Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 21 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 300-ІІІ бірлескен шешімі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 25 сәуірде № 2460 тіркелді

      Ескерту. Бірлескен актінің орыс тіліндегі мәтінінде 1 және 2-тармақтарындағы "аульный" деген сөз "сельский" деген сөзбен ауыстырылды - Атырау облысы әкімінің 09.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес және Қызылқоға аудандық мәслихаты мен Қызылқоға ауданы әкімінің 2006 жылғы 17 ақпандағы ХХІІ-І бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
      1. Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылдық округі құрылсын.
      2. Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 75711 га аумағы Тайсойған ауылдық округіне беріле отырып өзгертілсін.

      Облыстық мәслихаттың                    Облыс әкімі
      ХХ сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады