Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007.02.22 N 227 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" N 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару туралы" N 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының "2006 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы кезектi 22 сессиясының N 2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 сәуiрдегi кезектен тыс 25 сессиясының 1 шешiмi негiзiнде, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлген Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесi бекiтiлсiн.
2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"»мемлекеттiк мекемесi (В.И. Мишнев) әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
3. "Петропавл қаласының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Г.И. Дорофеева) қала бюджетiмен бекiтiлiп бөлiнген қаражат шегiнде әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек 2006 жылғы 1 мамырдан 31 мамыр аралығында төленедi деп белгiленсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi
Қала әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 25 сәуірдегі
N 647 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (әрi қарай - уәкiлеттi орган) - «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;
2) өтiнiш берушi - Ұлы Отан соғысына қатысушысының, мүгедегiнiң статусы бар азаматтар және оларға теңестiрiлген адамдар;
3) бiржолғы әлеуметтiк көмек - Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шараларға бағытталған ақшалай төлемдердiң бiр түрi.
2. Өтiнiш жасау тәртiбi
2. Өтiнiш иесi тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырады:
1) қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) осы санатқа жататынындығын растайтын құжат (түпнұсқасы және көшiрмесi).
3. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу тәртiбi
3. Бiржолғы әлеуметтiк көмек Петропавл қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушысының, мүгедегiнiң статусы бар азаматтарға және оларға теңестiрiлген адамдарға, уәкiлеттi органға берген өтiнiшi бойынша тағайындалады және төленедi.
4. Әлеуметтiк көмек бiржолға, көмектiң басқа да түрлерiне байланыссыз тағайындалады.
5. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi материалдық қолдау көрсету бойынша қосымша шара ретiнде 24 мың теңге сомасында белгiленедi.
6. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi төлеу уәкiлеттi органның ұсынған ведомостерi негiзiнде, алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, заңнамамен белгiленген тәртiппен келiсiм шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүргiзiледi.
Азаматтардың жекелеген
санаттарына бiржолғы әлеуметтiк
көмек көрсету Ережесiне қосымша
"Петропавл қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi" ММ бастығы В.И. Мишневке
Бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау туралы
өтiнiш
ТЕГІ____________________________________________
АТЫ ____________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ____________________________________
МЕКЕН-ЖАЙЫ _____________________________________
ТЕЛЕФОН НӨМІРІ__________________________________
ТӨЛҚҰЖАТЫНЫҢ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІНІҢ НӨМІРІ _____
________________________________________________
БЕРІЛГЕН КҮНІ_____________КІМ БЕРГЕН____________
________________________________________БАНКІНІҢ
____________________________________ФИЛИАЛЫНДАҒЫ
ЖЕКЕ ШОТЫНЫҢ НӨМІРІ ____________________________
Маған ________(________________) теңге көлемiнде
бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды сұраймын.
ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮН ӨТІНІШ ИЕСІНІҢ ҚОЛЫ
_________________ ___________________
Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың шүбәмiздiгiн растаймын.
_________________________________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)