
2) уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша жаппай мерекелiк iс-шараларды өткiзу кезiнде халыққа қызмет көрсету үшiн сауда объектiлерiн орналастыру.
44. Жобаны әзiрлеу төмендегiдей кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1) нобай жобасын әзiрлеу;
2) жұмыс жобасын әзiрлеу;
3) жобаны сараптау, оның iшiнде экологиялық;
4) тапсырыс берушiмен жобаны бекiту.
45. Әзiрленген жоба сараптаманың қарауына ұсынылады. Жоба құрылыс нормаларынан, сәулеттiк-жоспарлау тапсырмаларына ауытқыған жағдайда, жоба ескертулермен бiрге белгiленген тәртiпте оны қайта қараумен аяқтауға қайтарылады.
46. Жер телiмiне жеке меншiк құқығына немесе жер пайдалану құқығына актiнi ұсынғанда жобалық құжаттамаға сараптау органының ұнамды қорытындысы бар тапсырыс берушiлер қайта тұрғызу жөнiндегi құрылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру туралы өтiнiшiмен сәулет және қала құрылысы органдарына үндейдi.
47. Құрылыс сәулеттiк-құрылыс бақылаумен сүйемелденедi.
48. Объектiлер мен кешендердi iске қосуға қабылдау олардың құрылысы, қайта жаңартылуы, кеңейтiлуi, техникалық қайта жарақтандырылуы, жаңғырту және күрделi жөндеуi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
49. Объектiлер мен кешендердi iске қосуға қабылдау жұмыс комиссиясының ескертулерiн жойғаннан кейiн iске асырылады және белгiленген тәртiпте бекiтiлген мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актiлерiмен не болмаса қабылдау комиссиясының актiлерiмен ресiмделедi
50. Iске қосуға салынған объектiнiң белгiленген тәртiпте бекiтiлген қабылдау актiсi онымен жылжымайтын мүлiкке және олармен келiсiм жасауға құқықтарын мемлекеттiк тiркеу органдарында объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.
51. Объектiлердi iске қосудың кепiлдiк мерзiмдерi заңнамаға сәйкес белгiленедi.
52. Жергiлiктi сәулет және қала құрылыс органымен келiсiмсiз жүргiзiлген тұрғын үйлердiң, жеке тұрғын үйлерден басқа, құрылыстарын салу, жалғай салу, қондырма салу және қайта жобалау, сондай-ақ жер телiмдерiн таңдау және берудiң белгiленген тәртiбiн бұзумен жүргiзiлген құрылыс өз еркiмен жүргiзiлген құрылыс деп саналады.
53. Өз еркiмен жүргiзiлген құрылыс және құрылысты iске асыруды бақылау кезiндегi айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ескертудi орындамағаны үшiн құрылыс салушы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
54. Тұрғын үйлерде және олардың сыртында азаматтардың өмiр тiршiлiгiне және қоршаған ортаның жайлы болуына әсер ететiн, түнгi уақыттағы (23.00 сағаттан 6.00 сағатқа дейiн) тыныштықты бұзу және (жұмыстан туындайтын айғай-шудан басқа) айғай-шу тәртiбiне тыйым салынады.
54-1. Үй іші аумағында орналасқан жер телімдерінде күрделі имараттардың (ғимараттар, гараждар және тағы басқа) құрылысын салуға тыйым салынады.
Ескерту. Шешім 54-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2007.03.28 N 27/31 шешімімен.
55. құрылыс иелері мен оны пайдаланушылар меншіктегі аумаққа қатысты периметр бойынша 10 метр радиустегі шекара төңірегіндегі аумақты тазалау және ұстауды іске асырады.
Кәсіпорындардың санитарлық қорғайтын аймақ аумағын тазалау иелері немесе пайдаланушылар іске асырады.
Ескерту. 55 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2009.06.04.N 75/15 шешімімен.
56. Меншiк қалпына қарамастан заңды және жеке тұлғалар бөлiнген аумақ шекарасында аяқжолдарды тазалау, суару және топырақпен себудi, қар мен қоқыстарды шығару, суағындылар мен кәрiздердi тазалауды қажеттiлiгi бойынша жүйелi орындауға мiндеттi.
57. Темiр жолдар, көпiрлер, қиябеттер, үймелер, өткелдер, темiр жолдардан өтетiн өткелдер, соңғы рельстерден 50 метр енiнен кем емес оқшаулану аймағының шегiндегi аумақтар темiр жол ұйымдарымен және осы имараттарды iске қосатын өту жолдарының иеленушiлерiмен тазаланады.
58. Барлық қиратылатын не болмаса бөлшектенетiн құрылымдар мен имараттар қоршалынуы, 15 метрден кем емес iргелес аумақ иеленушiмен тазалануы тиiс. құрылымды бөлшектегеннен немесе қиратқаннан кейiн құрылыс қалдықтары қаланың қатқыл-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады, ал телiм рекультивациялауға жатқызылады.
59. Тұрғын үй құрылысына қарама-қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумақтарын тазалау осы аумақ бекiтiлген сәйкес коммуналдық қызметтерге, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жүктеледi. 15 метр өрiсiнде автомобильдер стансалары, көлiк шаруашылығының диспетчерлiк пунктерi, диспетчерлiк қызметтермен сөйлестiретiн құрылғыларды және оған бекiтiлген аумақтарды ұстау және тазалау көрсетiлген объектiлердiң иелерiмен және пайдаланушыларымен iске асырылады.
60. Екi жағынан да 5 метр қашықтықтағы трамвай жолдарын, жер телiмдерiнiң өткелдерiн тазалау трамвай басқармасымен жүргiзiледi.
61. Қаланың жол бөлiгiн тазалау әсiресе түнгi уақытта жүргiзiледi.
62. Қаланың аумағын санитарлық тазалау жөнiндегi көрiктендiру айлықтары жыл сайын сәуiр-мамыр, қыркүйек-қазанда өткiзiледi.
63. Сауда объектiлерiнiң және басқа пунктердiң иелерi тұрғындарға қызмет көрсету бойынша күн iшiнде тазалықты ұстауға және жер учаскесінің шекарасынан 10 метр өрiсiнде оларға iргелес жатқан аумақтарды қоқыстан тазалауға мiндеттi.
Ескерту. 63 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2009.06.04.N 75/15 шешімімен.
63-1. Жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасқан үй іші аумағының санитарлық тазалығын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілетті орган қамтамасыз етеді.
Ескерту. Шешім 63-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2007.03.28 N 27/31 шешімімен.
64. Барлық алаңдарда және көшелерде, бақтарда, саябақтарда, вокзалдарда, кемежайларда, базарларда, қалалық көлiк аялдамаларында, әуежайда және басқа қоғамдық орындарда жеткiлiктi сандарда жандандырылған көшелерде бiр-бiрiнен 40 метр көп емес, аз адам жүретiн көшелерде 100 метр қашықтықта сауыттар орнатылуы тиiс.
65. Қалалық көлiк аялдамалар орындарында, әрбiр жер асты өткелдерiненм шығатын жерлерде, сауда орындарында 2-ден аз емес сауыттар орнатылу мiндеттi.
9. Қоқыстар мен қатқыл-тұрмыстық
қалдықтарды жинау және шығару
66. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшiн контейнерлердi орнату үй иеленушiлерiмен, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен келiсiм-шарттар жасау бойынша мамандандырылған кәсiпорындарымен iске асырылады. Қоқыс контейнерлерi жинақтау нормалары есебiнен орнатылады.
67. Контейнерлердi орналастыратын алаңдарда су өтпейтiн қатты жабынды және жер асты жолдары болу керек, контейнерлер әрқашан жарамды түзу жағдайларда, қақпақтары және боялған немесе қоқыс жинайтын машиналарға қолайлы кiру есебiмен 1,8 метрден кем емес үш жақты керең қоршау болуы тиiс.
68. Контейнерлердi орналастыратын алаңдар ғимараттар мен имараттардан 25 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы тиiс. Контейнерлерден алаңдардың соңына дейiнгi қашықтық бiр метрден кем емес болуы керек.
69. Контейнерлер санын анықтау үшiн контейнерлердi пайдаланатын тұрғындар санын, қалдықтарды жинау нормаларын, олардың сақталу мерзiмiн санау қажет.
70. Бөлiнген аумақтарда қоқыс жинау контейнерлерi мен қоқыс жинау алаңдарын ұстауға жер пайдаланушылар, ал жалпы пайдалану жерлерiнде қоқыстарды шығару жөнiндегi мамандандырылған кәсіпорындар жауапты.
71. Қатқыл-тұрмыстық қалдықтарды жинау және жоюжүйесi белгiленген келiсiм-шартпен қалдықтардың жинақтау-объектiлер аумақтарынан әрқашан кезеңдiлiкпен шығаруды қарастыруы қажет:
1) тұрғын үй массивтерi үшiн - контейнерлерде қоқыс пен қатқыл-тұрмыстық қалдықтардың жиналуына жол бермейтiн үй иелерi не болмаса пәтер меншiк иеленушiлер кооперативiмен белгiленген кестеге сәйкес, бiрақ үш күнге бiр реттен кем емес, ал жыл мерзiмiнде (15 градус нөлден жоғары) - күн сайын;
2) қоғамдық және мәдени жұмсаудағы объектiлер үшiн - қажеттiлiгi бойынша, бiрақ аптасына 2 реттен кем емес;
3) iрi көлемдi қатқыл қалдықтар үшiн - сұраным бойынша.
72. Қоқыс өткiзгiштерде, қоқыс контейнерлерiнде қоқысты жағуға, қоқыс қабылдағышқа құрылыс қоқыстарын, темiр сүймелерiн лақтыруға тыйым салынады.
73. Қоқыс өткiзгiшiнiң камералары, қоқыс жинақтарды және камерадан қалдықтарды шығару орнына iргелес аумақтарды, сондай-ақ контейнерлердi орналастыратын алаңдарды ұстауға меншiк иелерi, объект кондоминиумының басқару органы немесе қарамағында ғимарат орналасқан ұйым жауапты.
74. Қоқыс жәшiктерiн, қоқыс жинау бактарын, контейнерлердi дезинфекциялау санитарлық Қағидалар мен нормаларға сәйкес мамандандырылған кәсiпорынмен iске асырылады.
75. Қоқыстарды және тұрмыстық қалдықтарды тазалау жөнiндегi ұйымдар:
1) тұрғын үй, ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар аумақтарынан қоқыс жоюды уақытында iске асыруға;
2) әрбiр мамандандырылған машинаға қозғалыс кестесiмен бағдар кестесiн құрастыруға;
3) өзгерiлген iске қосу жағдайларына сәйкес бағдар кестелерiн түзетуге;
4) бекiтiлген бағдар кестелерiнiң мiндеттi орындалуын қамтамасыз етуге;
5) жеке меншiк тұрғын үй құрылысын салу аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан аптасына екi реттен кем емес жоспарлы-реттiк тазалау жүйесiн iске асыруға мiндеттi.
76. Мамандандырылған кәсіпорындарынан басқа заңды тұлғалар қоқыстарды және қатқыл-тұрмыстық қалдықтарды қалалық қоқыс үйiндiсiне шығаруды санитарлық нормалар мен Қағидаларға сәйкес мамандандырылған кәсiпорындармен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде iске асырады.
10. Қысқы жағдайларда аумақтарды тазалау және ұстау
77. Қарды тазалау қар көшкiнi басталғаннан бастап үйменi болдырмау үшiн қар мезгiлi аяқталғанға дейiн тоқтаусыз жүргiзiлуi қажет.
78. Қар көшкiнi бiткеннен кейiн, автобус аялдамалары аумақтарынан басқа барлық көшелер мен алаңдардағы жаңа түскен қарды белдiктер мен үйiндiлерге қалауға одан кейiн тез арада белгiленген жерлерге шығаруға рұқсат етiледi.
79. Қар мен мұз бiрiншi кезекте жол өткiзгiштерiнен, магистралды көшелерден және автобус жоларналарынан тазаланады және жиналады.
80. Өткелдердi, өтетiн жолдарды қоршауға және отырғызылған көшеттерге кiр қар мен мұзды төсеуге, жасыл желектер өнген жерлердi, көшелер мен алаңдарды роторлық қар тазалауытқышпен тазалауға тыйым салынады.
81. Төбелердi қардан тазалау және ернеулерде, төбелерде және суағызу құбырларда шорларды жою жаяу жүрушiлермен төтенше жағдайларды және әуе желiлерiнiң, жарықтандыру аспаптарының және жасыл желектердiң жарақаттануын болдырмау үшiн сақтық шараларын мiндеттi сақтау ғимараттар мен имараттар иеленушiлерi және пайдаланушыарымен жүргiзiледi.
82. Жинау орындары болмаған кезде төбеден түсiрiлген қар дереу шығарылуы қажет.
83. Меншiк қалпына қарамастан, заңды және жеке тұлғалар бөлiнген аумақ шекарасында тайғанаққа қарсы iс-шараларды (мұзды, қарды жару, тайғанақ жерлердi дәртiз материалдармен себу) жүргiзуге мiндеттi.
84. Қардан көшелердi механикаландырылған тазалау бойынша жұмыстарды орындау кезiнде көлiк құралдарының иелерi көшелердiң жол бөлiгiн босатуы қажет.
11. Көшелердi және жол имараттарын ұстау тәртiбi
85. Көшелер және жолдар, жол имараттары мемлекеттiк меншiк болып табылады және жалпы пайдалануға арналған.
86. Көшелердi ластайтын, көлiк құралдарымен тасымалданатын жүктер көшелердi ластау мүмкiншiлiгiн болдырмау үшiн мұқият жабылу керек.
87. Базалардың, қоймалардың, кенiштердiң, құрылыс алаңдарының, зауыттардың, фабрикалардың және басқа объектiлердiң иелерi көлiк бұрылуына арналған жүру жолдары мен алаңдарын ұстауды қамтамасыз етедi.
88. Көшелер мен жолдардың барлық пайдаланушыларының мiндетi көлiк құралдарының тоқтаусыз қозғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
89. Тыйым салынады:
1) көшелерге, жолдарға және жол имараттарына, таңбаларға, жол қозғалысын реттейтiн құралдарға, жасыл желектерге зақым келтiруге;
2) көшелердi, жолдарды, өткелдердi және ғимараттар мен имараттарға, сондай-ақ өрт сөндiргiш су көздерiне өткелдердi оқшаулауға және үйлеуге;
3) көшелердiң жол бөлiктерiне және жолдарына кәрiз, өндiрiстiк және ерiген суды ағызуға, машиналарды белгiленбеген жерлерде жууға;
4) сәйкес келiсiмсiз жол жабындысын бұзумен байланысты жұмыстарды жүргiзуге;
5) жыланбауырлы көлiкте қала көшелерiмен жүруге;
6) көлiк құралдарының көшелер және жолдармен жүруге, белгiленген нормалардан асатын белағашқа жалпы габариттер, салмақ және күш түсiруге;
7) көшелер мен жолдарды ластайтын сәйкес ыдыссыз сусымалы және басқа жүктердi тасымалдауға.
12. Қала аумағында жол жабындысының, аяқжолдарының,
көгалдарының және қалалық шаруашылықтың басқа
элементтерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргiзу
90. Заңды және жеке тұлғалар жер жұмыстарын не болмаса қала аумағында жол жабындысын, аяқжолдарын, көгалдарын және қалалық шаруашылықтың басқа элементтерiн бұзумен байланысты басқа жұмыстарды "Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" (бұдан әрi - ТҰКШ бөлiмi) мемлекеттiк мекемесiмен берiлген, жазбаша рұқсаты (ордер) болған кезде ғана жүргiзе алады.
91. Қалпына келтiру, жол жабындысын ашу, көшенi, алаңдарды және жалпы пайдаланылатын басқа жерлердi қазу жұмыстарын тоқтатпай жүргiзудi талап ететiн инженерлiк желiлердiң апат кезiнде 24 сағат iшiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсатты (ордер) одан әрi ресiмдеумен ТҰКШ бөлiмiне, жол полиция органдарына, өртке қарсы қызметтерiне, инженерлiк желiлерiнiң иелерiне хабарлауы қажет.
92. Жұмыстарды жүргiзуге рұқсат (ордер) тапсырыс берушiге не болмаса оның өкiлiне берiледi.
93. Ордердi хаттау үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiне төмендегiдей құжаттарды:
1) жұмыстарды жүргiзу үшiн ордер беруге тапсырысты;
2) жұмыстарды жүргiзуге инженерлiк желiлер мен коммуникациялар иелерiмен және сәулет қала құрылысы саласындағы өкiлет органдарымен келiсiлген жобаны;
3) жұмыс жүргiзу жобасын немесе объект бойынша жұмыс жүргiзу кестесiн;
4) жасыл желектердi, көгалдарды, (қажеттiлiгi болғанша) жоюға тапсырысты;
5) жолдардың жарақаттанған элементтерiн, сондай-ақ көрiктендiрудiң басқа элементтерiн қалпына келтiру туралы мiндеттеменi тапсыру қажет.
94. Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың негiзiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi жұмыстарды жүргiзу рұқсатын (ордер) бередi, ал қажет кезде жасыл желектердi жоюға рұқсат бередi.
95. Қала көшелерiнде көлiк қозғалысын шектеумен немесе жабумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде автокөлiк қозғалысын жабуға сәйкес рұқсат хатталады, ал қоғамдық көлiк қозғалыс бағдарының өзгерген кезiнде қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар беру қажет.
96. Қалалық шаруашылық объектiлерi және құрылыс механизiмiнiң жұмыс аймағы жұмыстың аяқталу мерзiмiне қарай қалыпты жағдайға келтiрiлуi керек.
97. Жетiлдiрiлген жабындысы бар көшелердегi, алаңдардағы жер асты имараттарды өткiзу және қайта орнату мүмкiншiлiгiнше жабындыға зиян келтiрусiз жабық тәсiлмен (тесу) жүргiзiлуi тиiс.
Өткiзудiң ашық тәсiлi квартал iшiнде, көрiктендiрiлмеген көшелерде, алаңдарда, сондай-ақ жер асты имараттарды қайта салу және күрделi жөндеу кезiнде жүргiзiледi.
98. Жұмыс жүргiзушi жұмыс басталғанға дейiн:
1) қазу шекараларында қоршаулар мен ескертетiн сәйкес таңбалар орнатуға;
2) жолаушылар жүру жерлерiнде жолаушылар көпiрлерiн орнатуға және түнгi уақытта қазу телiмдерiнiң жарықтандыруын қамтамасыз етуге;
3) нөсер кәрiздерiнiң тоқтаусыз жұмысын қамтамсыз ету шараларын қабылдауға;
4) жасыл желектер болған кезде олардың сақталуын қамтамасыз ететiн керең сауытпен қоршауға;
5) өткелдердi немесе жолаушылар өтетiн жолдарды жабу қажет кезде айналым жолдарды дайындауға, объектiнi сәйкес таңбалармен белгiлеуге мiндеттi;
6) жұмысты жүргiзу әрекеттегi нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ордерде көрсетiлген жағдайларға сәйкес жүргiзiледi.
99. Жасыл желектердi, жер асты имараттар құдықтарының қақпақтарын, суағызу торларын, лотоктарды жермен немесе құрылыс материалдармен жабуға тыйым салынады.
100. Жобада белгiленген жер асты желiлер мен имараттарды, сыртқы көрiктендiру элементтерiн бұзғаны үшiн, жасыл желектердi жарақаттағаны үшiн, сондай-ақ қайта орнатылған жұмыстардың сапасы үшiн ордердi алған жауапты.
101. Жұмыс жүргiзiлгеннен кейiн қазылған жерлер қысылмайтын материалмен (құм, ұсақ тас) себiледi. Ордер алушы жұмыс аяқталуы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiне хабар бередi.
102. Бұзылған жабындылар мен көрiктендiру элементтерiн қалпына келтiру қайтадан топырақпен себу жөнiндегi жұмыс аяқталғаннан кейiн екi тәулiктен қалмай басталуы қажет.
103. Жұмыстарды жүргiзу шарттарын бұзған, сапасыз қалпына келтiрген немесе қалпына келтiру жұмыстарының мерзiмдерiн бұзған жағдайларда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi жол полиция органдарымен бiрлесiп, белгiленген заңнама тәртiбiнде, зиян келтiргенi үшiн жiберiлген бұзушылықтардың жойылуын, шығындардың төленуiн талап етуге, кiнәлi тұлғаларды әкімшілік жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi шаралар қабылдауға мiндеттi.
104. Көшелердi, алаңдарды және жалпы пайдаланымдағы басқа жерлердi ашу және жол жабындысын қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсiпорындар жұмыс жүргiзу орындарында ақпараттық сауыттарды орнатуға тиiс.
105. Асфальт-бетон жабындысын қалпына келтiру кезiнде жұмыс жүргiзiлетiн жерлерiнде ТҰКШ бөлiмi және жол полиция органдарының өкiлдерi шақырылуымен көрiктендiрудiң бұзылған элементтерiн қалпына келтiру туралы акт құрылады.
13. Жасыл желектердi ұстау, қорғау және жою
106. Ағымдағы жасыл желектердi күтiп ұстау, сақтау және қайта отырғызу жауапкершiлiгi:
1) тұрғын үй шағын аудандарындағы, тұрғын үй алдында тұрған көшелердегi құрылымнан аяқжол сызығына дейiнгi - аула iшi аумағының шегiнде тұрғын үй қорының иелерiне;
2) өнеркәсiптiк кәсiпорындардың және меншiктiң басқа объектiлерi аумақтарындағы, сондай-ақ бөлiнген немесе бекiтiлген аумақтардағы және санитарлық-қорғалатын аймақтардағы - осы объектiлердiң иелерiне не болмаса пайдаланушыларына;
3) құрылысқа бөлiнген аумақтардағы - тапсырыс берушiлерге;
4) Павлодар қаласының жасыл аймағы, саябақ, саяжол, бульварлар аумағындағы - меншiк иелерiне не болмаса меншiк иелерiмен өкiлденген тұлғаға жүктеледi.
107. Жер пайдаланушылар бекiтiлген және бөлiнген аумақтарда жасыл желектердi қайта өндiруге және қорғауға, соның iшiнде мынадай жұмыстарды орындауға мiндеттi:
1) қоқыстарды тазалау, тырмамен көгалдарды тарау, қурап қалған жапырақтарды жинау, шағыр арамшөптердi шабу, көгалдарды шабу, көшеттер мен көгалдарды кесу;
2) 1,5 метрден кем емес ағаштардың баған қуыстарын жасаумен топырақты қопсыту;
3) вегетация мерзiм iшiнде жасыл желектердi суару;
4) бар жасыл қорға ағаштар мен көшеттердi жөндеп отырғызу;
5) ағаштарды бас жағын кесу, қурап қалған бұтақтарды, жаңа өскен, сынған бұтақтарды кесу;
6) ескiрiп қалған ағаштарды жаңғырту;
7) ауру және қурап қалған ағаштарды жою (комиссия актiлерi бойынша);
8) көктем мерзiмiнде қуыстарды жөндеу, жетпеген топырақты себу, күзгi-қысқы мерзiмде отырғызылған ағаштарды суару.
108. Мемлекеттiк меншiк жерлерiнде орналасқан жасыл желектер аумақтарында тыйым салынады:
1) құрылыс материалдарды, топырақты, көмiрдi, ағаштарды жинау;
2) көгалдарды, гүлзарларды, баған қуыстарын ластау;
3) көгалдармен жүру, ағаштарды, көшеттердi сындыру немесе кесу, басқа механикалық зиян келтiру;
4) өнеркәсiптiк сумен және басқа қалдықтармен жасыл желектер аумақтарын ластау;
5) бау-бақша құралдары мен жабдықтарға зиян келтiру (сәкiлер, сауыттар, қоршаулар мен көгал тораптары);
6) автомобильдер құралдарының тұрақтарын орнату;
7) алау жасау, басқа өртке қарсы ережелердi бұзу;
8) мал жайлау, құм, топырақ алу;
9) өз еркiмен ағаштар мен көшет желектерiн кесудi iске асыру;
10) жасыл желектерге зиян келтiргiш қамтамасыз етiлмеген жабдықтармен жаңа және қайта салынатын кәсiпорындарды, цехтарды, агрегаттарды және басқа объектiлердi iске қосуға енгiзу;
11) өз еркiмен қоршауларды орнату;
12) футбол, волейбол, қалашықтар және басқа қимыл ойындарын ойнау;
13) жасыл желектердi сындыру және зиян келтiру; ағаштарға асылма және әткеншек iлу; киiм-кешек кептiру үшiн арқандар байлау; электрлiк және телефон сымдарын iлу; жазулар жазу; жапырақтарды, жемiс-жидектердi, гүлдердi жұлу; көгалдар мен гүлзарларда отыру, жүру, ойын ойнау;
14) тұрғын үй құрылыс аумақтарда, саябақтар мен бақтарда жапырақтарды жағу.
109. Жасыл желектер аумақтарында жұмыстар жүргiзген кезде заңды және жеке тұлғалар:
1) зақымданудан жасыл желектердi қоршауға;
2) қала жолдарының, аяқжолдарының, өткелдерiнiң, алаңдарының негiзiн салған және асфалттаған кезде одан кейiн оған көгал шөптерiн егу үшiн диаметрi 1,5 метрден кем емес қасынан шұңқыр қалтыруға;
3) гүлзар шөптерiн егу арқылы бұзылған сыртқы өсiмдiк қабатын қайта өңдеуге мiндеттi.
110. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстарды өткiзуге бөлiнген телiмдерде жасыл желектердi сақтау мүмкiншiлiгi болмаған жағдайда меншiк нысанына және жер пайдалану құқығына қарамастан, жеке үй иеленушiлер және саябақ-тұтыну кооперативтерiнен басқа заңды және жеке тұлғалар жасыл желектердi жоюды, қайтадан отырғызуды және кесудi талап ететiн жұмыстарды жүргiзгеннен бұрын уәкiлеттi органының рұқсатын алуы тиiс. Рұқсатты берудiң негiздемесi Павлодар қаласының жасыл қор жөнiндегi комиссиясының оңтайлы шешiлген қорытындысы болып табылады.
111. Жасыл желектердiи жою кезiнде мынадай жағдайлар:
1) жасыл қор объектiлердiң шаң қорғайтын, жел қорғайтын, газға бекемдi және фитоницидтi сапалары;
2) негiзгi биометриалық көрсеткiштер: өсiмдiктердiң жасы, бойы, өзектiң диаметрi, олардың үстiңгi жағының кеңдiгi мен қалыңдығы;
3) қалалық объектiлердiң сәнiмдiлiгi мен эстетикалық безендiруге ықпалы;
4) олардың сауықтыру ықпалы ескерiледi.
112. Жасыл желектердi жоюға рұқсатты алған кезде тапсырыс берушi жасыл желектердiң бағаланған құнын төлейдi және рұқсат берiлген шарттарға сәйкес одан кейiн үш жылдың iшiнде оны күтуге қысқа мерзiмде жасылдандыруды қайтадан орнына келтiредi.
113. Қала аумағында жаппай мерекелiк iс-шараларды өткiзген кезде көгалдандыру объектiлерi, сондай-ақ көгалдар мен гүлзарларды жойғаны үшiн уәкiлеттi органының актiсiне сәйкес осы iс-шараның ұйымдастырушысы жауапты.
114. Жасыл желектердi өз еркiмен жойғаны үшiн қолданылатын заңнамаға сәйкес кiнәлi тұлғалар жауапкершiлiкке тартылады.
14. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын
және электр желiлерiн ұстау
115. Қала аумағын жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен (бұдан әрi - СЖҚ) қамтамасыз етiледi, оларға жататындар:
1) электржабдықтау құрылғылары, үйлестiрушi желiлер;
2) қорғау және электр желiлерiн жерге тұйықтау құрылғылары;
3) басқару құрылғылары;
4) кронштейн, арқан аспалар тiректерi;
116. СЖҚ күтiп ұстау және қызмет көрсету мынадай iс-шараларды қосады:
1) шамды және шырақтардағы сынған серпiлдi ауыстыру, шырақтарды тазалау, жарықтандыру деңгейiн өлшеудi қоса мөлшерлiк және сапалық көрсеткiштер тапсырылған талаптарға сәйкес келетiн СЖҚ дұрыс техникалық жағдайда ұстау;
2) СЖҚ жұмысының реттiк тәртiбiн, кесте бойынша уақытында сөндiрiлуiн және қосылуын бақылау, жанбаған шырақтарды, бұзушылықтарды айқындауды, жылдам оларды жоюды қамтамасыз ету.
117. Темiр тiректер, кронштейндер және СЖҚ басқа элементтерi жабындының жағдайына қарап, бiрақ 3 жылда бiр реттен кем емес боялынады.
118. Жарықтандыру тiректерiнде жарнама тақталарын, инженерлiк желiлерiн меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз орналастыруға тыйым салынады.
15. Инженерлiк желiлердi, имараттар
мен комуникацияларды ұстау
119. Қарамағында инженерлiк коммуникациялар бар заңды және жеке тұлғалар инженерлiк желiлер мен имараттардың үнемi техникалық жағдайларын бақылауы қажет, қаланың көрiктендiруiн бұзуға әкелуi мүмкiн, нақты:
1) аумақтың су басуына жол бермеу;
2) бөлiнген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
3) люктердiң, құдықтар мен камералардың қақпақтары, нөсер кәрiздерiнiң торлары жол жабындысының деңгейiне тең болуын және әрқашан дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;
4) монтаждау, қайта жабу және пайдалану Қағидаларын сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты желiлерiнiң үстiндегi қатты және топырақ жабынды жағдайын бақылау.
120. Жер асты коммуникацияларды салу, күрделi жөндеу немесе қайта салу автомобиль жолдарын, алаңдарды және жалпы пайдаланатын басқа орындарды қайта салу басталғанға дейiн жүргiзiлуi тиiс.
121. Бөлiнген аумақ шекарасында мұздан (қысқы мерзiмде) және қоқыстардан аумақтарды тазалауды, аула сыртындағы су колонкаларын ұстауды, сондай-ақ су ағынын құруды аула сыртындағы су колонкаларының иесi жүргiзедi.
16. Аумақтарды көрiктендiру және қасбеттердi безендiру
122. Сауда ұйымдарын, тұрғындарға қызмет көрсету жөнiндегi пунктердi, офистердi және басқа объектiлердi орналастыру кезiнде ғимараттардың және оларға iргелес аумақтардың сәулеттiк келбетiн сақтау және жақсарту үшiн осы объектiлердiң иелерi мен пайдаланушылары өздерi әзiрленген және сәулет және қала құрылыс органдарымен келiсiлген жобаларға сәйкес ғимарат қасбеттерiн безендiру және iргелес аумақтарды көрiктендiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындауы тиiс.
123. Iс-шаралар кешенiне жобамен қаралған көлемдердiң мынадай жұмыс түрлерiн орындау қосылады:
1) қасбеттердi әрлеу (бояу, қаптама);
2) ғимараттың жалпы стилiне сәйкес келетiн кiре берiстердi құру;
3) аяқжолдарды, кiру үшiн алаңдарды және автомашиналар тұрақтарын, көпiршiктердi, көгалдарды, жасыл желектердi құруын қосатын аумақтарды көрiктендiру жөнiндегi жұмыстарды орындау;
4) көрiктендiру элементтерi - сәкiлер, сауыттар, қоршауларды орнату, көп пәтерлi тұрғын үй аумақтарында балалар ойын алаңдарын орнату;
5) ғимаратқа iргелес аумақты жарықтандыру үшiн жеткiлiктi сыртқы жарықтандыруды (жарық жарнамаларды) құру;
6) бiрыңғай сәулет стилiн сақтаумен орындалған маңдайшаларды орнату;
7) қолданылатын заңнамаға сәйкес мүгедектерге арналған пандустарды құру.
124. Кәсіпорындар, мекемелер, үй құрылыс иелерi:
1) ғимараттарды, шаруашылық және тұрмыстық құрылымдар мен имараттарды техникалық жендiлiкте ұстауға, уақытында жөндеу жүргiзуге және олардың сыртқы келбетiн қалыпты жағдайда ұстауға;
2) ғимараттардың кiре берiсiнде көше шырағы, үйдiң нөмiр және көшенiң (тұйық көшелердiң) атау көрсеткiштерi және бекiтiлген нормалар мен стандарттарға сәйкес өрт гидрантының флуоресцеттiк көрсеткiшi, қоқыстарды жинауға арналған сауыттар және орындықтар болуы қажет;
3) көп пәтерлi үйлер кiре берiстерiнiң есiктерiнде пәтерлердiң нөмiрлерi бар таңбалар болуы қажет;
4) ғимараттардың кiретiн есiктерiн дұрыс жағдайда ұстауға;
5) сәулет және қала құрылыс органдарымен келiсiлген жоба бойынша жасыл желектердi отырғызуға, жазғы мерзiмде қоқым өсiмдiктердi жүйелi жоюға, қысқы мерзiмде бөлiнген аумақ шегiнде мұзды жаруға;
6) балкондарды, лоджийлердi, мансардаларды өртке қарсы және санитарлық қауiпсiздiк нормаларына сәйкес ұстауға мiндеттi.
125. Қаланың сәулет келбетiн сақтау және жақсарту мақсатында:
1) үйлердiң, ғимараттардың, имараттардың қасбеттерiнде, су ағатын тұрбаларда, жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлер имараттарында, қоршаудың есiктерiнде және бұл мақсат үшiн бөлiнбеген басқа жерлерде жарнамалық үгiттеу енiмдерiн (транспаранттар, плакаттар, үндеулер, афишалар), визуалды ақпараттардың басқа объектiлерiн, салттық өнiмдерiн жапсыруға, iлуге және орнатуға;
2) бұл үшiн бекiтiлмеген орындарда спорт (кросстар, автомобиль, велосипед және басқа жарыстарды және басқа) шараларын өткiзуге;
3) автомашиналарды, тракторларды, мотоциклдердi, велосипедтердi және басқа көлiк құралдарын жуу, көшелерде, су қоймаларында, өзендерде, аула сыртындағы су ағызғыштарында, колонкаларда, аулаларда, жеке өз үйлерiнен басқа жерлерде кiлем бұйымдарын жууға;
4) сауда бiткеннен кейiн көшелерде, аяқжолдарда, алаңдарда сауда жаймаларын, ыдыстарды, жылжымалы сауда жабдықтарын қалдыруға тыйым салынады.
17. Автотұрақтарды күтiп ұстау
126. Автотұрақтар бекiтiлген жобалы-сметалық құжаттама және жер телiмiне сәйкес ресiмделу негiзiнде ұйымдастырылады. Тұрақты орналастыру және қызмет көрсету үшiн жер телiмi белгiленген заңнама тәртiбiнде уақытша жер пайдалану құқығында берiледi.
127. Автотұрақтардың көрiктендiрiлуi бекiтiлген жобаға сәйкес орындалуы тиiс.
128. Тұрақтардың иелерi тұрақ аумақтарын тазалауға және оның көрiктендiрiлуiн су бұру және тазалау жабдықтар жүйесiмен, жасылдандырумен, диспетчерлiк павильондарымен, өрт қауiпсiздiк, жарықтандыру құралдарымен, қалдықтарды жинау және сақтауға арналған контейнер алаңымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
129. Қала көшелерiнде апатты автотұрақтарына (сәйкес рұқсатты құжаттамаларсыз) тыйым салынады.
130. Автотұраққа iргелес аумақта автокөлiк құралдарын тұрғызуға тыйым салынады.
131. Эстетикалық сәулеттiк келбеттi сақтау және көшелердi тиiстi санитарлық жағдайда күтiп ұстау мақсатында уақытша имараттарды (шығарылым прилавкалар, сауда автоматтары, шатырлар, дүңгiршектер және т.б.) орнату кейiннен белгiленген заңнама тәртiбiнде уақытша жер пайдалану құқығын ресiмдеумен сәулет және қала құрылыс бөлiмiмен, санитарлық- эпидемиологиялық бақылау және өрт сөндiру қызмет органдарымен келiсiм-шарт бойынша iске асырылады.
132. Уақытша имараттар иелерi мынадай талаптарды сақтауға мiндеттi:
1) дүңгiршектер қатты жабынды алаңдарда орнатылуы қажет;
2) дүңгiршектерде тiркеу нөмірi болуы қажет;
3) жыл сайын дүңгiршектердi бояу қажет;
4) бекiтiлген аумақты уақытында тазалау және көрiктендiру қажет;
5) қоқыс үшiн сауыттарды және сыртқы жарықтандырудың сәндi шырақтарын орнату қажет;
6) сауда, өртке қарсы қауiпсiздiк, санитарлық гигиена және қоғам тәртiп Қағидаларын сақтау;
7) дүңгiршектерде тағам өнiмдерiн дайындау және сатуға тыйым салынады;
8) жазғы дәмхана аумағы көрiктендiрiлiп, таза жағдайда күтiп ұсталуы, қоқыс жинау үшiн контейнердi орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң болуы қажет. қоқыс жинау алаңы объектiден 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиiс.
133. Тұрғын үй ғимараттарының 1- қабатында терезелердiң астында, аяқжолдарда жазғы алаңдарды орналастыруға, тамақ дайындау жөнiндегi технологиялық жабдықтарды және дыбыс туғызатын аппаратураны орнатуға тыйым салынады.
134. Жедел қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтану объектiлерi (жазғы дәмханалар, кәуап, чебурек, самсаларды дайындайтын орындар, шығарылым прилавкалар) қоғамдық және биологиялық дәретханаларымен жабдықталған жерлерде орналасуы тиiс.
135. Жазғы дәмханалар, жедел қоғамдық тамақтану қызметiн көрсететiн объектiлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өртке қарсы қауiпсiздiк нормаларға сәйкес болуы қажет.
136. Уақытша сауда имараттарын өрiсi 100 метрде балалар мекемелерi, бiлiм беру ұйымдары қасында орнатуға тыйым салынады.
137. Сауда объектiлер иелерi уақытша құрылғылар орналасқан жер телiмдерiн уақытша жер пайдалану құқығында пайдаланады.
138. Уақытша имараттарды орнату қаланың бас жоспарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт сөндiру қызметi органдарымен, жер қатынастары бөлiмiмен келiсiлген және қаланың бас сәулетшiсiмен бекiтiлген уақытша имараттарды орнату нобайына сәйкес iске асырылады.
139. Металл гараждарын орнату кейiннен белгiленген заңнама тәртiбiнде уақытша жер пайдалану құқығын ресiмдеумен сәулет және қала құрылыс бөлiмiмен, өрт сөндiру қызметi, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметiмен келiсiм-шарт бойынша iске асырылады.
140. Металл гараждарды орнатуға рұқсат етiледi:
1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;
2) соғыс мүгедектерiне жеңiлдiк пен кепiлдемелер бойынша теңелген тұлғаларға:
бұрыңғы КСРО қорғаған кезде, басқа әскери қызмет мiндеттерiн орындаған кезде жарақат, контузия, зағипат салдарынан немесе соғыс әрекеттерi жүрiп жатқан Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде әскери қызмет болған кезде соғыс әрекеттерiне қатысуға байланысты ауру салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер;
қызмет мiндеттерiн орындаған кезде алған жарақат, контузия немесе зағипат салдарынан мүгедектер болған, бұрыңғы КСРО iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшылық және қатарлы құрамының тұлғалары;
батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндеттердi орындаған кезде алынған жарақат, контузия немесе зағипат салдарынан мүгедектер болған, Украина СРО аумағында 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде әрекет еткен, халықты қорғау жауынгерлер және топ құрамынан, жою батальондары, взводтары және отрядтары санындағы тұлғалар;
басқа елдерде әскери контингентiне қызмет көрсеткен және соғыс әрекеттерiн жүргiзген кезеңде алынған жарақат, контузия, зағипат немесе аурулар салдарынан мүгедек болған санаттарға тиiстi жұмысшылар мен қызметкерлер;
Чернобыль АЭС апатының және азаматтық немесе әскери маңыздағы объектiлерде басқа радиациялық апаттың және ядерлiк оқ сынақтарының салдарынан мүгедек болған тұлғалар, мүгедектiгi бiр ата-анасының радиациялық сәулелендiрумен генетикалық байланысты балалар;
3) балалық шақтан болған және еңбектiң I және II топ мүгедектерi.
141. Осы тұлғалар топтарында жеке меншiк, жалгерлiк, сенiмгерлiк басқару құқығында көлiк құралдары болуы қажет (қолдай және кәдiмгi басқару автомобильдерi).
142. Металл гаражының иелерi:
1) гаражды жылына 2 реттен кем емес уақытында бояуға;
2) iргелес жатқан аумақты қоқыстан және арамшөптен уақытында тазалауға;
3) берiлген рұқсаттың нөмiрi болып табылатын металл гаражының нөмiрлiк таңбасын салуға мiндеттi.
143. Базарлар аумақтарында:
1) кәрiздердi, суқұбырларды, нөсер және жiбiген суларды ағызуға бейiмделген қатты жабындылар (асфальт, тас, брусчатка) болуы керек;
2) бөленген аумақтарды жинау, қоқыс жинағыштарды және олардың iшiндегiлердi тазалау меншiк иеленушiсiмен немесе базар пайдаланушысымен жүргiзiлуi керек;
3) қалалық көлiк қозғалысына кедергi жасамайтын кiре берiстер мен автокөлiктердi уақытша тұрғызу үшiн алаңдар болуы керек.
144. Құрылыс салу (тұрғын үй ғимараттары, ауруханалар, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, мектептер) және демалыс аумағынан 50 метрден жақын базарларды орналастыруға, сондай-ақ жалпы пайдаланатын жол желiсiнде автокөлiк құралдарын оларды iске асыру мақсатында қоюға тыйым салынады.
145. Жағажайлар аумағын, жасыл аймағын тазалау және дәретханаларды, демалу аймақтарын дезинфекциялау оларды жапқаннан кейiн жүргiзiледi.
146. Жағажай және демалыс аймақ аумақтарында жағажай аумағында 50 шаршы метрге 1 сауыттан кем емес жабдықталған сауыттарды орнату жасыл желектер сызығынан 3-5 метр және судан 10 метр қашықтықта орналасуы қажет.
147. Жағажайлар аймақтарында дәретханалар 75 келушiлерге 1 орын есебiмен, 50 метрден кем емес және шомылу орындарынан 200 метрден артық емес орнатылады.
148. Жағажай, демалыс аймақ аумақтарын тазалау топырақтың жоғарғы бетiн апта сайын қопсытумен, оның жыл сайын қайта себумен жүргiзiледi.
149. Шомылуға арналған жерлерде машиналарды, көйлек-көншектердi, жуу, жануарларды, иттер мен мысықтарды серуендетуге болмайды.
20. Осы Қағиданы бұзу жауапкершiлiгi
150. Осы Қағида талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Павлодар қалалық мәслихатының
2006 жылғы 6 наурыздағы
"Павлодар қаласы аумағының
құрылысын салу, көрiктендiру
және инженерлiк қамтамасыз ету
қағидасын" бекiту туралы"
N 15/22 шешiмiне
1 қосымша
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2007.03.28 N 27/31; 4 тармақ алынып тасталды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.03.05 N 99/4; өзгерту енгізілді 2009.07.29 N 94/16 шешімдерімен.
Павлодар қаласы аумағында жалпы пайдаланатын
жер құрамынан жер телiмдерiнiң тiзбесi
р/с N |
Орналасқан жері |
Жалпы көлемі, га |
1 |
2 |
3 |
|
Саябақтар |
|
1 |
Академик Сәтбаев-Кривенко-академик Бектұров-Қайырбаев көшелері |
5,6 |
2 |
Ленин-Толстой-Луначарский-К.Маркс көшелері |
1,5 |
3 |
Қамзин-Ворушин-Ломов-Циолковский көшелері |
5,0 |
4 |
Прибрежная-Айманов көшелері |
5,1 |
5 |
Кутузов-Лермонтов-Дерибас көшелері |
1,7 |
6 |
Торайғыров-Айманов-Ленин-Конституция алаңы көшелері |
8,7 |
7 |
Ленин-Крупская-Урицкий көшелері |
1,8 |
8 |
Академик Сәтбаев-Ленин-Қайырбаев-Лермонтов көшелері |
1,5 |
9 |
Қайырбаев-Ленин-Лермонтов көшелері |
3,6 |
10 |
Кутузов-Кривенко-Қайырбаев-Иса Байзақов көшелері |
4,3 |
11 |
Академик Сәтбаев-Ленин-Кривенко-Қайырбаев көшелері |
6,5 |
12 |
Ленин-Қайырбаев-Кривенко-Қайырбаев көшелері |
1,9 |
13 |
К.Маркс-академик Шөкин-Ертіс өзенінің жағалауы (өзен вокзалы) көшелері |
1,5 |
14 |
Ленин-Кривенко-К.Маркс-Киров көшелері |
2,4 |
15 |
1 Май-Лермонтов-Қайырбаев көшелері |
2,8 |
16 |
Кутузов-академик Шөкин-Ломов-Катаев көшелері |
5,7 |
17 |
Торайғыров-Айманов-Ленин-Контитуция алаңы көшелері |
11,5 |
18 |
Генерал Дүйсенов-Торайғыров-Мир көшелері |
4,4 |
19 |
Қайырбаев-1 Май-Кривенко көшелері |
2,5 |
20 |
Чкалов-Дерибас (Вокзал жанындағы алаңы) көшелері |
0,53 |
21 |
Кутузов-Торайғыров-Дерибас көшелері |
3,0 |
22 |
Қамзин-Толстой-Циолковский көшелері |
2,2 |
23 |
Торайғыров-Айманов-Конституция алаңы көшелері |
9,0 |
24 |
Кутузов-Катаев-Краснодонский көшелері |
1,0 |
25 |
Мир-Сормов-Путейский-академик Бектұров көшелері |
4,0 |
26 |
Академик Бектұров-Торайғыров-Крупская-генерал Дүйсенов көшелері |
0,5 |
27 |
Кутузов-Ладожский-Волочаевский көшелері |
4,5 |
28 |
1 Май-Гагарин-Ломов көшелері |
1,5 |
29 |
Алынып тасталған - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.03.05 N 99/4 шешімімен. |
5,0 |
30 |
Ленин-Лермонтов-Ертіс өзенінің жағалауы-өзен вокзалы көшелері |
10,9 |
31 |
Кутузов-академик Шөкин-М.Горький-Р. Люксембург көшелері |
0,4 |
32 |
Академик Сәтбаев-академик Марғұлан-Киров-Естай көшелері |
0,5 |
33 |
Естай-генерал Дүйсенов-Володарский-Луначарский көшелері |
7,07 |
|
Саяжолдар |
|
34 |
Дачный шағынауданы |
6,0 |
|
Бульварлар |
|
35 |
Володарский (Естай-Лермонтов) көшесі |
3,3 |
36 |
Луначарский (академик Сәтбаев-генерал Дүйсенов) көшесі |
0,2 |
37 |
Ленин-Сәтбаев, академик Марғұлан-академик Бектұров, Қамзин көшелері-малая объездная жолы |
0,18 |
38 |
Маяковский (К. Маркс-академик Сәтбаев) көшесі |
0,4 |
39 |
Торайғыров (Кутузов-Короленко) көшесі |
2,6 |
|
Жасыл аймақтар |
|
40 |
Академик Шөкин (Павлодар мемлекеттік университетінің машинақұрылыс факультеті ауданы) көшесі |
0,2 |
41 |
Академик Сәтбаев (Қайырбаев-Торайғыров) көшесі |
2,0 |
42 |
Целинный-Крайный көшелері |
0,5 |
43 |
Кутузов-Ж.Мұса көшелері |
3,6 |
44 |
Кутузов (Торайғыров-Ж.Мұса) көшесі |
10,0 |
45 |
Кутузов (Естай-Суворов) көшесі |
1,2 |
46 |
Прибрежный-Песочный-Айманов-Ертіс өзені көшелері |
3,8 |
47 |
№ 19 автожол |
5,1 |
48 |
Малая объездная жолы |
5,8 |
49 |
29 Ноябрь-М.Исінәлиев көшелері |
0,23 |
|
Балалар спорт алаңдары |
|
50 |
Айманов көшесі, 31 |
0,0340 |
51 |
Айманов көшесі, 36 |
0,0700 |
52 |
Мир көшесі, 13 |
0,0180 |
53 |
Мир көшесі, 21 |
0,0196 |
54 |
Мир көшесі, 5/1 |
0,1140 |
55 |
Торайғыров көшесі, 14 |
0,0396 |
56 |
Набережный көшесі, 9 |
0,0190 |
57 |
Лермонтов көшесі, 4 |
0,0196 |
58 |
Генерал Дүйсенов көшесі, 18/3 |
0,0185 |
59 |
1 Май көшесі, 20/2 |
0,0190 |
60 |
1 Май көшесі, 24 |
0,0180 |
61 |
1 Май көшесі, 22 |
0,0180 |
62 |
Академик Бектұров көшесі, 52/1 |
0,0200 |
63 |
Академик Бектұров көшесі, 75 |
0,0196 |
64 |
Естай көшесі, 95 |
0,0196 |
65 |
Павлов көшесі, 24/1 |
0,0196 |
66 |
Қамзин көшесі, 20 |
0,1060 |
67 |
Комсомольский көшесі, 1/1 |
0,0196 |
68 |
Мүткенов көшесі, 56 |
0,0700 |
69 |
Сибирский көшесі, 89 |
0,0880 |
70 |
Чкалов көшесі, 130 |
0,0800 |
71 |
Украинский көшесі, 97 |
0,0196 |
72 |
Целинный көшесі, 91 |
0,0180 |
73 |
Суворов көшесі, 35 |
0,0190 |
74 |
Суворов көшесі, 37 |
0,0800 |
75 |
Суворов көшесі, 21 |
0,0200 |
76 |
Чкалов көшесі, 18 |
0,0180 |
77 |
Чкалов көшесі, 20 |
0,0870 |
78 |
Кривенко көшесі, 81 |
0,0180 |
79 |
Академик Шөкин, 31 |
0,0896 |
80 |
Академик Шөкин, 38 |
0,0970 |
81 |
1 Май көшесі, 286 |
0,0896 |
82 |
1 Май көшесі, 288 |
0,1096 |
83 |
Горький көшесі, 35 |
0,1096 |
84 |
Академик Сәтбаев көшесі, 253 |
0,1076 |
85 |
Ломов көшесі, 58/1 |
0,0896 |
86 |
Короленко көшесі, 355 |
0,0396 |
87 |
Кутузов көшесі, 89 |
0,0196 |
88 |
1 Май көшесі, 383/1 |
0,0176 |
89 |
Кутузов көшесі, 172 |
0,0180 |
90 |
Ворушин көшесі, 14 |
0,1000 |
91 |
Ворушин көшесі, 12 |
0,0700 |
92 |
Ломов көшесі, 181/4 |
0,0196 |
93 |
Ломов көшесі, 181/7 |
0,0180 |
94 |
Чайковский көшесі, 7 |
0,0190 |
95 |
Рылеев көшесі, 21 |
0,0196 |
96 |
Бестужев көшесі, 14 |
0,0396 |
97 |
Бестужев көшесі, 6 |
0,0180 |
98 |
Баймолда көшесі, 9 |
0,01060 |
99 |
Улица Донецкий, 4 |
0,0196 |
100 |
Жаяу Мұса көшесі, 1 |
0,1096 |
101 |
Майра көшесі, 31 |
0,0180 |
102 |
Майра көшесі, 43 |
0,0900 |
103 |
Майра көшесі, 23 |
0,0396 |
104 |
Майра көшесі, 49 |
0,0196 |
105 |
Ткачев көшесі, 17 |
0,0200 |
106 |
Ткачев көшесі, 9 |
0,0700 |
107 |
Қамзин көшесі, 364 |
0,0396 |
108 |
Кутузов көшесі, 285 |
0,0380 |
109 |
Кутузов көшесі, 287 |
0,0196 |
110 |
Кутузов көшесі, 291 |
0,0900 |
111 |
Қамзин көшесі, 350 |
0,1000 |
112 |
Қамзин көшесі, 358 |
0,1896 |
113 |
Суворов көшесі, 39 |
0,0800 |
114 |
Ломов көшесі, 46-50 |
0,0696 |
115 |
1 Мамыр көшесі, 40 |
0,0970 |
116 |
Айманов көшесі , 42 |
0,0680 |
117 |
Айманов көшесі, 28 |
0,0900 |
118 |
Кутузов көшесі, 42 |
0,1270 |
119 |
Торайғыров көшесі, 44/1 |
0,0976 |
120 |
Ленин көшесі, 10 |
0,1900 |
121 |
Академик Бектұров, 15 |
0,1900 |
122 |
Кутузов көшесі, 6/3 |
0,1900 |
123 |
Суворов көшесі, 17 |
0,0500 |
124 |
Айманов көшесі, 20 |
0,0375 |
125 |
Айманов көшесі, 5 |
0,0170 |
126 |
Торайғыров көшесі, 65 |
0,0196 |
127 |
Естай көшесі, 56/1 |
0,0196 |
128 |
Короленко көшесі, 8 |
0,0180 |
129 |
Кутузов көшесі, 20 |
0,0380 |
130 |
Суворов көшесі, 12 |
0,0170 |
131 |
Суворов көшесі, 7/1 |
0,0190 |
132 |
Қамзин көшесі, 58/1 |
0,0190 |
133 |
Кутузов көшесі, 35 |
0,1050 |
134 |
Минин көшесі, 38/2 |
0,0380 |
135 |
Қайырбаев көшесі, 32 |
0,0800 |
136 |
1 Май көшесі, 280 |
0,0896 |
137 |
Ломов көшесі, 32 |
0,1076 |
138 |
Ломов көшесі, 34 |
0,0380 |
139 |
Ломов көшесі, 36 |
0,0800 |
140 |
Гагарин көшесі, 68 |
0,0196 |
141 |
Ломов көшесі, 149 |
0,0880 |
142 |
Ломов көшесі, 167 |
0,0190 |
143 |
Ломов көшесі, 169 |
0,0396 |
144 |
Қамзин көшесі, 166 |
0,0190 |
145 |
Катаев көшесі, 101 |
0,0180 |
146 |
Академик Шөкин көшесі, 164/1 |
0,0196 |
147 |
Академик Сәтбаев көшесі, 143 |
0,2296 |
148 |
Катаев көшесі, 67 |
0,0620 |
149 |
Ленин көшесі, 7/1 |
0,0780 |
150 |
Ломов көшесі, 155 |
0,0680 |
151 |
Павлов көшесі, 73 |
0,0500 |
152 |
Павлов көшесі, 44 |
0,1900 |
153 |
Усолка шағынауданы (N 42 мектеп) |
0,1900 |
154 |
Академик Шөкин, 27 (N 22 мектеп) |
0,0800 |
155 |
29 Ноябрь көшесі |
0,1500 |