Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 1/138 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 1 наурызда N 697 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы N 1/102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 12.02.2014 № 1/102 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Халықты жұмыспен қамту туралы""Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа алып, мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімінің 2012.05.17 № 2/437 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен. 
      1. Жұмыскерлер саны 33 адамнан асатын Алматы қаласындағы жұмыс берушілерге, жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі          И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы                 К.Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады