Петропавл қаласы әкімдігінің "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 287 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 583 тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әділет басқармасыныныңи 2006 жылғы 16 мамырда N 13-1-41 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 432 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II  Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, кедейлiктi жеңу және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қолдау көрсету мақсатында, қала әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 11 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтiк көмек беру Ережелерiн бекiту туралы" N 287  қаулысына (2005 ж. 10.05. мемлекеттiк тiркелу N 13-1-6), мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

      Ереженiң 3 тармағындағы "ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiнен" сөздерi "ағымдағы жылға бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң он еселiгiнен" сөздерiмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады