Ескерту.Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 23.02.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына және 29 бабының 6 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі (әрі қарай - Ереже) бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек тағайындауды қамтамасыз етсін.
3. 2002 жылғы 30 сәуірдегі №107 аудан әкімдігі "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ.Пішенбаев |