Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 25/23 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, 27-бабы 1-тармағының 22-7) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 11-бабы негізінде, балалар бақшасының, коммуналдық жалға беру тұрғын үйінің және әлеуметтік саланың басқа объектілерінің құрылысын салу қажеттілігіне байланысты қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын" бекіту туралы" N 15/22 шешіміне (3 сайланған 22 кезекті сессия), (2006 жылғы 11 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-64 болып тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 43, 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 46 "Сарыарқа самалы", 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 15, 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 16, 2006 жылғы 1 мамырдағы N 17, 2006 жылғы 8 мамырдағы N 18 "Версия" газеттерінде жарияланған, Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 27/31 шешімімен енгізілген өзгерістермен) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
"4 "Сыртқы (визуалды) жарнаманы орнату" тарауы;
29 тармақтың N 1 қосымшасы жойылсын".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Бахралинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь