Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қарашадағы N 1701 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 13-1-57 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтарда N 56 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007.01.15 N 56 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы N 149-ІІ Заңының 7-бабының 5-тармағына, 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік  қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы" N 41 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы" N 38 қаулысына (әділет басқармасындағы 2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тіркелу N 398, "Северный Казахстан" газетінің 2001 жылғы 7 тамыздағы  саны) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.
      2. Қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (В.И. Мишнев) бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. "Петропавл қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Г. И. Дорофеева) қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Қосымшаға сәйкес Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ.Кәрібаевқа жүктелсін.
      6. Осы  қаулы әділет органдарында тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

     Қала әкімі

                                   Петропавл қаласы әкімдігінің
                                     2006 жылғы 16 қарашадағы
                                    N 1701 қаулысымен 1 қосымша

              Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі,
         қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша түрлері,
             көлемдері және еңбекақы мөлшерлері

Кәсіпорындардың атауы

Ай сайын беріле-
тін жұмыс орындар

Қоғамдық жұмыстардың  түрлері

Раз-
ряд-
тар

Коэффи-циент-
тер

1. "Коммунхоз" еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

180 адам

Қала аумақтарын тазарту;
аумақтарды көгалдандыру және көркейту;
мұз қалашықтарын салу барысында қосалқы жұмыстарды орындау;
жолдарды ағымдағы жөндеу (шұңқырлар мен ойықтарды жабу, кюветтер қазу, ағынды су канализациясын қоқыстардан тазарту және т.с.с.)

ІІ

ІІІ

ІІІ

  ІІІ

1,09

1,14

1,14

  1,14

2. СПИД-тің алдын алу және күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы

14 адам

Есірткі заттар тарату және пайдаланудың болжамалы жерлеріндегі, сенім пункттеріндегі жұмыс.

G-17

1,10

3. Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің Петропавл қаласы әділет басқармасы

20 адам

Халықты тұрғылықты жері бойынша құжаттандыруда және тіркеуде техникалық қызмет көрсету

G-17

1,10

4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитеті басқармасы

1 адам

Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырыстарды орындау

G-17

1,10

5. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

25 адам

Жұмыспен қамтуға және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсету. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға, статистикалық зерттеуге қатысу.

G-17

1,10

6. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

30 адам

Саяжай учаскелерін жазу және тізімдерін құру

G-17

1,10

7. "Петропавл қаласының қаржы бөлімі" ММ

5 адам

Иесіз жылжымайтын мүліктерді айқындауда көмек көрсету

ІІІ

1,14

8. "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты" ММ

2 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

G-17

1,10

9. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің облыстық наркологиялық орталығы" ММ

10 адам

Жастар, қаланың оқу орындарындағы инъекциялық есірткіні және алькогольді пайдаланушылар арасында нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу

G-17

1,10

Жиынты ғ ы

287




                                      Петропавл қаласы әкімдігінің
                                     2006 жылғы 16 қарашадағы
                                    N 1701 қаулысымен 2 қосымша

Петропавл қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 27 қаулысы (2003 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік тіркелу N 839; "Добрый вечер" газетінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 11 саны).
      2. Қала әкімдігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы N 27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 12 қаулысы (2004 жылғы 17 ақпандағы мемлекеттік тіркелу N 1156; "Добрый вечер" газетінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 11 саны).
      3. Қала әкімдігінің 2004 жылғы 19 мамырдағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы N 305 қаулысы (2004 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік тіркелу N 1295; "Добрый вечер" газетінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 37 саны).
      4. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы N 138 қаулысы (2006 жылғы 31 қаңтардағы  мемлекеттік тіркелу N 13-1-33; "Проспект СК"»газетінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 7 саны).
      5. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 7 маусымдағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы N 27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 883 қаулысы (2006 жылғы 21 маусымдағы мемлекеттік тіркелу N 13-1-43; "Проспект СК" газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 26 саны).
      6. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 29 маусымдағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы N 27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1036 қаулысы (2006 жылғы 3 маусымдағы мемлекеттік тіркелу N 13-1-44; "Проспект СК" газетінің 2006 жылғы 14 маусымдағы N 28 саны).
      7. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 12 қыркүйектегі "Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы N 1325 қаулысы (2006 жылғы 19 қазандағы мемлекеттік тіркелу N 13-1-54; "Проспект СК" газетінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 44 саны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады