"Петропавл қалалық мәслихатының "Петропавл қаласы бойынша төлемдердің жекелеген түрлеріне ставкаларды белгілеу туралы" 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс 7 сессиясының N 9 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 8 тамызда N 13-1-48 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтарда N 2 Шешімімен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2010.01.29 N 2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Кодексiнiң "Салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдер туралы" 258-бабының 4-тармағына және 394-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының "Петропавл қаласы бойынша төлемдердiң жекелеген түрлерiне ставкаларды белгiлеу туралы"( 2004 жылғы 18 тамыздағы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1331, 2004 жылғы 27 тамыздағы N 35 "Добрый вечер") 2004 жылғы 14 шiлдедегi кезектен тыс 7 сессиясының N 9 шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2. Көрсетiлген шешiмнiң 3, 5-қосымшалары осы шешiмнiң 3, 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында тiркелгеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында бiрiншi рет ресми жария етiлгеннен 10 күнтiзбелiк күн өткеннен соң өз күшiне енедi.

      Қалалық мәслихат                           Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы

"Петропавл каласы бойынша төлемдердің жекелеген
түрлеріне ставкаларды белгілеу туралы"  
Петропавл қалалық мәслихатының     
2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс 7  
сессиясының N 9 шешіміне қосымша мен  
өзгерістер енгізу туралы"       
Петропавл қалалық мәслихатының     
2006 жылғы 7 шілдегі кезектен 26 cессиясының
N 7 шешіміне N 3-қосымша        

Петропавл қаласы бойынша қызметтiң жекелеген түрлерiне тiркелген жиынтық салық ставкалары

N т/т

Салық салу объектiсi

Тiркелген жиынтық салық ставкалары айлық есептiк көрсеткiш (АЕК)1 айдағы

1

Ойын мекемесi өз өкiлдерi арқылы тарап ретiнде қатысатын, құмар ойындарды өткiзу үшiн арналған ойын үстелi

76,2 АЕК

2

Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы

5,9 АЕК

3

Тотализатор кассасы


4

Букмекерлiк кеңсе кассасы

7,4 АЕК

5

Ұтыс ақшасыз ойын автоматы

2,2 АЕК

6

Боулинг (кегельбан) - ойын  жолы

32,7 АЕК

7

Карт

2,44 АЕК

8

Бильярд үстелі

9,5 АЕК

9

Лото ұйымдастырушы

100,0 АЕК

"Петропавл қаласы бойынша төлемдердің жекелеген
түрлеріне ставкаларды белгілеу туралы"   
Петропавл қалалық мәслихатының       
2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс 7    
сессиясының N 9 шешіміне қосымша мен     
өзгерістер енгізу туралы"          
Петропавл қалалық мәслихатының        
2006 жылғы 7 шілдегі кезектен 26 сессиясының
N 7 шешіміне N 5-қосымша          

Петропавл қаласы бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүргiзетiн салық төлеушiлер үшiн акциздiң бiрыңғай ставкалары

N т/т

Салық салу объектiсi

Акциздердiң бiр жылғы ставкалары айлық есептiк көрсеткiште (АЕК)

1

Ойын үстелi

1200 АЕК

2

Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы

50 АЕК

3

Букмекерлiк кеңсе кассасы

200 АЕК

4

Тотализатор кассасы

200 АЕК

5

Лотореяны ұйымдастыру және өткiзу

Жүлде қорына акциз сомасын қоспай жатқызылатын сомаларды алып тастағандағы көрсетiлген түсiмнен 10 %

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады