Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 03.04.2013 N 595 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"»N 148-II Заңының 31 бабының 1-шi тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы"»N 39-ІІІ Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасы, 16 бабының, 29 бабының 6, 7 тармақтары, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" N 389 Заңының 4 бабының 5 тармағы негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек көрсету ережесi бекiтiлсiн.
2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"»ММ (В.И. Мишнев) қаражатты алушылардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
3. "Петропавл қаласының қаржы бөлiмi"»ММ (Г.И. Дорофеева) қала бюджетiмен сәйкес жылға бекiтiлген қаржы шегiнде әлеуметтiк көмектi қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
4. Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек 2006 жылы 1 қаңтардан бастап қалалық бюджет қаражатынан төленедi деп белгiленсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 10 сәуірдегі
N»503 қаулысымен бекiтiлген
Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек
балаларға әлеуметтiк көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ I. Жалпы ережелер
1. Осы үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi(әрi қарай - Ереже) үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (әрi қарай - уәкiлеттi орган) - «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;
мүгедек бала - сырқаттардан, жарақаттардан, олардың зардаптарынан пайда болған ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығында ауытқушылық бар, тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiне әкеп соғатын кемшiлiгi бар және оны әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн он сегiз жасқа дейiнгi тұлға;
өтiнiш берушi - мүгедек баланың атынан әлеуметтiк көмек тағайындауға өтiнiш жасаушы тұлға.
3. Мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту оның ата-анасының немесе оның заңды өкiлдерiнiң тiлегiн есепке ала отырып, оны жалпы немесе арнайы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа да оқу орындарында оқытуға мүмкiндiк болмаған жағдайда Ведомствоаралық психологтық-медиктiк-педагогикалық консультациялық комиссия қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
4. Әлеуметтiк көмектi алуға үйде тәрбиеленiп, оқытылатын мүгедек баланың әке-шешесiнiң бiреуi, немесе оның заңды өкiлi құқылы.
5. Әлеуметтiк көмек белгiленедi және төленедi - туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балаларға.
6. Әлеуметтiк көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерi көрсетiлетiндiгiне немесе алимент алатындығына қарамастан және отбасының табысына қарамастан белгiленедi.
2. Әлеуметтiк көмек алу үшiн жүгiну
7. Ереженiң 4-iншi бабында көрсетiлген тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкiлеттi органға келесi құжаттарды көрсетуi керек:
1) Қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) Өтiнiш иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшiрмесi);
3) Отбасы құрамын және мекенжайын растайтын құжат;
4) Дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы және көшiрмесi);
5) Бiлiм берудiң уәкiлеттi органы жанындағы Ведомствоаралық психологтық-медиктiк-педагогикалық консультациялық комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiгi туралы қорытындысы (түпнұсқасы);
6) Баланың тууы туралы куәлiгi (түпнұсқасы және көшiрмесi);
Қамқоршының (қорғаншының) әлеуметтiк көмек белгiлеу жөнiндегi өтiнiшiне қоса қамқоршының куәлiгi немесе қамқорлық пен қорғаншылықты белгiлеу органдарының қамқорлық (қорғаншылық) белгiлеу туралы шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркеледi.
8. Әлеуметтiк көмектi тағайындайтын және төлейтiн уәкiлеттi орган қабылданған құжаттардың дұрыстығына және құжаттардың түпнұсқасымен салыстыра анықталған көшiрмелерiнiң нақтылығын тексерiп, өтiнiш иесiне құжаттардың түпнұсқасы қайтарылып берiледi.
9. Әлеуметтiк көмектi тағайындайтын және төлейтiн уәкiлеттi органның қызметкерлерi құжаттардың көшiрмесiн куәландырады, тiркеу журналына ұсынылған құжаттарын қоса өтiнiштерiн тiркейдi және өтiнiш иесiне қабылдау туралы белгiсi бар жыртылып алынған талон бередi.
3. Әлеуметтiк көмек тағайындау тәртiбi
10. Әлеуметтiк көмек, көмек алуға құқық пайда болғаннан кейiн, әлеуметтiк көмектi тағайындауға жүгiнген айдан бастап тағайындалады.
Барлық құжаттармен қоса өтiнiш берген күн жүгiну күнi болып саналады.
11. Мүгедек баланың ата-анасының бiреуiнiң немесе оларды ауыстырушы тұлғаның өтiнiшi бойынша оның тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмектi тағайындайды.
12. Петропавл қаласының өкiлеттi бiлiм органындағы ведомствоаралық психологтық-дәрiгерлiк-педогогтық консультативтiк комиссияның берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiгi жөнiндегi қорытындысында көрсетiлген мерзiмге әлеуметтiк көмек тағайындалады.
13. Уәкiлеттi орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн iшiнде жергiлiктi бюджет қорынан әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм шығарады.
14. Жағдайларға байланысты туындайтын әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеудi жалғастыру немесе тоқтату (баланы асырап алу, оның өлiмi және т.б.), тиiстi жағдайға байланысты әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу сол айдан кейiнгi келесi айдан бастап тоқтатылады немесе қайтадан жалғастырылады.
15 Әлеуметтiк көмек сәйкес қаржылық жылға «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 6,5 мөлшерiнде бiр тоқсанға тағайындалады.
16. Тоқсан iшiнде өзгерiстер болған жағдайда әлеуметтiк көмек алу құқығы келесi тоқсанда қайта қаралады.
4. Жәрдемақыны төлеу
17. Әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар тұлғалардың жеке есеп шоттарына қаражатты аудару Ұлттық банктiң лицензиясы бар екiншi деңгейлi банк филиалдары арқылы орындалады.
18. Әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тоқсан сайын көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн құрып, банк филиалдарына жiбередi.
19. Әлеуметтiк көмектi қабылдау өткен тоқсанға жасалады.
20. Әлеуметтiк көмектi тағайындайтын немесе төлейтiн уәкiлеттi органның кiнәсы бойынша аударылмаған әлеуметтiк көмектiң сомасы өткен уақыт үшiн ешқандай мерзiммен шектеусiз бiрден аударылады.
21. Әлеуметтiк көмектi төлеу бойынша есеп жүргiзу және есеп беру тәртiбi қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.
Үйде тәрбиеленетiн және
оқытылатын мүгедек балаларға
әлеуметтiк көмек көрсету
Ережелерiне Қосымша
Петропавл қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi»ММ-нiң бастығына
_________________________
_________________________
(мекен-жайында тұратын)
_________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
_________________________
_________________________
Тел. ____________________
Төлқұжаты(куәлiгi) N_____
_________________________
___________________берген
(кiм бердi?)
_________________________
(қашан бердi?)
СТН(РНН)_________________
ЖӘК(СИК)_________________
Өтiнiш
Маған _______________________________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)
мүгедек балаға әлеуметтiк көмектi тағайындап, төлеуiңiздi және _____ банк филиалында ашылған №N ___________ жеке есеп-шотқа аударуыңызды сұраймын.
Өзгерiстер туған жағдайда 10 күн iшiнде ол туралы хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат пен дәйексiз құжаттар көрсеткенiм үшiн жауапты екендiгiм ескертiлдi.
200_ жыл "__"»_________ __________________
(Өтiнiш иесiнiң қолы)
Өтiнiш қабылданды:
200_ жылы "__"»________ __________________
(Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөнi, қолы)
-------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат_________________________өтiнiшi ______ дана құжаттарымен қоса 200 __ жылы «___» ________қабылданды.
___________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөнi, лауазымы және қолы)